Диссертация тақырыбы: «Су шаруашылық мақсатта Алматы қаласының жаңбыр суларын есепке алу және бағалау» 7M05206 «Гидрология»



бет2/8
Дата03.01.2022
өлшемі0.57 Mb.
#451796
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Диссертация Айтбаев соңғы

а) жалпы ағызатын жүйе; ә) толық бөлінген жүйе; б) жартылай бөлінген жүйе

1 - тұрмыстық торап (коллектор); 2 - жаңбыр торабы; 3 - негізгі коллектор; 4 - нөсер өткізгіштер (бөлу камералары); 5 - нөсер әкеткіштер; '6 - тазалау ғимараттары; 7 - суатқа тастау; 8 - арынды құбырлар; 9 - сорғыш бекеті; 10 - жаңбыр торабының негізгі коллекторы; 11 - реттеуші резервуар; 12 - жаңбыр суының сорғыш бекеті; 13 - жаңбыр суын тазалау ғимараттары; 14 - жаңбыр суын суатқа тастау; 15 - өндірістік шартты таза су
1-сурет.Ластанған суды әкету жүйелері

1.4.1 Канализацияның негізгі элементтері

Қаланың канализация тораптарының схемалары келесі түрлерге бөлінеді: тікбұрышты (перпендикулярлық), кесе көлденең, қиылыспайтын қатар, белдеулік (зоналық), радиалды, орталықтандырылған және т.б. схемалар болады. Тікбұрышты схемада су әкету бассейндерінің коллекторлары суат суының ағынына тікбұрыш жасап бағытталады. Жердің бедері суатқа қарай айқын бейімделген кеңістікте қолданылады. Бұл схема шартты таза сулар мен жаңбыр суларын әкетуге арналады. Аталған схема суаттарды ластауына байланысты қазіргі кезде өте сирек қолданылады.

Квартал ішіндегі су әкету торабы жер асты құбырларынан тұрады. Құбырлардың тартылуы ғимарат маңайындағы жер ылдилығына байланысты жүргізіледі. Сыртқы (көшелік) тораппен қосылуы қосылу бұтағы деп аталады.

Өздігінен ағатын құбырлар табиғи кедергілер (өзен, суаттар) және жер асты құрылымдарымен қиылысқан жерлерде дюкерлер мен эстакадалар салынады.

Су әкету жүйесіне жауын-шашын суын қабылдауға жауын-шашын қабылдағыштар орнатады. Құрылым бақылау құдығының құрылымына ұқсас болады. Реттеуші резервуарлар судың максималдық шығынын шоғырландыруға және реттеп тазарту ғимаратына беруге арналған табиғи немесе жасанды сыйымдылық. Резервуардағы лас суды шығару құйылатын лас судың шығыны азайған кезде жүргізіледі. Су әкету жүйесіндегі реттеуші резервуарлар сорғыш бекетінің қабылдау резервуарларымен біріктіріледі.

Лас судың тазарту ғимаратына өзіндігінен ағуы жер бедерінің ылдилығы айқын болған кезде ғана іске асырылады. Сорғыш бекеттері жергілікті, аудандық және бас сорғыш бекеттері болып бөлінеді. Жергілікті сорғыш бекеттері бір немесе бірнеше ғимараттардың лас суын көтеруге арналған.

Аудандық сорғыш бекеті – су әкету бассейнінің бір бөлігінен немесе түгел шыққан лас суды көтеруге арналған. Бас (негізгі) сорғыш бекеті – объектінің жартысынан немесе түгел шыққан лас суды тазалау ғимаратына жеткізуге арналған.

Сыртқы су әкету торабы дегеніміз – су әкету бағытымен жер ылдилығына сәйкес орналасқан жер асты құбырлар жүйесі. Құбырлардың жатқызылуы жер бедерінің ылдилығына байланысты болады.Су әкету торабының схемасын құрастырғанда объект су әкету бассейндеріне бөлінеді.

Су әкету бассейні дегеніміз – объектінің су бөлу сырықтарымен және объект шекарасымен шектелген бөлігі. Сыртқы су әкету торабы: көше торабына, су әкету бассейндерінің коллекторларына және негізгі коллекторға бөлінеді.

Көше торабы – квартал периметірінің бөліктері немесе оның барлық периметрі бойынша салынатын құбырлар жиынтығы.

Су әкету бассейіндерінің коллекторлары – су әкету бассейнінің бір бөлігінен немесе су әкету бассейнінің суын түгелдей әкетуге арналған құбырлар.

Негізгі коллекторлар – объектінің бір бөлігінен немесе барлығынан суды қабылдауға және әкетуге арналған құбырлар. Негізгі коллекторлармен ластанған су сорғыш бекетіне немесе тазарту ғимаратына әкетіледі.

Тазарту ғимараттары – бұл әртүрлі жағдайлардағы лас суды ретімен тазартып шығаратын қондырғылар кешені. Тұрмыстық және өндірістік лас суларды тазартқанда механикалық (керегелер, құм ұстағыштар, тұндырғыштар) және биохимиялық (аэротенк, биосүзгіш, екінші сатылы тұндырғыштар) әдістер қолданылады. Механикалық тазарту судағы ерімеген заттарды тазартуды, ал биохимиялық тазарту еріген заттарды тазартуды қамтамасыз етеді. Тазарту зарасыздандырумен аяқталады.

Суатқа тастау – арнаулы қондырғы. Бұл қондырғылар лас судың суат суымен тез және белсенді араласуын қамтамасыз етуі керек.

Су әкету жүйесінің барлық элементтері бір-бірімен өте тығыз байланысты болады. Біреуінің істен шығуы бүкіл жүйе жұмысына әсерін тигізеді[5].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет