Диссертациялық кеңес төрағасы Б. Р. Рақышев 2008 г. 05. 05. 06 Кен машиналары



жүктеу 170.48 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі170.48 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ

ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ
ҚР БжәнеҒ М

Білім және ғылым саласындағы қадағалау

және аттестаттау комитетінің

23.02.2008ж. №327 бұйрығымен



БЕКІТІЛГЕН

Диссертациялық кеңес төрағасы

___________________Б.Р.Рақышев «_____»_________________ 2008 г.


05.05.06 – Кен машиналары

мамандығының


ҚЫСҚАША ПАСПОРТЫ

Астана, 2008



ПАСПОРТЫҢ МАЗМҰНЫ
I. Ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы

Техника ғылымдары


II. Мамандық формуласы

«Кен машиналары» - пайдалы қазбаларды ашық және жерасты тәсілдерімен өндіруде, тау-кен қазбаларын жүргізуде, геологиялық барлауда, шахталық және жерасты құрылысында және пайдалы қазбаларды байытуда қолданылатын кен, бұрғылау, тиеу-тасымалдау, көліктік машиналар, тұрақты жабдықтар, автоматтандырылған кешендер және механикаландыру құралдарын жобалау, жасау, пайдалану және жөндеудің ғылыми негіздерімен айналысатын ғылым мен техника саласы.


III. Зерттеу аймағы

1. Кен машиналары мен жабдықтарын пайдаланудың тау-кен техникалық жағдайларына бейімделген техникалық және экономикалық негізделген қолданылу аймағын анықтау.

2. Қазіргі заманғы математикалық әдістер мен есептеу техникасының құралдарын пайдаланып тау-кен өндірісінің өндірістік процестерін механикаландыру құралдарын жобалауды оңтайландыру.

3. Өнімділігі жоғары, қуатты, сенімді және бөлшектері сапалы агрегаттармен максималды жабдықталған өндірістік процестердің механизация құралдарын пайдалану және жөндеу жүйесінің ғылыми негіздерін жасау.

4. Кен, бұрғылау, тиеу-тасымалдау, көліктік машиналар, тұрақты жабдықтар және олардың элементтерінің сапасын арттыру, сенімділік, сапа көрсеткіштерін оңтайландыру әдістері мен тәсілдерін жасау.

5. Кен машиналары мен кешендерін дайындау технологияларын және олардың жерастында, карьерде, байыту фабрикаларында және геологиялық барлау кәсіпорындарында жұмыс жасау ерекшеліктерін ескеріп сынау әдістерін жасау және жетілдіру.

6. Кен машиналары мен оның элементтерін автоматты жобалау жүйесін (КАЖЖ – кен машиналары) жасау.

7. Кен жұмыстарын механикаландыру үшін кен машиналары кешендерінің оңтайлы параметрлерін таңдау және негіздеу.

8. Кен машиналарының қолданылу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін конструкциялар мен жұмыс режимін негіздеу үшін сыртқы орта ерекшеліктерін ескере отырып, кен машиналарының динамикалық жүктемесінің қалыптасу заңдылықтарын анықтау.

9. Кен машиналары мен жабдықтарының қолданудың техникалық жағдайларын нақты тау-кен техникалық жағдайларға сәйкес монтаждау, диагностикалау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жағдайларын оңтайландыру.


IV. Шектес мамандықтар шифрі мен атауы

25.00.22 – Геотехнология (жерастылық, ашық және құрылыстық)

25.00.13 – Пайдалы қазбаларды байыту

25.00.14 – Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы

05.05.04 – Жол, құрылыстық және көтерме-көліктік машиналары

05.02.13 – Машиналар, агрегаттар және процестер (салалар бойынша)


V. Шектес мамандықтардан айырмашылығы

05.05.06 – Кен машиналары мамандығының көрсетілген мамандықтардан жалпы ерекшелігі, мұнда жұмыс тиімділігін арттыру немесе қолдану жағдайларын ескеріп экологиялық, экономикалық, эргономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерді азайту мақсатында олардың параметрлерін өзгертуге арналған технологиялық машиналарды жобалау, жасау және пайдаланудың жаңа әдістерін жасауға бағытталған зерттеулер ғана қарастырылады.

«Кен машиналары» мамандағы байынша ғылыми зерттеулер «Геотехнология» (жерастылық, ашық және құрылыстық), «Пайдалы қазбаларды байыту», «Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы», «Жол, құрылыстық және көтерме-көліктік машиналары», «Машиналар, агрегаттар және процестер» (салалар бойынша) шектес мамандықтардан ерекшелігі, мұнда тау-кен өндірісінің спецификалық жағдайларын ескеруі керек: жұмыс кеңістігі, шаңгаз режимі, машиналардың тау-кен өндірісінің технологиясындағы басқа агрегаттармен өзара байланысы, қызмет көрсету қиындығы, жоғары беріктік коэффициентінің болуы, мұның барлығы дағдылы әдістер мен әдістемелерді өзгертуді талап етеді.

05.05.06 мамандығының паспорты Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың диссертациялық кеңесінің мәжілісінде талқыланған және қабылданған (9 қаңтар 2008ж., протокол №1).



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ

ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ
ҚР БжәнеҒ М

Білім және ғылым саласындағы қадағалау

және аттестаттау комитетінің

23.02.2008ж. №327 бұйрығымен



БЕКІТІЛГЕН

Диссертациялық кеңес төрағасы

___________________Б.Р.Рақышев «_____»_________________ 2008 г.


25.00.21 – Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері

мамандығының


ҚЫСҚАША ПАСПОРТЫ

Астана, 2008



ПАСПОРТТЫҢ МАЗМҰНЫ

I. Ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы

Техника ғылымдары



II. Мамандық формуласы

«Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері» - жер қойнауын тиімді және кешенді игеру, қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа технология мен техникалық құралдар арқылы қабылданған және басқа да маңызды мәселелерді шешу үшін жер қойнауының техногендік түрлену параметрлерін анықтау әдістемесі мен олардың өзара байланысу заңдылықтары туралы білімдер жүйесі интеграцияланатын тау-кен ғылымының саласы.

Кен-техникалық, кен-механикалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері – кен-техникалық, кен-механикалық жүйелердің табиғи геожүйелермен байланыстағы жиынтығы ретінде технологендік геожүйе объектілерінің параметрлерін таңдау кезінде шешімдерді математикалық, ақпараттық және техникалық-экономикалық қамтамасыз ету, әртүрлі модельдерді, әдістемелерді жасауды негіздеу үшін база болып табылады.

III. Зерттеу аймағы


  1. Тау-кен геологиялық ақпараттарды пайдаланып пайдалы қазбалардың, технологендік түзілулердің жату заңдылықтарын анықтау үшін техникалық құралдар мен әдістерін жасау.

2. Кен кәсіпорындарын (кеніштер, шахталар, байыту фабрикалары, мұнайгазжелілері, қоймалар) жобалау әдістемесін жасау пайдалы қазбалар кенорындарын игерудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін, техникалық мүмкіндігін, олардың құрылысының экономикалық тиімділігін зерттеу және негіздеу мәселелерін қамтиды. Кен, мұнай-газ кәсіпорындарының дамуын, кен алынған кеңістікті және кен-металлургиялық, мұнай-газ, энергетикалық және басқа да өндіріс қалдықтарын қауіпсіз пайдалануды негіздеу.

3. Карьерлерді, кеніштерді және мұнай-газ өндірісін мемлекет, регион шекарасында орналастыру теориясын және кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіре отырып жер қойнауын кешенді игерудің ғылыми негіздерін жасау.

4. Кен-техникалық, кен-механикалық жүйелерді жобалауды математикалық, ақпараттық, техника-технологиялық және техника-экономикалық қамтамасыз ету, компьютерлік модельдеу және нәтижелерді болжауды негіздеу. Ашу сұлбасын, қазу жүйесін, кен жұмыстарын кешенді механикаландыру сұлбасын, қоршаған ортаны қорғау шараларын және технологиялық процестер параметрлерін негіздеу бойынша жобалық шешімдерді оңтайландыру.

5. Жер қойнауын кешенді игеру, минерады шикізат қорларын тиімді қазып алу және өндіру және байыту барысында оны кешенді пайдалану әдістемесін, принциптерін және әдістерін жасау. Жоба сапасын, тау-кен, мұнай-газ кәсіпорындарының нарықтық конъюнктура жағдайындағы жұмысының экономикалық тиімділігін, экологиялық қауіпсіздігін бағалау.

6. Кенорнын тиімді игеруге әсер ететін факторлар, параметрлер мен көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау; кен-техникалық жүйелердің техникалық жағдайларын үздіксіз бақылау және басқару.

7. Шахты және карьер алаңдарының, техногендік объектілердің тау-кен геометриялық талдау принциптерін, әдістерін жасау; кенорындарын, шахты, карьер және мұнай-газ өндірісін математикалық модельдеу; карьерлік және шахты ішіндегі жүкағындарды, ашу тәсілін және деңгейжиектерді дайындау тәсілдерін негіздеу; кәсіпорынның өндірістік қуатын анықтау; тау-кен, мұнай-газ өндірісінің өнім сапасын арттыру және номенклатурасын жасау. Кен жұмыстарын жобалау, жоспарлау және басқарудың автоматтандырылған әдістері мен жүйелерін жасау, кен-техникалық, кен-механикалық жүйелердің қызметін талдау және бағалау.

8. Жер қойнауын игеру стратегиясының ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау, кен-техникалық, кен-механикалық жүйелердің мониторингінің принциптерін, экономикалық негіздерін және нарықтық жағдайды жетілдіру, өндірілетін өнім және тұтынылатын материалдар бағасын болжау.
IV. Шектес мамандықтар шифрі мен атауы

05.05.06 – Кен машиналары

25.00.19 – Мұнайгаз желілерінің, қоймаларының құрылысы және пайдалану

25.00.22 – Геотехнология (жерастылық, ашық және құрылыстық)

25.00.35 – Геоинформатика

25.00.36 – Геоэкология


V. Шектес мамандықтардан айырмашылығы

25.00.21 мамандығы саласындағы әртүрлі ғылыми, ғылыми-техникалық шешімдерді қабылдау басқа шектес мамандықтардың әдістерін белсенді қолдануды талап етеді: «Кен машиналары», «Мұнайгаз желілерінің, қоймаларының құрылысы және пайдалану», «Геотехнология» (жерастылық, ашық және құрылыстық), «Геоинформатика» және «Геоэкология» (техникалық ғылымдар). Бірақ, жер қойнауын игеруді жобалау теориясында ғылыми зерттеу нысаны аталған мамандықтар әдістері емес, сол әдістерді пайдалы қазбаларды игеру, мұнай-газ өндірісін немесе оның жеке бөліктерін игеру үшін кен-техникалық жүйелердің оңтайлы параметрлерін негіздеуде тиімді қолдану.

«Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері» мамандығы бойынша ғылыми зерттеулердің «Кен машиналары», «Мұнайгаз желілерінің, қоймаларының құрылысы және пайдалану», «Геотехнология» (жерастылық, ашық және құрылыстық), «Геоинформатика» және «Геоэкология» мамандықтарынан ерекшелігі: олар бастапқы мәліметтері тұрақты емес, еңбек нысаны қалпына келмейтін, объектілердің масштабы мен қызмет мерзімінің ұзақтығымен, қабылданған шешімдер мен оларды іске асыру уақытының ұзақтығымен, объектінің қызмет барысында осы шешімдерді згеру қиындықтарымен байланысты тау-кен және мұнай-газ объектілерінің параметрлерін таңдау және оларды конструкторлау бойынша қабылданған шешімдердің критерилері мен есептеу әдістерінің жиынтығын қамтиды.

25.00.21 мамандығының паспорты Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың диссертациялық кеңесінің мәжілісінде талқыланған және қабылданған (9 қаңтар 2008ж., протокол №1).



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ

ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ

ҚР БжәнеҒ М

Білім және ғылым саласындағы қадағалау

және аттестаттау комитетінің

23.02.2008ж. №327 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Диссертациялық кеңес төрағасы


___________________Б.Р.Рақышев «_____»_________________ 2008 г.


25.00.22 – Геотехнология (жерастылық, ашық және құрылыстық)

мамандығының


ҚЫСҚАША ПАСПОРТЫ

Астана, 2008



ПАСПОРТЫҢ МАЗМҰНЫ
I. Ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы

Техника ғылымдары


II. Мамандық формуласы

Геотехнология (жерастылық, ашық және құрылыстық) – бұл пайдалы қазбаларды жер қойнауынан және су қоймаларынан ашық, жерасты, ұңғылық және суасты тәсілдерімен қазып алу; жерасты шахтыларын салу; қатты пайдалы қазбаларды қазып алу кезінде пайда болған кен алынған кеңістікті пайдалану; Геотехнологиялық процестер кезіндегі заңдылықтар және оларды жер қойнауын игеруде қолдану туралы тау-кен ғылымдырының кешені.


III. Зерттеу аймағы

1. Пайдалы қазбалар кенорындарының жеке учаскелеріне кіру тәсілдерін іздестіру (кенорнын ашу).

2. Қазу жүйесінің теориялық негіздерін жасау, кен өндірісінің негізгі технологиялық процестерін зерттеу және олардың негізінде кен жұмыстарының циклді, циклді-ағымды және ағымды технологияларын жасау.

3. Кен қазбаларының параметрлерін, тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін, олардың деформациялық жағдайын және техногендік әсерді ескеріп, оларды жүргізу тәсілдерін және пайдалану процесінде қалпында ұстау тәсілдерін.

4. Кен жұмыстары режимдерін зерттеу және табиғи және техногендік кенорындарын игеру кезегі мен қарқындылығын негіздеу; кен кәсіпорындары мен технологиялық процестерді басқару жүйесін жасау.

5. Шахталар мен кеніштердегі газоаэродинамикалық және шың режимдерін басқару тәсілдері; технологиялық процестердің тау жыныстары массивінің жағдайымен және тау-кен кәсіпорны атмосферасымен өзара байланысын зерттеу.

6. Өндірілетін шикізат сапасын басқару әдістері мен тәсілдері.

7. Тау-кен геологиялық ортаның, пайдалы қазбалардың физикалық, агрегаттық немесе химиялық жағдайын өзгертіп, арнайы ұңғылар арқылы өндіру кезіндегі жер қойнауындағы физикалық, химиялық және технологиялық процестердің негізгі заңдылықтарын зерттеу.

8.Технологиялық процестердің табиғаттың объективті заңдылықтарымен өзара байланысын жерасты жағдайларында жасанды жүйелерге қатысты зерттеу.

9. жерасты қондырғыларының беріктік, орнықтылық және ұзақ мерзімділігін зерттеу, жерасты құрылысының технологияларын, әдістерін және құралдарын іздестіру.

10. Өндірілген пайдалы қазбаны қоймалау технологиясы, карьер және шахта жыныстарын үйінділеу.

11. Кен алынған кеңістікті өшіру.

12. Кен қазбаларын консервациялау және жою.

IV. Шектес мамандықтар шифрі мен атауы

05.23.11 – Жол, метрополитен, аэродром, көпір және көлік туннелдерін жобалау және құрылысы.

05.26.01 – Еңбекті қорғау.

25.00.14 – Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы.

25.00.20 – Геомеханика, жыныстарды аттырып бұзу, кеніштік аэрогазодинамика және тау-кен жылулық физикасы.

25.00.21 – Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері. 25.00.35 – Геоинформатика.

25.00.36 – Геоэкология.
V. Шектес мамандықтардан айырмашылығы

25.00.21 мамандығы бойынша ғылыми зерттеулерде қойылған мәселелерді шешу үшін шектес мамандықтардың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану қажет: «Жол, метрополитен, аэродром, көпір және көлік туннелдерін жобалау және құрылысы», «Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы», «Геомеханика, жыныстарды аттырып бұзу, кеніштік аэрогазодинамика және тау-кен жылулық физикасы», «Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері», «Геоинформатика», «Геоэкология».

Бұл әдістерді геотехнология саласында қолдану зерттеулер нәтижесінің сапасын арттырады.

Жол құрылысы, тау-кен қазындысын тасымалдау үшін көпір сияқты әртүрлі көмекші қондырғылардың конструкциясын таңдау, жалпы және арнайы көлік түрлерін қолдану мәселелерін «Жол, метрополитен, аэродром, көпір және көлік туннелдерін жобалау және құрылысы» мамандығы қарастырады.

Пайдалы қазбалар кенорындарын алдын ала, эксплуатациялық барлау кезінде кен қазбаларын жүргізу технологиясы мен техникасын «Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы» мамандығы қарастырады.

Тау жыныстары массивінің деформацияланған жағдайын, тау жыныстарын бұзу тәсілдерін, геотехнология объектілеріндегі газоаэродинамикалық процестерді «Геомеханика, жыныстарды аттырып бұзу, кеніштік аэрогазодинамика және тау-кен жылулық физикасы»

Жалпы негізгі және көмекші процестер бойынша тау-кен өндірісін жобалау теориясын «Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері» мамандығы қарастырады.

Кенорнын пайдаланудың барлық кезеңдерінде тау-кен өндірісінің биосфераның негізгі элементтеріне (ауа және су бассейндері, табиғи ландшафт, жер қойнауы) әсерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін «Геоэкология» мамандығы қарастырады.

Жер бетіндегі өндіріс ғимараттарында және жерасты қазбаларында еңбек жағдайын жақсарту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық шаралар кешендерін жасау және зерттеулер жүргізу мәселелерін «Еңбекті қорғау» мамандығы қарастырады.

Пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процестерін оңтайландыру бойынша бағдарламалық кешендерді жасау, мәліметтер базасы мен банкін жасауды «Геоинформатика» мамандығы қарастырады.

25.00.22 мамандығының паспорты Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың диссертациялық кеңесінің мәжілісінде талқыланған және қабылданған (9 қаңтар 2008ж., протокол №1).


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ

ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ
ҚР БжәнеҒ М

Білім және ғылым саласындағы қадағалау

және аттестаттау комитетінің

23.02.2008ж. №327 бұйрығымен



БЕКІТІЛГЕН

Диссертациялық кеңес төрағасы

___________________Б.Р.Рақышев «_____»_________________ 2008 г.
25.00.16 - Тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ кәсіпшілігі геологиясы, геофизика, маркшейдер ісі және жер қойнауының геометриясы

мамандығының


ҚЫСҚАША ПАСПОРТЫ

Астана, 2008



ПАСПОРТЫҢ МАЗМҰНЫ
1. Мамандық формуласы

Тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ кәсіпшілігі геологиясы, геофизика, маркшейдер ісі және жер қойнауының геометриясы – тау-кен және мұнай-газ өндірісінің тиімділігін арттыру, жер қойнауын кешенді пайдалану және сақтау үшін тау жыныстары массивін жағдайын, жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында қазып алынатын және пайдаланылатын пайдалы қазбалардың (георесурстар) қорлары мен сапасын басқарудың ғылыми негіздерін жасауға бағытталған тау-кен ғылымдары. Мамандықтың зерттеу нысаны: геологиялық объектілерді өндірістік игеру мүмкінділігін, тиімділігін анықтайтын кеңістіктік-морфологиялық, көлемдік-сапалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да мүмкін факторлар мен параметрлерді кешенді зерттеу; кенорнын игерудің барлық сатыларында тау-кен геологиялық объектілердің әртүрлі көрсеткіштері арасындағы байланыстарды алдыңғы қатарлы әдістермен және тәсілдермен зерттеу.

Бұл мамандықтың негізгі міндеті тау-кен өндіру және газ өндіру және газ өндіру өндірістерін, жерасты қондырғыларын жобалау, құрылысы, қайта жаңғырту, пайдалану, жою және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу кезінде тау жыныстары массивін жағдайын, жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында тау жыныстары массивін жағдайын, пайдалы қазбалардың қорлары мен сапасын тиімді басқару жөнінде сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.
2. Зерттеу аймағы


  1. Геологиялық объектілерді өндірістік игеру үшін пайдалы қазба қорлары мен сапасын сипаттайтын геологиялық факторлар мен параметрлерді зерттеу және талдау.

  2. Тау-кен геологиялық объектілердің көрсеткіштерінің заңдылықтары мен өзара байланысын зерттеу, кенорнын кешенді және тиімді пайдалану үшін минералды шикізат сапасын бағалау.

  3. Қатты пайдалы қазбаларды, мұнай және газ кенорындарын , сонымен қатар су ресурстарын зерттеу және игеру кезіндегі жер қайнауын геометриялау әдістерін жетілдіру.

  4. Тиімді барлау тәсілдерінің кешендері негізінде құрылыс тау жыныстарын, олардың сапалық қасиеттерін және кенорнын тиімді игеру параметрлерін зерттеу.

  5. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сапасының таралуын геометриялау, өндірілетін минералды шикізат көлемін және сапасын, толық қазып алу және кенорнын кешенді пайдалану шараларын басқару.

  6. Тау-кен және барлау ісінің мәселелерін шешу мақсатында кенорнының сапалық және сандық сипаттамалары мен көрсеткіштерінің сандық модельдерін жасау.

  7. Пайдалы қазбаларды кешенді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау үшін кен жұмыстарын жобалау және жоспарлау, пайдалы қазба қорлары мен сапасын басқару, үйінділерді орналастыру мәселелерін шешу үшін тау-кен геологиялық, маркшейдерлік, геофизикалық ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.

  8. Карьер жағдауларының орнықтылығын бағалау және есептеу әдістерін негіздеу; пайдаланылатын ғимараттар мен қондырғылардың, табиғи объектілердің, деформациясын және олардың қоршаған ортамен өзара әсерін бағалау әдістерін жасау.

  9. Барлау, маркшейдерлік түсірістер, сынамалау, геофизикалық және арнайы зерттеулер нәтижесінде алынған бастапқы мәліметтерді жинау.

  10. Минералды шикізаттың қосымша көздерін алу, кенорнын қауіпсіз және тиімді қазу үшін техногендік массивтерді (кенорындарын), қалдық қоймаларын кешенді геологиялық және тау-кен техникалық зерттеу.

  11. Пайдаланылатын кенорындарын геологиялық зерттеу әдістерін, құралдарын, технологиясын және ұйымдастыруды жетілдіру, кенорнын игеру барысында толық барлау, эксплуатациялық барлау және геологиялық-өндірістік бағалау жұмыстарының тиімділігін арттыру.

2.12. Пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде геологиялық объектілердің, пайдалы қазба мен бос жыныстардың құрамы мен қасиетінің өзрегуін математикалық бағалау және геометриялық интерпретациялаудың теориялық негіздерін жасау.

2.13. Кенорнын зерттеу және игерудің барлық сатыларында жер қойнауын компьютерлік геометриялау әдістерін жетілдіру, геоақпараттық жүйедерді пайдаланып (ГИС) геологиялық объектілерді модельдеудің жаңа түрлері мен тәсілдерін дамыту.

2.14. Жер қойнауы квалиметриясының әдістерін және жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында пайдалы қазба сапасын басқарудың әдістемелік негіздерін жетілдіру.

2.15. Сертификаттау, стандарттау және метрология талаптарына сәйкес пайдалы қазба сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді кешенді зерттеу.

2.16. Пайдалы қазбаларды жер қойнауынан сапалы және толық қазып алуды бағалау әдістемелерін жасау.

2.17. Эксплуатациялық барлау торларының параметрлерін оңтайландыру, оларды орналастыру, әртүрлі морфологиялық типтерді нұсқалау әдістерін негіздеу және геологиялық мәліметтердің сенімділігін бағалау.

2.18. Компьютерлік технологияны пайдаланып пайдалы қазбалар қорларын есептеу, кенорнының жеке учаскелері бойынша геологиялық объектілер қорларын есептеу дәлдігін бағалау тәсілдерін жетілдіру.

2.19. Жер қойнауын пайдалану кезінде пайдалы қазбаның баланстық қорларының ашылған, дайындалған және қазуға дайын қорларын негіздеудің әдістемелік негіздерін жасау.

2.20. Ақпараттық база сенімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы аспаптар мен түсіру тәсілдерін қолданып кен жұмыстарын маркшейдерлік қамтамасыз ету, сонымен қатар тау-кен графикалық құжаттаманы автоматтандыру әдістері мен құралдарын зерттеу.

3. Шектес мамандықтар шифрі мен атауы

25.00.08 – Инженерлік геология, топырақтану.

25.00.17 – Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану.

25.00.20 - Геомеханика, тау жынысатын бұзу.

25.00.22 - Геотехнология, физика-техникалық, физика-химиялық, құрылыстық.

25.00.26 – жерге орналастыру, кадастр және жер мониторингі.

25.00.32 - Геодезия.

25.00.35 - Геоинформатика.

25.00.36 - Геоэкология.

05.01.01 – Инженерлік геометрия и компьютерлік графика.



25.00.16 мамандығының паспорты Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың диссертациялық кеңесінің мәжілісінде талқыланған және қабылданған (9 қаңтар 2008ж., протокол №1).


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет