Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет8/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Зерттеу нысаны. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі дін негіздерін ұғындыру үрдісі, оның тарихи алғышарттары мен дәстүрлі ұстанымдары, көркемдік әлеуеті.
Зерттеу пәні. ХІХ ғасырдағы қисса өлең, тарихи жыр, айтыс, зар заман толғау, жаңа жазба әдебиет үлгілері, дара тұлғалардың шығармашылық мұрасы.
Зерттеу жұмысының мақсаты. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр, дін негіздерін ұғындыру мұраттарын қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттары ауқымында пәндік зерделеу; жеке тұлғаның осы негіздегі шығармашылық даралығын XIX ғасырдағы тарихи жағдай, көркемдік үрдістер; ұлт тағдырындағы рухани әлеуеті мәнінде тұтас эстетикалық көркемдік жүйеде зерделеу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер белгіленді

  • ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі діни бағыттың қалыптасып дамуының кезеңдік сипатын анықтап, негізгі үрдістерін айқындау;

  • Экзегетикалық дәстүрді ғылыми негізде танымға тартудың тұғырлы ұстанымдарын дәйектеу;

  • ХІХ ғасыр әдебиетіндегі және шығармашылық тұлғалардың экзегетикалық дәстүрдегі өзіндік ұстаным, дара, ортақ сипаттарын көркемдік негізде саралау;

  • Әдеби мұрадағы дін негіздерін ұлттық таным, ұлттық сана мен салт тұтастығында пайымдау;

  • ХІХ ғасырдағы әдеби мұрадағы дін негіздерін мұсылмандық мұраттардың тарихи алғышарттарында; сахарадағы дін саясаты тұрғысында пайымдап, ой қорыту;

  • ХІХ ғасырдағы қисса өлең, айтыс өлең, тарихи жыр, толғау өлең, жаңа жазба өлеңдегі дін мазмұнын исламдық діни әдебиеттің классикалық поэтикалық айрықшалықтарымен сабақтастықта зерделеу бағытында салыстыру, саралаулар жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  • ХІХ ғасырдағы әдеби дамудағы экзегетикалық дәстүр ауқымындағы шығармашылық кеңістік қисса өлең, айтыс өлең, тарихи жыр, толғау, жаңа жазба әдебиет үлгілері; нақты ақындардың әдеби мұрасы материалында талдауға тартылып, жинақтаушылық мәнде сараланды.

  • Мұсылмандық ағартушылық, экзегетикалық дәстүр, әдеби дамудағы діндар дәуір (А.Байтұрсынұлы), ислами әдебиет (Т.Қыдыр) жалпыадамзаттық рухани, азатшылдық мұраттар, көркемдік-тарихи әлеует; жазба әдебиет, дін жолындағы күрес уағыздалатын әдеби жанрлар контексінде нақтылы мәнде зерделенді.

  • Исламның таралу, орнығу бағытындағы мектептер, сопылық нышандары, басқа да ағымдар туралы ғылыми-танымдық талдаулар жасау өзектілігінде ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүрдің басты ұстанымдарына ден қоюдың ғылыми-теориялық та, тәжірибелік те маңыздылығы пайымдалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет