|
Кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)
| VI.Құрал-сайман |
өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу,ұру саймандары, штамптар т.б.)
| VII.Өндірістік түгендеме (инвентарь) |
өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.)
|
VIII.Шаруашылық түгендеме (инвентарь)
|
Көбейту және қайта түсіру аппараттары,стол, шкаф т.б.
|
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және гоеграфиялық жағдайлары және т.б.
2 Негізгі қорларды бағалау. Физикалық және моральді тозу. Негізгі қорлардың амортизациясы.
Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға немесе сатып алуға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.
Негізгі қорлардың баланстық құны –сатып алынған негізгі қордың бастапқы құны кәсіпорынға келгеннен кейін балансқа тіркелеген құн.
Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құн – негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны кәсіпорынның қор қайтарымдылығын, қор сиымдылығын және басқа да экономикалық көрсеткіштер үшін анықталады және ол негізгі қорлардың толық бастапқы құны бойынша, енгізу құны мен жойылу құнын ескере отырып табылады. Оны мына формула бойынша анықтайды:
Қ орт = Қ бас + (Қ енг * n)/ 12 – (Қ жой * m)/ 12
Мұндағы Қ орт – негізгі қордың орташа жылдық құны;
Қ бас - негізгі қордың толық бастапқы құны;
Қ енг – жыл ішіндегі негізгі қордың енгізілген құны;
Қ жой – жыл ішіндегі негізгі қордың жойылу құны;
n – негізгі қордың енгізілген кезеңінен бастағандағы қызмет көрсеткен ай саны;
m – негізгі қорлардың шығарылған кезеңінен жыл соңына дейінгі ай саны.
Негізгі қорды қайта бағалау әдістері эксперттік және баға индексі жүйесі арқылы жүргізіледі. Эксперттік әдісте кәсіпорында, салаларда тәжірибелі, білікті инженерлер мен экономистерден комиссия құралып, негізгі қорды тексереді, яғни түгендеу (инвентаризация) жүргізеді. Ал баға индексі әдісінде негізгі қор топтары үшін тағайындалған баға индексін баланстық құнға көбейту арқылы жүргізіледі.
Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады.Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу. Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу - жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады.
Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.
Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі.Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады.
Амортизациялық аударым - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды.Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.
Амортизациялық жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:
Н = Қбас - Қжой х 100% (пайыз)
Қбас х Т
Мұндағы: Қбас – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге,
Қжой – жайылған негізгі қорлардың құны, теңге;
Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты) , жыл.
Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:
А = Н х Қорт
Мұндағы: А – амортизациялық аударым, теңге
Н – амортизациялық нормасы ( %);
Қорт - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.
Амортизациялық нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;
моральдық тозу;
техникалық қайта құру жоспары;
жабдықтардың балансы;
модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
Амортизацияны есептеу әдістері пропорционалды және регрессивті немесе жеделдетілген амортизация әдісі. Пропорционалды амортизация әдісі негізгі қордың барлық жұмыс жасау мерзімі әшәнде амортизациялық аударым негізгі қордың бастапқы құнынан белгіленген норма бойынша есептеледі. Ал регрессивті әдісте амортизациялық аударымның негізгі бөлігі негізгі қорды пайдаланудың бастапқы жылдарында есептеледі, амортизациялық кезең қысқарады, жабдықтарды тездетіп ауыстыруға қаржылық жағдай жасалады. Пропорционалды әдістің өзі екіге бөлінеді: бірқалыпты тәсіл – негізгі қорлардың бастапқы құны мен амортизация нормасы бойынша анықталады; бірқалыпсыз тәсілде негізгі қорлардың қалдық құны мен амортизация нормасы бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |