Дістемелік кешені



бет62/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Сабақтың мақсаты: Роман-хамсаның мазмұндық, көркемдік сипатымен танытыру. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясымен салыстыра түсіндіру. Құнанбай бейнесіне тоқталу. Роман композициясын таныту.
Сабақ жоспары:
1.Роман хамсадағы Хакім Абай және оның шәкірттері.
2.Роман-хамсадағы Алаш көсемдерінің бейнесі.
3.Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіндегі драматургия
4.Қ.Ысқақов пьесаларының тақырыптық ерекшеліктері
5.Иранғайыптың «Қорқыттың көрі», «Мен ішпеген у бар ма», «Былыққа батқан қала» пьесалары.
Бақылау сұрақтары:
Романдағы оқиғалар жүйесіне тоқталсаңыздар.
Кейіпкерлері. Абай мен Құнанбай тұлғасы. Кейіпкерлер жүйесі.
Романның көркемдік-идеялық мәні.
Соңғы жылдардағы романдарында қаламгер қазақ қоғамына еңбегі сіңген қайраткерлер туралы осы тарихи тұлғалар характерін жасау үшін сол кезеңдегі тарихи жағдайды, әлеуметтік ортаны терең зерттеп, әрқилы тарихи материалдарға үңіліп, осы қоғам қайраткерлерінің толық бейнесін жасап шығарған. Абайдың азаматтық, күрескерлік, мәмілегерлік рухына қатысы бар, саяси-әлеуметтік оқиғаларды жинақтап, іріктеп алу жағы сәтті шыққан. Әр қилы тарихи оқиғаларға, халық аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Абайдың ішкі жан-дүниесі, адамгершілік парасаты, мәмілегерлік саясатындағы қалтарыстарға қатысты тұстарды орынды және осы әлеуметтік оқиғаларды іріктеп, жинақтауда да ұқыптылық байқалады. Шығарма соңында: «Абайдың айтатыны да осы: «Басыңа һәм өзіңе өзгешелік бермек – адам ұлын бір бұзатын іс»,-деп. Өзгеден артылам, өрлігімді танытам деп нәрсіздікке, арсыздыққа баратынын айтып ескертіп отыр. Өзіңе сақтық, қатаң талап, өзгеге аяушылық пен мейірім керек. Тірлігіңде сүйенген, сенген дәуреніңді жалған етпесін. Оны жалған ететін болса, кеңшілігі тәңірден ғана күтілсін. ...Осы деп білеміз біз – адамзатқа мирас Абай тағылымы»,- деп қорытындылап, халқының бүгінгі рухани өміріне қатысты өткен замандағы тарихи шындықты жастарға айтып, түсінікті етіп бедерлеген.
1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2015
2. Дүйсенов М. Ақын мұраты. А., 2011
3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2010
4. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А., 2015
5. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. А., 2013
6. «Қазақтың 100 романы». Астана, 2014
7. Тәуелсіздік тудырған романдар. Астана, 2012
13 практикалық сабақ тақырыбы. Қазіргі қазақ романдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет