Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет19/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

«65. Ғадалат рафғат» [76,б. 98] деп әділетті жоғары деңгейде биік ұстауды айтамыз. Иман құр нанумен, сенумен келмейді, ғадалат рафғатпен ғана келеді. Сондықтан да тәнмен қылған құлшылықтың ешқайсысы да ғадаләттің, мархаматтың орнын баса алмайды. Ғадалат – барша ізгіліктің анасы [76,б. 93].
«57. Мұлахаза, мұхафаза» [76,б. 84] (13 қара сөзді айтқан –Э.С.) сөздері «... білім-ғылымды көбейтуге адамның ішінде екі қару бар: бірі – мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу... Бұлар зораймай ғылым зораймайды» деген жолдары кездеседі.
а) Мұлахаза қылу сөзі - ойлану, пікір айту, ой жүгіртіп талдау арқылы ой түю деген ұғымды білдіреді.
ә) Мұхафаза қылу деп біліп, таныған нәрсеміз есімізден шайылып, жоғалып кетпеуі үшін, оны ойша қайталап, бекітіп есте сақтауды айтады ...» [76,б. 90].
Бұл сөздік жинақтың ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр бағытында өзіндік мәні бар. Абай қара сөздеріндегі діни лексиканы қарапайым оқушы түсіне беруі қиын. Кәсіби мамандардың интерпретациясы қажет. Осы бағытта ХІХ ғасыр поэзиясындағы өнімді діни лексиканы ұғыну жолдарын да оңтайландыру дағдысын қалыптастыру қажеттілігі бар.
Шығыстанушы ғалымдар, тіл білетін мамандар тарабынан бұл міндетті, маңызды, ғылыми қажетті мәселенің кейінгі кезеңде арнайы зерттеу нысаны болып отырғаны – ортақ олжа.
«Бұған қоса, ақын шығармаларындағы діни астары бар араб сөздері мен сөз тіркестері негізгі басылымдарда тек тілдік мағынада ғана түсіндіріліп, түпкі діни терминдік мағынасы толыққанды жан-жақты ашылмай, күні бүгінге дейінгі кемшін түсіп келеді. Түйіндеп айтқанда, араб-парсы кірме сөздерінің басым көпшілігі кешегі тәуелсіздікке дейінгі таным аясында қалып қойды. Бұл мәселе ғылыми салада сұрыпталып, зерттелмегендіктен, Абай шығармаларының тәуелсіздіктен кейінгі басылымдарында бейтаныс араб-парсы сөздеріне қажетінше түсініктеме берілмей, көп жағдайда бұрынғы нұсқалары айтарлықтай өзгертілмей қайта басылу үстінде. Бұл жай Абай шығармаларын түсіну мен түсіндіру жайын қиындатыр отырғаны шындық» [32,б. 5].
Ы.Палтөре аталған еңбегінде әдеби мұраны игеруде кенже қалып жүрген исламият тақырыбы бойынша қадау-қадау өзекті мәліметтерді нақтылы негізде күн тәртібіне қойып, мәтіндік салыстырулар, ұғымдық, танымдық дерек, дәйектер негізінде жүйені ғылыми таным түзудің сәйкес, қажетті алғышарттарын айқындап, соншалықты күрделі, жұмбақ дүниені ендігі танымға тартып, көп еңбек жасаған. Елең еткізерліктей өзекті тақырыптарға жүйеленіп зерделенген мәселелердің біздің зерттеуімізге көп септігі енді.
«1.3 Абай шығармаларындағы діни мәтіндердің ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерімен сабақтастығы» атты тарауша тақырыбы елең еткізеді. «М.Қашқари еңбегінен оның Құраннан, пайғамбар хадистерінен үзінділер келтіріп түсіндіріп отырғанын көреміз. Тіпті кейде қасиетті Құранды оқығанда қалай оқу керектігін, кейбір кісілердің Құран сөздерін дұрыс түсіне алмай қалып, күнәкар болмауы үшін дұрыстап, көркем түрде жатық тілмен оқитын тұстары да бар екендігін түсіндіреді», - деген В.В.Бартольд тоқтамынан [77] үзінді келтіріп отырып: «Осылайша, бұл еңбекті тек тіл білімі ғана емес, адам жанына азық болар Құран Кәрімнің қадір-қасиетін еске түсіріп, түсіндіріп отыратын байсалды әрі масақтты ғылыми зерттеу деуге болады» [32,б. 44].
М.Қашқари дүниетанымы Құран Кәрімге негізделеді. Құран, Хадис мәтіндерін дәлел, айғақ ретінде ұсыну – ислам дүниетанымына, оның барша ғалымдарына тән сипат. М.Қашқари мен Абай Құнанбайұлы шығармалары арасындағы желілестік діни мәтіндермен байланысты шығармашылық өзегі, рухани бастауы бір [32,б. 44].
Еңбекті Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінекіи, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани шығармалары және Абай тақырыбы тың зерттеу бағыттарында пайымдалған.
«Абай шығармаларындағы діни мәтіндердің интерпретациялануы жайын А.Йасауидің «Диуани хикмет», сондай-ақ С.Бақырғанидің «Ақыр заман кітабы», «Миғражнама», «Бибі Мариям» сияқты танымал шығармалармен де байланыстыруға болады» [32,б. 51].
Абай дәуіріндегі кітаби ақындар шығармалары тіліндегі астарлы араб, парсы сөздерінің Құран, Хадис мәтіндеріне негізделетіндігі туралы батыл байламға енді-енді бет алғанымыз көрінеді.
Батыста қалыптасқан герменевтика ғылымы діни мәтіндерді көпшілікке ұғындыру бағытын ұстанады. «Герменевтика (грек) – ескі шығармалар (қолжазбалар, кітаптар, ескерткіштер) мәтінін талдап түсіндіру теориясы. Герменевтика ықылым замандарда сәуегейлік сөздерді (абыздың болжамы) түсіндіру ілімі ретінде пайда болды» [32,б. 74].
Ең алғаш Інжіл мәтіндері, кейінде басқа да көне мәтіндер түсіндірілген. «Христиан реформасының және протестантизмнің киелі кітап түсініктемесіне бағытталған сындары мен пікірталастары батыста герменевтиканың пайда болуына түрткі болды» [32,б. 75].
Ы.Палтөре «2.3 Абай шығармаларындағы діни астары бар лексемаларды мәнмәтін аясында талдау» атты арнайы тақырыпта Абай сөзінің қазақ жазуы өзгерген сайын қилы қалыпқа түсіп отыруы фактісін, қазіргі текстологияның көкейкесті бір мәселесін назарға алады. «Зайығ» - қайран, есіл мағынасындағы бір сөздің қазіргі қаріпте кейде «зия», кейде «қиял» болып беріліп жүргенін орынды ескертеді. Тіл фактісімен келгенде орынды талаптар қояды. Қираәт, мұсылман, кәпір, намаз, пақыр сөздерінің мағыналарын саралап келіп айтатын бір уәжінде көпшілік жағдайда ескерілмейтін принципті ерекшелікті табандап ұғындырған.
«Қираәт сөзі араб тілінде – قراءة тілдік мағынада «оқу» дегенді білдіреді. Бұл сөздің діни терминдік мағынасы – бірлесу. Егер бұл сөз құлшылыққа қатысты айтылса, онда ол: «намаз өтеу кезінде Құран аяттарын оқу» дегенді білдіреді. Ал егер Құран ілімдеріне қатысты айтылса, онда «Құран оқу мәнері», «Құран аяттарын бірнеше үлгіде (сол кездегі араб диалектілері бойынша) оқу тәсілі» дегенді аңғартады.
Абай: «Қираәтін оқытып көріп едім, шатылды» деген өлең жолында жоғарыда айтылған бірінші мағынаға, яғни құлшылыққа қатысты намаз өтеу барысында Құран аяттарын оқуға қатысты мағынасында қолданған» [32,б. 78].
Рукуғ, сәжде, ғайбат сөздерінің мағынасын тарқатып кейінгі кезең лексикасында қайтадан активті қолданысқа енген дін сөздеріне тоқталған. Абайдың 38-қарасөзінен бірнеше сөз ұғымын келтірген. Рукуғ – бас ұрмақ. Ишарат. Алла алдында бас ұру. «Сәжделер – әуелі жерден жаралғанына ықырары, екіншісі – және жерге қайтпағына ықырары, бас көтермей және тіріліп, сұрау бермегеніне ықырарының ишараты».
«Діни терминдер сөздігі» бойынша да бірнеше атаудың терминдік мазмұнын атап көрсетіп отырған. «Ғайбат сөзінің діни терминдік мағынасы, «қасында жоқ адамды ол жақтырмайтын сөздермен еске алу» [78].
Осы анықтаманы Ы.Палтөре толықтырады. «Бұл лексема араб тіліндегі (ғаабә –яғни бу-ғай-бән) жоқ болу, ғайып болу деген мағынаны білдіретін етістіктен жасалып, (арабша) «ғиибәтун» үлгісіндегі сөзден қазақ тіліне фонетикалық өзгерістерге ұшырау арқылы «ғайбат», «қайбат», «айбат» үлгілеріне енген.
...Хакім Абайдың «...Ақылы бар кісіні айбаттайды, даттайды» деген өлең жолындағы «айбаттайды» сөзіне, өкінішке қарай, 1961, 1977, 1995 жылдары жарық көрген шығармалар жинағынан бәрінде де тек «жамандау» деген түсініктеме берілген.
Негізі, «жамандау – «ғайбаттау» сөзінің түпкі, діни терминдік мағынасын ашып бере алмайды [32,б. 133].
Діни ұғымда «ғайбаттау» өте ауыр сөз екендігін ескертетін Палтөре «жамандау» сөзі осының жеңілдетілген нұсқасы дейді.
Ақирет лексемасы (ахирет) «О дүние» деген мағынада. Түп мағынасы ең соңғы тұрақтап қалатын мекен деген екен.
ХІХ ғасырдағы әдеби мұрада, Абай шығармашылығында да өнімді қолданыстағы сөздер Жаратушы Иенің 99 есімдері мен сипаттарының атаулары. Абай Алла сөзін 133 қайтара қолданған.
Әдеби мұрадағы Тәңір, Құдай сөздеріне қатысты Ы.Палтөре «Алла есіміне «Тәңір», «Құдай» сөздері синоним бола алмайды. Себебі бұл атаулар Алла атауының семантикасын, мән-мағынасын толыққанды қамти алмайды», - дейді [32,б. 135]. Халифа Алтай да «Жетпей қалады» деген екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет