Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары


Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы



бет10/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Айнурға

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыстың тақырыбы Қазақстан тарихнамасында аз зерттелген мәселелер қатарынан орын алады. Нақтырақ айтсақ, бұл мәселелер Қазақстан тарихнамасында жеке алынып, жан-жақты зерттелмеген. Сондықтан, диссертациялық зерттеуде мынадай тың ғылыми ізденістер орын алды.
- ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап Осман империясы мен Германияның саяси жағдайы мен олардың халықаралық қатынастардағы роліне қатысты неміс деректері негізінде жаңа ғылыми тұжырымдар жасалды.
- Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстар тарихына қатысты жаңа саяси факторлар ашылып, олар бірнеше фактілермен дәлелденді. Екі мемлекеттің саяси байланыстарында Отто фон Бисмарктың саяси қызметіне заманауи көзқарас тұрғысынан баға берілді.
- Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстардың жоғары дәрежеде болуы мен екі ел арасында басқа да еуропалық мемлекеттерге (Австро-Венгрия, Ресей империялары, т.б.) қарсы әскери одақтың құрылуы туралы жаңа мәліметтер көрсетілді. Сонымен қатар, Германия мен Осман империясының саяси және әскери байланыстарының да жаңа тұстары көрсетіліп, Германияның Осман империясының Еуропадағы одақтасы болғандығы толық көз дәлелденді.
- Осман империясы мен Германияның экономикалық байланыстары бойынша осман деректері негізінде бірнеше тұжырымдар ғылыми талдауға түсті. Оның нәтижесінде жаңа ғылыми жаңалықтар ғылыми айналымға енгізілді.
- Германияның Осман империясының экономикалық өміріне тікелей әсері айқындалды, экономикалық салада екі мемлекеттің орнатқан қарым-қатынастарының жаңаша бағыттары анықталды.
- ХІХ-ХХ ғасырларда бүкіл әлемге танымал болған герман банкі Дойче банктің Осман империясының экономикалық өміріне тигізген оң әсері туралы неміс деректерінің негізінде жаңа ғылыми тұжырымдар ұсынылды.
- Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстардың дамуына серпін берген ең негізгі фактор Бағдат теміржолының салыну жобалары мен бұл теміржолдың екі мемлекеттің саяси байланыстарын одан ары дамытуға қосқан үлесі жайлы жаңа фактілер көрсетілді.
- Осман империясы мен Германия арасындағы экономикалық байланыстарын дамытудағы Берлин-Бағдат теміржолының ролі мен оның эксплуатациясы және жалпы қызметі мен оны пайдалануы туралы жаңа тұжырымдар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет