3 Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі
Сабақтың мақсаты - инвестициялық және инновация қызметтің мәні және принциптерімен танысу.
Семинар жоспары
1 Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік.
2 Қазақстан Республикасындағы инвестиция.
3 Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері.
4 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау. Құрылыстағы уақыт факторы.
Ұсынылатын әдебиеттер - 1-12
Есеп 1
Таза дисконтталған табыс және табыстылық индексін табыңыз егер күрделі салымдар немесе бір реттік шығындар З1-160 мың теңге, З2-200 мың теңге, З3- 400 мың теңге, З4-480мың теңгеге тең болған жағдайда.
Таза табыс R1- 0; R2- 640 мың теңге, R3-1440 мың теңге, R4- 1520 мың теңге, дисконт нормасы 100% немесе Е=1,0
Есеп 2
Өнімнің сапасы мен өндірістік шығындарды төмендету бағытында кәсіпорынның негізгі цехтардың бірінде техникалық қайта жарақтандыру идеясы көзделіп отыр. Бизнес жоспарды құрастыру негізінде цехты техникалық қайта жарақтандыру үшін СІ = 1,5 млд. теңге, ал Ri (ақша ағымдары) жылдар бойынша : 1 жыл 0,5 млд. теңге; 2 жыл; 3 жыл -1,7; 4 жыл -2,5; 5 жыл – 3,2 млд. теңге. Қондырғының нормативтік қызмет ету мерзімі 5 жыл. Дисконт ставкасы 12 пайыз мөлшерінде қабылданады.
Цезты техникалық қайта жарақтандыру кезіндегі инвестицияның тиімділігін анықтаңыз.
Есеп 3
Жыл бойы эшелондырылған әртүрлі өндіріс қорына күрделі қаржы салудың үш түрі салыстырылады. Дисконттің 0,2 мөлшеріндегі түрі бойынша күрделі қаржы салуды толық (дисконттауды ) анықтау керек.
Түрлері
|
Жылдар бойынша күрделі қаржы салу көлемі
|
Күрделі қаржы бөлудің көлемі, сомасы
|
1- ші жыл
|
2-ші жыл
|
3 – ші жыл
|
4-ші жыл
|
І
|
10
|
10
|
10
|
10
|
40
|
ІІ
|
|
20
|
15
|
10
|
45
|
ІІІ
|
|
|
30
|
20
|
50
|
Шешімі: Түрлері бойынша күрделі қаржы салу толық (дисконтталған) сомасы, млн.тг
І. 10/1+0,2+10/(1+0,2)2+ 10/(1+0,2)3+ 10/ (1+0,2)4= 25,88
ІІ. 0/1+0,2+20/(1+0,2)2+ 15/(1+0,2)3+ 10/ (1+0,2)4= 27,38
ІІІ. 0/1+0,2+0/(1+0,2)2+ 30/(1+0,2)3+ 20/ (1+0,2)4= 27,00
Есеп 5
Өнеркәсіптегі өндірісті электлендіру коэффициентін төмендегідей берілгендерді қолданып есептеңіздер:
өнімнің жылдық көлемі 50 мың т;
электр энергиясының меншікті шығыны:
а) технологиялық мақсаттарға қажет энергия 480кВт сағ.
б) электр энергиясымен жылу энергиясының өндірісі 300кВт сағ.
- өндірісте қолданылатын энергияның барлық түрінің жылдық шығыны 22 млн кВт сағ.
Шешуі:
Электр энергиясының жылдық пайдалану санын табамыз:
W=(50000*480)+(50000*300)=39 млн кВт сағ.
Осыдан электрлендіру коэффициенті:
Кэл= Wэл/Wэн=39млн кВт сағ/22млн кВт сағ =1,77
Есеп 6
Өнеркәсіптік өндірістің электрлендіру коэффициентін төмендегі берілгендерді пайдаланып есептеңіздер:
жылдық өндіріс көлемі 20 мың тонна;
электр энергиясының меншікті шығыны:
а) технологиялық мақсаттарға қажетті энергия 200 кВт сағ;
б) электр энергиясы және жылу энергиясының өндірісі 100 кВт сағ;
в) сығылған ауа және т.б өндірісі – 50 кВт сағ;
- барлық энергиялардың жылдық шығыны, өндірісте пайдаланылатыны – 5 млн. кВт сағ.
Есеп 7
Еңбекті потенциалды және факт бойынша электрмен қамтамасыз етуді анықтау қажет.
Бастапқы берілгендер: зауыттағы электроаппараттар және электормашиналардың жалпы қуаты 80000 кВт. Өндіріс прцесінде пайдаланылған электр энергиясының көлемі 98 млн кВт сағ. Кәсіпорындағы жұмыс істейтін жұмысшылар саны 6000 адам, әрқайсысы 1900 сағат жұмыс істейді.
Есеп 8
Цехтағы тиеу- түсіру жұмыстарының жылдық көлемі 250000 тонна, олардың 20000 тоннасы қол еңбегін пайдаланумен іске асты. Тиеу-түсіру операцияларындағы 40 адамның 10-ны қол еңбегінмен жұмыс істейді.
Өндірістік процесті механикаландыру коэффициентін анықтаңыздар.
Есеп 9
Есепті жылда өнімді дайындаудағы материалдық шығындар сомасы 4200 мың теңгені құрайды, оның 700 мың теңгесі химиялық материалдар құнына кетті. Жалпы жылдық өндіріс көлеміндегі еңбек сыйымдылығы 360 мың адам – сағ, химиялық процестер көмегімен дайындалатын өнімнің еңбек сыйымдылығы -45 мың адам – сағ.
Еңбек шығындары мен химиялық материалдар шығыны бойынша химияландыру коэффициентін анықтаңыздар.
Есеп 10
Келесі берілгендерді пайдаланып өнеркәсіпті химияландырудың үш жылдағы өзгеру деңгейін анықтаңыздар
-
р/с
|
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
ІІІ
|
ІІ
|
І
|
1
|
Химиялық өнімдер өндірісі
|
21,1
|
24,7
|
49
|
2
|
Өнеркәсіптік өнімнің барлық өндірісі
|
373
|
540
|
645
|
Есеп 11
Өндірісте 27 операция орындалады, соның ішінде 14-і автоматтандырылған құрал – жабдықтарда орындалады. Алдыңғы жылы осы операциялардың 8-і автоматтандырылған. Келешекте 4 операцияны автоматтандыру жоспарлануда.
Технологиялық процесті автоматтандыру коэффициентін анықтаңыздар.
|