Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ


Зерттеудің теориялық маңыздылығы



бет10/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу жұмысы қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының әдеби мұрадағы дін негіздері бойынша зерттеулер қатарына енеді, ол ХІХ ғасырдағы әдеби үдерістегі дін желілерін Құран Кәрім, Хадис мазмұнымен өзектестігі мәнінде көркемдік танымға тарту жүйесін нақтылай түсіп, поэтикалық негіздерін айқындауға белгілібір дәрежеде үлес қосады.
Зерттеудің практикалық мәні. Диссертациялық еңбек қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеттану ғылымының әдеби мұрадағы дін негіздерін зерттеу бағыттарын нақтылауда өзіндік мәнге ие болады. Осы ғылыми жұмыстың материалдары мен қорытынды тұжырымдарын, сараптама нәтижелерін жоғары оқу орындарында өткізілетін «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Абайтану», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет», «Әдеби ағымдар мен бағыттар», «Әдеби үрдіс және сын мәселелері», «Ғылыми зерттеулер негіздері», «Әдеби зерттеудің әдістемесі» жалпы, элективті курстарда, диплом жұмыстарын жазуда, оқу құралдарын әзірлеу барысында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар

  • Әдеби мұрадағы экзегетикалық дәстүр – дін тарихы, Құран желілері, Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) Хадистері негізінде ислами құндылықтарды ұғындыру, дәріптеу ұстанымындағы ауқымды рухани бағыт мәнінде орнықты;

  • Қазақ әдебиетінің көркемдік даму өрісінде, жанрлық түрлену, жазба дәстүрдің орнығу үдерісінде дін желілеріндегі мазмұн аса елеулі тарихи, рухани, көркемдік фактор тұтастығында кеңістік түзді;

  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті үлгілерінде діни мазмұнның бағыт түзуінің елеулі тарихи алғышарттары болды;

- ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі мұсылмандық ағартушылық негіздері дәуірдің тарихи-саяси ахуалынан туындаған ұлт-азаттық күрес жолындағы нақтылы рухани әлеуеті мәнінде маңыздалады;
- ХІХ ғасырдағы жекелеген әдебиет үлгілерін ислам негіздерін ұғындыру міндетінде қалыптасып, дамыған әдеби жанрлардың арғы негіздерінен келе жатқан дәстүрлі сипаттарын салыстыру; әдеби ықпалдастық, ортағасырлық түркі әдебиеті мұраларымен салаластық бағытындағы саралаулардың нәтижелері бойынша сөз қозғау өзекті;
- Жеке шығармашылық тұлға мұрасындағы мұсылмандық-ағартушылық мұраттардың дәстүрлі негіздері әлемдік әдеби ықпалдастықтағы классикалық үрдістермен сабақтас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет