Дістемелік кешені



бет68/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
umkd - str-22-31

Сабақтың мақсаты - еңбек ақы мәні мен оның қалыптасуын оқып білу, мерзімді және кесімді еңбекақы формаларын қарастыру.
Семинар жоспары

  1. Еңбекақы төлеудің мәні мен қағидалары. Еңбекақының қызметі.

  2. Еңбекақыны анықтайтын факторлар

  3. Еңбекақы түрлері

  4. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және элементтері.

  5. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.

Ұсынылатын әдебиеттер - 1-12
Есеп 1
Цехта мерзімді жұмыста, еңбектің бірқалыпты жағдайында 200 жұмысшы жұмыс істейді, соның ішінде 40 жұмысшы ІІ разрядпен, 55-ІІІ, 65 –ІV, 20-V, 20-VІ разрядпен жұмыс істейді.
Цех жұмысшысының орта сағаттық қойылымын және орташа тарифтік разрядын есептеңіз.

Шешуі:
Орташа тарифтік коэффициентін анықтаймыз:


Lорт.к=1,03*40+1,21*55+1,33*65+1,5*20+1,715*20/200=1,2925
Орташа тарифтік разряд:
Lорт.р = 3+1,2925-1,21/1,33-1,21
Орташа тарифтік қойылым:
L орт.к= 48,7*40+53,9*55+59,6*65+67*20+76,7*20/200=58,3


Есеп 2
Цехта мерзімді жұмыста, еңбек етудің ауыр жағдайында 110 жұмысшы жұмыс істейді, соның ішінде 10 жұмысшы ІІ разрядты, 30-ІІ, 40-ІV, 15-V, 15-VІ.
Цех жұмысшыларының орташа сағаттық қойылымын және орташа тарифтік разрядын есептеңіз.
Есеп 3

ІV разрядты аппаратшының бір ауысымдағы өнімділік мөлшері 0,45 тонна. Ал факт бойынша ол 0,51 тонна өнім өндіреді. Еңбек жағдайы зиянды.


Аппаратшының күндік кесімді жалақысын және өнімділік мөлшерін орындау пайызын есептеңіз.
Есеп 4

Еңбегі мерзімді – сыйлықтық жүйе бойынша төленетін V разрядты кезекші слесарьдың айлық жалақысын есептеңіз.


Цехтағы құрал – жабдықтардың тоқтап тұруы 10%-ға төмендеді. Құрал – жабдықтардың тоқтап тұруының төмендеуінің әрбір пайызы үшін тарифтік жалақының 2,5 % мөлшерінде сыйлық төленеді. Жұмысшы бір айда 23 күн жұмыс істеді. Ауысым ұзақтығы 8 сғст. Еңбек ету жағдайы ауыр.
Есеп 5
V разрядты тоқымашы бір айда 23 күн жұмыс істейді, аусымдағы өнім мөлшері 1,4 тонна, айына 42 тонна өнім өндірді. Еңбек ету жағдайы ауыр, аусымның ұзақтығы 6 сағат. Айлық өнімділік мөлшерін орындағаны үшін жұмысшыға тарифтік қойылымның 10%-ы көлемінде сыйлық төленеді. Және сонымен қатар өнімдердің жарамсыздығын қысқартудың әрбір пайызына тарифтік қойылымның 1%-ы көлемінде сыйлық төленеді. Бір айдың ішінде өнімнің жарамсыздығы мөлшерге қарсы 6%-ға қысқарды.
Тоқымашының айлық жалақысын есептеңіз.


Есеп 6
ІV разрядты жұмысшының ауысымдағы өнімінің мөлшері 48 тонна деп бекітілген. Еңбек ету жағдайы ауыр, ІІІ разряд бойынша тариф белгіленеді. 22 жұмыс күнінде өндірілген өнім көлемі 1150 тонна болды. Жұмысшыға өнімділік мөлшерін орындағаны үшін 10% көлемінде және асыра орындаудың әрбір пайызына тарифтік жалақының 1,5% көлемінде сыйлықтар төленеді.
Жұмысшының айлық жалақысын есептеңіз.



12 . Құрылысты материалды - техникалық қамтамасыздандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет