Диссертация Ғылыми жетекші филол. ғыл док., проф. Мәдібаева Қ.Қ



бет4/35
Дата04.09.2024
өлшемі353.34 Kb.
#503363
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
sejsenbieva-eh-s-povtor-phd-s-sp

Интерпретация – (лат. interpretatio – «түсіндіру») нақты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған мәтіннің мағынасына түсініктеме беру.
Ислам (إسلام) дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады.
Исраф – (إسراب) ысырап. Мал-мүлікті діни тұрғыдан және муруәт (адамгершілік) тұрғысынан дұрыс болмаған жерлерге жұмсау деген сөз. Сай болмаған ысырап харам болып табылады.
Кәлам (كلام ) сөз, пікір. Ислам дініндегі философиялық ілім.
Куфар  (كفر ‎ ) сенімсіздік. Исламдағы ең ауыр күнәні имансыздықты білдіретін термин.
Қираә – ( (قراءةоқу. Діни терминдік мағынасы бірлесу, Құран аяттарын оқу.
Лаухы – (لوح) сөздіктегі тура мағынасы тақта. Негізінде «Лаух» сөзі діни термин болғандықтан бұл жерде, Аллаһтың жаратқан мақұлықтарының тағдыры жазылған тақта деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде бүкіл жаратылыс атаулының тағдыры жазылған тақта (Лаухы) Лаухул-Махфуз деп аталады.
Мінәжат (مناجات) Алладан тілек, дұғаның бір түрі, құлшылық. Өтінішін Алладан сұрап жалбарыну дегенді білдіреді. 
Мүрид – (المريد) өз еркімен тариқат жолына түсуші шәкірт; мүршидке (ұстазына) «қол тапсырушы»; сопылық бауырластыққа немесе кәсіп бірлестігіне мүше болып, рухани жетілудің алғашқы сатысында тұрған адам. Сопылықта мүрид пен мүршид қарым-қатынасы, яғни рухани мектеп үлкен рөл атқарған. 
Мударис – (مدرس) оқытушы.
Мужтаһид – (مجتهد еңбекқор) Құранға, хадиске және шариғаттың басқа да дереккөздеріне сүйеніп, өзінің білімімен ижтиһад (ізденіс) жасап үкім шығара алатын ғалым.
Мустахаб – (مستحب) істесе сауап алатын, істемегені үшін еш айыпталмайтын, шариғат құптаған, дәрежесі жағынан сүннеттен төмен келетін амал.
Мұтәкәллимун – (متكلمون) сөз сөйлеушілер, дәлелдеушілер, діннің сеніміне қатысты сөз сөйлеушілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет