а) суағарлы түсінен әкететін нөсерөткізгіш; б) аулайтын науалы нөсерөткізгіш.
1– суағар; 2 – тестік камера; 3 – нөсерөткізгіштік камерасы;
4 – аулайтын науа.
8-сурет.Нөсер өткізгіштердің түрлері
1.6.4 Орташа жылдық жауын-шашын суының көлемін анықтау
Жауын-шашын жауу, қар еруі мен көшелерді жуудан қоныстану аймақтары мен өнеркәсәп территорияларындағы пайда болатын беттік ағын сулардың жылдық көлемін табу үшін келесі теңдеу пайдаланады:
Wr=Wж+Wқ+Wк, (16)
Wr= 57.4 +105.36+61.86 = 224.62,
мұндағы Wж,Wқ,Wк – жаңбыр, еріген қар мен көшелерді жуудан түзілетін сулар, м.
Жылдағы қар мен жаңбыр суының көлемін анықтау үшін келесі теңдеу қажет:
Wж = 10hжΨжF, (17)
Wж = 10· 4·0.7 · 2062 = 57.4.
Wқ = 10hқΨқF, (18)
Wқ = 10 · 7.3 · 0.7 ·2062 = 105.36,
мұндағы F – коллектор ағын ауданы, га;
һқ мен һж – жылы және суық мезгілдегі жауатын жауын-шашын мөлшері, мм, ҚР ҚН 4.01.03-2011 сәйкес 7.3 мм және 4 мм болып қабылданады;
Ψқ – еріген қар мен жаңбырдың жалпы ағын ҚР ҚН 4.01.03-2011-дан алынады. Жауын-шашын ағын коэффициенті Ψж әртүрлі жабын түріне байланысты ажыратылады:
Су өткізбейтін қабаттарға – 0.6-0.8; грунт қабаттары үшін – 0.2; көгалдар үшін – 0.1.
Ал қоныстану аймақтар мен өнеркәсіп территорияларынан еріген қар коэффициентін жылу кезінде 0.5-0.7 аралығында қабылдайды.
Көше суаратын судың жалпы жылдық коэффициенті келесі формуладан алынады:
Wк = 10mkΨкFк, (19)
Wк = 10 1.2 100 0.5 103.1 = 61.86.
мұндағы m – көшені жууғаа кететін судың меншікті шығыны, бір жуғанға 0.2-1.5 л/м2;
k – бір жылдағы жуу саны, Алматы бойынша – 100; Fк – жуылатын қатты жабынды аудан, га;
Ψк – суаратын көлік үшін ағын коэффициенті, 0.5-ке тең.
1.6.5 Жауын-шашын суының құбыр арқылы жылжуы
Жаңбыр ағынына келесі сипаттамалар сәйкес:
1.Ағын қозғалысы бір уақытта ағып жаңбыр қабылдағыштардан бүйірден қосылатын су есебінен су көлемі өседі. Ол кезде су шығыны уақыт пен ұзындық бойынша айналмалы шама болады;
2.Ағын коллекторың жоғарғы жағында қалыптасып салыстырмалы бірдей көлемде сақталады;
Іс жүзінде судың үйкеліс еңістігі тұрақталған бірқалыпты қозғалыс арқылы есептеледі:
i= · (20)
мұндағы λ – гидравликалық үйкеліс коэффициенті;
dг– гидравликалық диаметр;
ν – ағын бойынша орташа жылдамдығы; Q – ағын шығыны;
K – шығын модулі.
Шығын модулі келесідей табылады:
K= ω (21)
мұндағы ω – ағынның нақты қимасы.
1.6.6 Жауын-шашын ағынын реттеу
Су әкету жүйесінде жаңбыр суының есептік шығынын азайтып, ағынды тегістеуге бағытталған реттеулер жаңбыр желісіндегі әкету коллектор алдындағы құбырлардың диаметрлерін азайтуға және сорап станциясы мен тазалау ғимараттарының қуаттылықтарын төмендетуге мүмкіндік береді.
БК – бөлгіш камера;
СС – сорап бекеті.
9-сурет.Реттеуші сыйымдылықтарды қосудың үш түрі
Бірінші схемада үлкен диаметрлі құбыр арқылы жаңбыр суы резервуарға түсіп, басқа бөлігі диаметрі кішірек құбыр арқылы ағызылады.
Екінші схемада келген жаңбыр суы бөлгіш камера арқылы резервуарға түседі және сорап станциясы арқылы ағызылады[8].
Үшінші схема дәл екіншідегідей, бірақ артық су өздігінен ағып кетеді.
10-сурет.Реттеуші резервуардың көлемін анықтайтын график
Арын гидрографының үстіңгі бөлігі резервуардың жұмыс сыйымдылығы төмендегі Qр резевуардан ағатын есептік шығынмен шектеледі.
Реттелетін көлем графикте штрихталған бөлікте көрсетілген. Qр шығыны мен максималды Qmax шығын арасындағы қатынас α реттелу коэффициентін береді:
α = (22)
Үшінші схема үшін босату коэффициенті αбос резервуарға түсетін ең үлкен шығынның қай бөлігі ағып кететінін көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |