αбос= (23)
Резервуардың жұмыс бөлігінің сыйымдылығын табу үшін келесі теңдеу қолданылады:
W = Qmax trki, (24)
мұндағы Qmax– шекті қарқындылықтар тәсілі арқылы анықталатын есептік шығын мәні;
tr – есептеу жақтауына жететін уақыт;
k – ni, α мен αбос мәндеріне байланысты реттеуші резервуар көлемінің коэффициенті.
1.7 Жауын-шашын суын тазалау әдісі
Су әкету жүйесінің түрі жартылай бөлінген жүйе қабылданады. Ол көше бойымен екі параллель жабық құбырлар жүйесін білдіреді. Біріншісі – өндірістік-тұрмыстық, екіншісі – жаңбыр жүйесі.
Жауын-шашын желісін жалпы құбыр желісіне бөлгіш камералар арқылы қосады, ал жаңбыр көлемі нормадан асқан жағдайда суатқа тікелей тасталып тек қана ең ластанған бөлігі тазалауға жіберіледі.
Жауын-шашын суын механикалық тазалау құрылымдарына торлар, құм ұстағыштар, ашық және арынды гидроциклондар, жинақтаушы тұндырғыш резервуарлар, мұнайұстағштар мен реагентсіз режімде жұмыс істейтін сүзгілер кіреді. Торларды орнату кезінде саңылаулары 10 мм-ден аспау керек және әр жауын-шашын түскеннен кейін тазартылып отыруы керек.
Жауын-шашын суын тазарту үшін механикалық әдіс қолданылады. Механикалық тазалауды ерікті түрде жергілікті жердегі сарқынды суларды және де жергілікті тазалаудан өткен өндірістік кәсіпорындардың сарқынды суларын тазартуда пайдаланған дұрыс.
Механикалық тазарту сарқынды судан ажыраған, тұндырылған ,ерімеген ластар үшін пайдаланылады. Бұл жерде су тордан, құмұстағыштан, бірінші тұндырғыштан өткен соң биологиялық тазалауға жіберіледі. Тұндыруды тездету үшін табиғи аэрациямен мөлдіреткіштер, биокогуляторлар, жұқа қабатты тұндырғыштар қолданса болады.
Жауын-шашын суын тазалау әдістерін таңдау тазалаудың қажетті дәрежесінен, жаңбыр суының ластану дәрежесіне және де басқа себептерге байланысты.
Механикалық тазалау ғимараттарында бұл — қабылдағыш камералар, торлар, судың айналама қозғалысы бар құмұстағыштар, тік тұндырғыштар, бірінші өте ауыр және ірі қоспалардан, содан кейін ерімеген қалдықтардың негізгі түріне қарай ерекшеленеді[9].
7-кесте
Өнімділікке байланысты тазалау ғимаратының қабылданатын технологиялық картасы
Станция өнімділігі, м3/сағ
|
Шығу кезіндегі су
сапасы
|
Технологиялық схемасы
|
қалқым а заттар,
мг/дм3
|
мұнай өнімдері
, мг/дм3
|
25-тен кем
|
700
|
20
|
МТ→ҚҰ→ЖР→ГЦ→РШ→ЖТС→ТЖА
|
25-50
|
700
|
20
|
МТ→ҚҰ→(ЖТР)→РШ→ ЖТС→ТЖА
|
|
|
|
|
7-кесте жалғасы
|
500-1000
|
1000
|
40
|
МЕ→ҚҰ→ЖТР→РШ→ЖТС→ТЖА→КМСА
|
1000-1500
|
1500
|
50
|
МЕ→ҚҰ→ЖТР→РШ→ЖТС→ТЖА→
КМСА
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |