Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет3/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Бисимилла (بِسۡمِ ٱللَّهِ‎) Алланың атымен. Құранның тоғызыншы сүреден басқа барлық сүресі басталатын исламдық термин: «Мейірімді және қайырымды Алланың атымен бастаймын.
Бәйіт – (بيت) өлең, жыр.
Ғазал  (غزل‎) негізінен кемі үш, көбі 12 бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең. Парсы-тәжіктің классикалық поэзиясында Хафизден бастап кеңінен тараған. Негізгі мазмұны махаббат сезімін жырлау болып келеді. Сәтті, сәтсіз махаббат күйі шертіледі.
Ғазиз – (عزيز) қасиетті, күшті, бағалы
Дискурс – (фр. discours) тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Диуан – (парсы ديوان жазып алу, кітап) шығыс классикалык әдебиетіндегі бір немесе бірнеше ақынның шығармаларын қамтитын жинақтың атауы. Диуандағы шығармалар жанр бойынша, әліпбилік тәртіппен орналасады. 
Жәдидшілдік – (طريقة جديدة) жаңа әдіс 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.
Жәннат, Жаннат, Жәннәт  (الخنة) діни түсініктегі адам жанының о дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. Жәннат туралы түсінік жанның о дүниелік өмірі туралы алғашқы діни сенімдерден бастау алады.
Зәмзәм  (زمزم) Меккедегі қасиетті құдық. Кағбадан оңтүстік-шығысқа қарай 20 м. жерде, Бани Шайба есігінің қара тасқа (Хажар ул-Асуад) қарама-қарсы орналасқан. 
Зікір  (كرذ) еске алу, еске түсіру, жадына сақтау. Сопылық ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Зікір уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет