1 – жаңбыр қабылдағыштар;2 – құдықтар; 3 – науалар; 4 – жабық құбыр желісі;5 – жаяу жүргінші жол.
6-сурет. Жауын-шашын қабылдағыштардың орнатылу сұлбасы
Жауын-шашын қабылдағышты көшелердің жүрінді бөлігінің барлық төмен жерлеріне орналастыру өте тиімді. Олар ҚР ҚН бойынша түбі шұңқырсыз жобаланады. Жаңбыр қабылдағышқа су түсуі алдында тордан өтуі керек. Жауын-шашын қабылдағыштан су диаметрі 250 мм болатын қосылғыш құбыр бойымен жабық коллекторға құйылады. Олар керегелерден, стакандардан және түйіннен тұрады. Жаңбыр қабылдағыштар тікбұрышты өлшемдері 0,6х0,9 м немесе дөңгелек диаметрі d=0,8 м болады.
Көшелер ені 30 м-ге дейін кварталдардан жаңбырғабылдағышқа дейінгі ара қашықтықты ҚР ҚН-ның 3 кестесі бойынша қабылдайды:
Жауын-шашын қабылдағыштардың коллектордағы бақылау құдығына қосылу ұзындығы 40 м-ден артық болмау керек және оған дренаждық желілер мен ғимараттардан шығатын сарқынды су құбырлары қосылуы мүмкін.
Жабық желіге науалардың қосылуы бақылау құдықтардың тұнба бөлігі арқылы қарастырады.
Арықтар басында торлар саңылаулары 50 мм-ден артық емес болу керек және қосылатын құбыр желісінің диаметрі есеп бойынша қабылданады, бірақ 250 мм-ден кем болмауы тиіс.
6-кесте
Максималды ара қашықтықтар
Көше еңістігі
|
Жауын-шашын қабылдағыштар арасындағы ең үлкен ара қашықтық, м
|
0,004-ге дейін
|
50
|
0,004-0,006
|
60
|
0,006-0,01
|
70
|
0,001-0,03
|
80
|
Көшелік коллекторлар орнату көп жағдайларда жергілікті жердің рельефіне байланысты көлемдік және кварталдың төменгі бөлігі арқылы трассаланады. Бірінші жағдай жердің ылдилығы 0.001-ден кем болғанда. ал егер ылдилық көбірек болса екінші жол қолданылады[4].
7-сурет.Жауын-шашын қабылдағыш
1.6.2 Жауын-шашын параметрлерін өлшеу тәсілдері
Бір жылда Алматы қаласында қалыпты 600-650 миллиметр жауын-шашын жауады, ең максимумы мамыр айына сәйкес, екінші – қазан мен қарашаға келіп түседі. Ең құрғақ кезең тамызда.
Жауын-шашын суын есептеу үшін екі шама ескеріледі, олар жаңбыр су көлемі мен жауу ұзақтығы. Жауған жауын-шашын мөлшері жауын-шашын қабатының қалыңдығы немесе көлемінің аудан бірлігіне қатынасымен есептеледі. Жауу ұзақтығы уақыт бірліктері сағат, минут және секундпен өлшенеді.
Маңызды параметріне тағы бір туынды шама – жауын-шашын қарқындылығы жатады. Ол жауған жаңбыр мөлшерінің оның ұзақтығына қатынасын білдіреді. Қарқындылық лездік және орташа болып ажыратылады. Инженерлік есептерде q өлшем бірлігі 1 га-ға л/с мен і, мм/мин пайдаланады. Олардың ара қатынасы келесідей көрсетіледі:
q = 166.7 · i . (13)
Келесі маңызды шама болып қайталанғыштық мезгілі p болып табылады. Ол берілген мәндегі жаңбырлар қарқындылығы аралығындағы жылмен өлшенетін орташа уақыт. Қайталанғыштық көбейген сайын S қарқындылығының асу ықтималдығының азаюы анықталады:
S= (14)
Жауын-шашынның барлық сипаттамалары қамтамасыздық Рb белгісімен байланысты. Оның мәні 20-ға тең болса онда ол сипаттаманың мәнінен 100 жылда 20 рет асып кетуді білдіреді.
Қамтамасыздық Пуассон үлестіру заңының қайталанғыштығымен байланысты:
Рb=100 (1‒ ) (15)
Морфологиялық жағынан жауындар сіркіреме (0.01 мм/мин-тан артық), ұсақ тамшылы ақжауын (0.01-0.2 мм/мин), ірі тамшылы ақжауын (0.3-0.5 мм/мин) және нөсерлі жаңбыр (0.5 мм/мин-тан кем болмау керек) болып ажыратылады.
Жауын-шашын алаңдары бірнеше ондаған километрге дейін созылатын шеңбер не эллипс тәрізді жеке таңбалардан тұрады. Бұл таңбалар ошақ деп аталады.
Жаңбыр жауу территориясындағы қарқындылықтың өзгеруін есепке алу үшін жауын-шашын жаууының біркелкісіздік коэффициенті η енгізіледі.
Әртүрлі уақыт аралығыдағы түскен жауынның мөлшерін өлшеу мақсатында аспаптар қолданады. Олар жауын-шашын өлшегіш деп аталады. Олар өзі жазатын және қарапайым болып бөлінеді. Жай стандартты өлшегіш құрылымы калибрленген кіріс саңылауы бар қабылдағыш құйғысы мен су жинағыштан тұрады.
Ол бағананың 2 м биіктігінде орнатылып жауын-шашынды тәулік сайын өлшеуге мүмкіндік береді. Үздіксіз өлшеуге өзі жазатын. плювиографтар деп аталатын аспаптар арқылы болады. Ол үш тораптан тұрады: жауын-шашын жинағыш жүйесі, өлшегіш механизмі мен жауын-шашынның жиынтығын тіркеушіден[7].
1.6.3 Су бөлу камераларының конструкциялары
Жартылай бөлінген жүйедегі су бөлу камералары негізгі /көлденең/ коллектордың қималарын және барлық су әкету жүйелерінің құнын азайту үшін қатты қарқындылы жаңбыр жауған кезде жаңбыр суының бір бөлігін суатқа тастау үшін қолданылады. Нөсер өткізгіштердің /су бөлу камераларының/ кейбір түрлері 8-суретте келтірілген.
Нөсер өткізгіштердің жұмыс принциптері техникалық-экономикалық және санитарлық талаптарға сай болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |