Дисграфия туралы ұғым. Дислексия. Дисграфия – жазу үрдісінің жартылай бұзылысы. Дисграфия қалыптағы жазу үрдісін іске асыратын жоғарғы психикалық қызметтердің толық жетілмеуімен шартталады. Жазу үрдісі көп деңгейлі құрылым, көптеген операциялардан тұрады. Дислексия - нейрологиялық шығу тегіне ие оқудың айрықша қабілетсіздігі. Ол нақты және жүрдек түрде сөздерді тану кезінде пайда болған қиындықтар мен жеткіліксіз оқу және жазу дағдыларымен сипатталады. Осы қиындықтар тілдің құрамдас бөліктердің фонологиялық толымсыздығымен байланысты. Олар басқа когнитивті қабілеттердің қалыпты деңгейіне және оқу жағдайлардың толыққандығына қарамастан пайда болады. Дислексияның қосымша салдары оқыған ақпаратты түсінбеумен байланысты мәселелерді қамтиды, ал олар өз ретінде сөздік қордың толық жетілуі мен жалпы білім алуына тосқауыл ретінде қарастырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |