Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет13/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Құдайберген:
Ыбыке, күліп кеттің бұл мінезге,
Жоқ па еді жұмбағыңыз бұдан өзге!
Моллалар шариғатқа қарап отыр,
Қалмасын бір шаласы соңыра бізге.
Сегіз жыл мектеп жүзін көріп едім,
Кітаптан көрініп тұр біздің көзге.
Қамыстан күркесі бар бір кемпір, шал,
Бір түнде жайнамазға жатып жылар.
Жылағанда мал бер деп, жылаған жоқ.
Құдайдан жалбарынып бала сұрар.
Алла емес, түсінбейтін айтқан сөзге,
Тілегін қабыл етті сол бір кезде.
Дейтұғын Зейнілғабиден бала туды,
Нәрсесі қармақ салған сол емес пе.
Дыбыста зират көпір дәл қасында,
Күмбезде Зейнілғабиден тұр емес пе [11,б. 145].
Әрі қарай Ыбырай үш торғай, көз көрмеген он алты дария туралы жұмбақтап, Құдайберген жаратылыс жұмбағы, дін қисыны жасырылған тапсырмаларға тереңнен тартып, уәжді жауап берген.
Он алты дария – аятпенен бекіткен он алты имам.
Дін білімінің үздігі Ұлбике ақын еді. Күдері қожамен айтысының даңқы алысқа кеткен. Сол заманның өзінде В.В.Радлов кітабына кірген үлкен айтыс мазмұнды, мәнді айтыс.
Күдері қожаның Ұлбикеге қойған сауалының астарында қыздың дін біліміне жүйрік болғандығы меңзеледі.
Күдері:
Қолыңда жайып тұрған кітабың жоқ
Оқымай қалай білдің шариғатты [11,б. 160].
Ұлбике Алланың ақ жолынан, Пайғамбар сүннетінен қиыстырып отырған.
Сабақ басын сұрасаң, пұл болады,
Жаман сөз жақсы адамға мін болады.
Пайғамбар ат сұрамақ сүндеті екен,
Әкеңнің атын сұраймын кім болады.
... Шайтан қашар бойыңнан «Алла десең»
Жәһәннәмға кетерсіз арам жесең.
...Келген екен Мекеден қыналы құс,
Ақын болсаң, байлауын шешермісің.
... Бір жылда «өтіп-уәжіп» неше келер
Ақыретке барғанда тақсыр қожам,
Жалғандағы ойын мен күлкі қалай[11,б. 160].
«Айқын қыз бен Жарылқасын қожа» айтысы да бастан-аяқ дін негіздерінен телінген. Рақым нұры, тәкаппарлық, есен-саулық білісу, ибалы мінез тілге тиек етіліп басталған айтыста Айқынның «Қожеке, өзің айтып білдірмей Қожаның кім біледі, қазақ, сартын?» деген қағытпасына жауап сөзінде Жарылқасын қазақ жеріне қожалардың орнығу миссиясынан танымдық деректер келтіріп сөйлеген. Қожалардың Күлтөбе деген жерде пірлік құрғандығы, сопылық туралы айтылады.
Айқын қыздың ата-тегін сұрап қоймағанында Жарылқасын айтқан жауапта қазақ өлкесіне исламның таралу тарихынан мағлұмат беретін нақты тарихи дерек болмаса да, аңыздық арқауда бірқатар жайлар қамтылады. Арғы тегінің тегін еместігін Айқын қыз көрсетіп, қарсыласының бетіне басады.
Қожекең нағыз әулие пір екенсіз,
Артықша сөйлер сөзге дұр екенсіз.
Ежелгі нағыз әулие пір де болсаң,
Жел сөзбен жеңіл тартып жүр екенсіз.
Қожаға өлең айту лайық емес,
Қоймасаң, ата жолын кірлетерсіз [11,б. 161].
«Өлең айту Қожаға лайық емес», - деп мінеген Айқын қызға Жарылқасын өлеңді насихат үшін айтатынын ескертеді.
Айқын да «қара тасты сөздің күші ерітер» деп қостайды. Менмендік туралы ескерту сөзді Жарылқасын қожа қозғайды. Айқын ғайбат, өсек туралы ой қоса қысастықты құп көрмейтінін білдіреді. Нахақтан жала жабудың дұрыс еместігін Жарылқасын сөзімен жалғайды. Айқын енді ислам тарихынан сұрақ қояды.
Неше жыл патша қазірет Ғұсман.
Ғали арыслан неше жыл патша болды [11,б. 165].
Сұрағына жауап алған Айқын қыз енді ислам тарихындағы ғибратты уақиғалар, тұлғалар туралы айтып өтеді.
Көп дейді бұл тарихта нәзік жерлер,
Тамамдап ұстар оны қандай ерлер.
Пасықпен өле-өлгенше дос болмаған,
Ол Сыдық, Ғұмар, Ғұсман, Ғали ерлер.
Жауап бер сөзіме ақылың кәміл
Пиғылы бір жаманның неге меңзер? [11,б. 165].
Бұл айтыста Хақ әмірін надан кісінің біле алмайтыны, Алланың бұйрығы екі болмайтыны, кек сақтаудың тәкәпарлық екендігі тұрғысында да арнайы сөз болып отырған.
Оқиғалы, көлемді, көп жайды қамтыған «Кеншімбай мен Ақсұлу» айтысында өтірік, ақшаға дін сату, біреудің ақ некесін айыру зауалы туралы да ой өрбіген.
Айтыс өлеңнің қай-қайсысында да «Әсет пен Ырысжан» айтысындағыдай дін жұмбағын, дүние сырларын дін уағызымен астастырған дәстүрлі желілер мазмұн түзген. Қай ақын болса да кісіліктің, әділдіктің сөзін айту туралығымен қарсыласынан басым түсіп, тыңдаушы халық көкейкесті имандылық өрісінде жан қажетін, рухани қанағатын тауып отырды.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің зор, поэтикалық құнарлы саласының бірі – сол уақыттың тарихи жағдайларынан туған тарихи өлең, тарихи жырлар. ХІХ ғасырда қазақ жерінде әбден тамырланып орныққан, өркен жайған мұсылманшылықтың негізгі ұстанымдары бұл ел батырлары Кенесары, Махамбет, Жанқожа туралы жырлардың да тұғырлы негіздері болды.
«Абайдың тұсында және сәл алдында қазақ халқының мәдени-рухани дүниесінде ауызша да, жазбаша да түрде тараған әр алуан әдебиет саласы барлық жағынан екі ұдай топқа бөлінеді. Тақырып жағынан азаматтық және діни әдебиет, жанр жағынан: көркем әдебиет және өзге жанрларға жататын үлгілер, тегі жағынан: төл және аударма әдебиет тілдік негізі жағынан: қазақтың халықтық сөйлеу тіліне сүйенген және ескі түркі жазба дәстүріне иек артқан әдебиет үлгілері»,- деп жазды Рәбиға Сыздық ХІХ ғасырдағы әдеби дамудың сипаттарын салыстыра саралап [14].
Шығармашылық үдерістегі дін негіздері туралы ұдайы сөз қозғалып келе жатқанымен, кешенді, тарихи, көркемдік ерекшелік тұтас дін мазмұнымен сабақтастырылып жүргізілген зерттеулер жасалды дей алмаймыз.
Қалнияз ақынның «Қармыс батыр» жырының XIX ғасырдағы тарихи жырдың жанрлық ерекшелігі аясындағы көркемдік тұғыры өз уақытының уақиғасына құрылуымен бағаланады. Жауынгерлік эпос, жаугершілік замандар дәстүрін жалғаған бұл жырда XIX ғасырдың нақтылы бір кезеңдегі, ел тұрмысының, ел күйінің, ел болмысының ақиқаты түзілген. Замана жауынгерлері Бір Құдай деп ғұмыр кешетіні жыр мазмұнында ақиқат жайлар аясында көрініс ашады.
Нұрым Шыршығұлұлының «Байбоз-Жанбоз» атты жырында ел өмірінде болған бір уақиға баяндалады. Түрікпен-қазақ шапқыншылықтарының кезі екен. Жеңісті бір тұста жиын атқарып, жар салынады. Түрікпеннің көп қалтаманын жеңіп, жесір айырған қырық жігітке лайықтап сөз шығарған ақынға арғымақ ат, ала тон береміз деп жар салынады. Сонда Нұрым ақын осы жырды айтып, арғымақ ат, ала тон алған екен.
Бұрынғы өткен шайқының
Адаса көрме ізінен,
Қорқамын заман түріңнен
Жасаған Ие пірімнен [9,б. 145].
Әңгіме Әбілді Қабылдың өлтіргенінен бері қарай тарқатылады. Жырда қазақ поэзиясының ағысты бір арнасы – жоқтау өлең желі тартқан. Ақын Өлім концепті туралы ой толғайды.Тоқтам айтады.
«Қазақ мемлекеттілігінің тарихындағы Хандық билік жүйесі, оның мейлінше бұқарашыл «қарасы қасқайып мін айтса» құлақ түріп санасқан хандары мен билері әдеби мұрада көркем образ, бұқарашыл тұлға тілінде сақталып отырды» [4,б. 307].
Елге басшылық жасау, басшыны құрметтеу ұстанымдары ұдайы адамзат баласының өмір ортасында жасап келе жатқан құбылыстармен өзектес болып келетін. Әділ басшы туралы әлімсақтан бері айтылған. Құранда, шариғатта елмен санаспағанның тосқауылы, зауалы дәлелімен, дәйегімен, дерегімен мазмұндалып отырған.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет