Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет25/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Бірінші қара сөзінде Софылық қылып дін бағуға тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық деп күйзелген Абай осы бірінші сөзінде замананың ауытқып, ұйытқып тұрған тұрақсыз мінезін меңзеп сөз бастайды. Күйі кеткен, сенімі жоқ, иманы бұзылған ел күйі шошытады. Екінші сөзі де осы сарында жұртқа «күліп» отырып жұртта қалған ұлт күйігіне өртеніп отырғаны. Үшінші сөз көрсе қызар, мақтаншақ, күншіл күйкілікке күйіну. Ынтымақ, бірлік жоқ жерден ырыс ауып, береке кететіндігінің шариғатта айтылатын шарттары. Төртінші сөзде күлкі, дүние, ахирет жайы, харекет – еңбек. «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор қып өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» [43,б. 99]. Өмірді дұрыс өткізу парызы, қиямет күнінде өкінгенмен пайда болмасы Құран Кәрімде бастан-аяқ мазмұн түзгендігі баршаға аян.
Бесінші сөз. Дүние дос қылықты айыптау. Бұл қайғыратын нәрсе ме? деп күйінеді. Орынсыз уайым, қолдан жасалған қасірет, баянсыз, алдамшы құлықтардан бойын таза ұстасын дейді жұртына.
Алтыншы сөз. Қазақтың «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» атты мақалынан өрбітіп, ұғымға сыймайтын арзан, алдамшы қалыпқа салынбасын деп ескертеді. «Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілеймеіді, шаруа іздемейді.
... «ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады.
... ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың – пысық, ішің – лас,
Артын ойлап ұялмас, -
болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген соң бұйрықты өлімнің өзі артық [43,б. 95].
Жетінші сөз. Бұл сөзінде де адамның жаратылыс парызы, Алланың пәрмені тұрғысында бағзы дүниеден бері келе жатқан рухани ұстанымдар мазмұндалған. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны.
... Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз» [43,б. 96].
Сегізінші сөз. «Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны – бәрі мал». Өз заманының мал мен баққа алданып жүрген бақытсыз, талайсыз сорлылары үшін зар шегу».
Оныншы сөз. «Адамның алдамшы, арзан пенделік тілегіне күйіну. Бала тілеу, мал тілеу. Құдайдың бермегенін алмайсың, құр тілейсің деп, Алланың адам баласына берген баянды игіліктерінің не екендігін айтады. «Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?» [43,б. 99].
Абай еңбекпен мал таппай, біреуі қорқытып, енді біреуден жалынып сұрап аласың, біреуін алдап аласың деп, бұл құдайдан сұрағанға жатпайтынын, абырой, ар сату, адам жаулау, тіленшілік екендігін айтады. Жарайды мал тапқан-ақ екенсің, енді оны неге жұмсау керегін біл дейді. «Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» [43,б. 99].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет