Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында отандық, шетелдік әдебиеттану ғылымының методологиялық негіздері басшылыққа алынды, әдеби мәтіндер салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы қарастырылды.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүрді ғылыми жүйеде зерделеу міндетін жүзеге асыру барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама, кешенді талдау, жеке талдау, даралау, жинақтау, саралау, құрылымдық, семиотикалық, герменевтикалық талдау т.б. зерттеу әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Тақырыптың зерттеу проблемалары тарихи жағдай, діни-дүниетанымдық ұстанымдар айрықшалықтары, көркемдік-құрылымдық, бейнелеу тәсілдері тұрғысынан арнайы типологиялық жүйелеуді, жеке бағыттар бойынша мақсатты зерттеулерді қажет ететіндігі ізденістер бағытында айқындала түскендігін көрдік. Рухани ілімнің тұтастану, орнығу, танылу тарихы туралы адамзат танымы әлі де балаң.
Дін негіздерін ұғындыру, дін жолындағы күрестің басты исламдық ұстанымдары таңбаланып қалған ХІХ ғасырдағы әдеби мұраны арнайы саралау тұтас таным түзу, дін негіздері ауқымындағы ізденістер жолындағы нақтылы бір тарихи дәуірдің кезеңдік айрықшалықтарына ден қоюымен маңызға ие болмақ. Жеке шығармашылық тұлға мұрасына қатысты да, тұтас жанрлық, көркемдік бағыттар бойынша да дін жайын жеріне жеткізе талдап, барша түптамыр заңдылықтарын ғылыми негізде танытып, ашып тастаған зерттеулер бар деп айтуға әлі ерте.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақ әдебиеті тарихындағы экзегетикалық дәстүрдің көркемдік айрықшалықтары бойынша зерттеу барысында ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелу тарихы, ондағы басым бағыттар, қайшы тұжырым-тоқтамдар назарда болды. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбайұлы, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібай, Ш.Сәтбаева, М.Бөжеев, М.Мырзахметов, М.Жармұхамедұлы, Ә.Дербісәлин, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, Б.Әзібаева, А.Қыраубаева, Ә.Дербісәлиев, А.Егеубай, С.Дәуітұлы, У.Қалижанов, Ж.Дәдебаев, Т.Жұртбай, Б.Әбдіғазиұлы, С.Бермағамбетов, Б.Мамырайымов, Т.Тебегенов, А.Жақсылықов, Ж.Смағұлов, Ж.Тілепов, Ә.Тарақов, Д.Қамзабекұлы, Б. Жақып, А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Мәдібаева, М.Тәжі-Мұрат, С.Жұмағұлов, Д.Қыдырәлі, З.-А.Әуезова, А.Ахметбек, А.Әбдірәсілқызы, Қ.Әлқожаев, Н.Мәтбек, М.Әбдіров, Г.Асқарова, Т.Қыдыр, Ы.Палтөре, Э.Қансейітова, А.Сейітова, Р.Ашимов, Ұ.Байбосынова және т.б.; отандық әдебиет тарихын зерттеушілер мен шығыстанушы ғалымдар В.Радлов, В.Бартольд; И.Гаспралы, З.Тоган, Н.Конрад, И.Фильштинский, Е.Бертельс, Ханна аль-Фахури, Р.Максуд еңбектеріндегі ғылыми қисындар назарда болды. Әдеби мұрадағы экзегетикалық дәстүрдің әлемдік өрістегі даму бағыттарында нақты мәселелер бойынша (кезеңдік сипаты, дара тұлғалар миссиясы, түбегейлі мұраттар, т.б.) өзіндік болжам, байламдар жасау көзделді.
Достарыңызбен бөлісу: |