Дістемелік кешені



бет29/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
umkd - str-22-31

С = (Z(1) өнд. / X(2)дайын өнім) + (Z(2)өнд. / X(2)дайын өнім) + … + (Z(п)өнд./ X(п)дайын өнім) + (Z өнд,емес шығ. / Xөнд.өнім)

Мұндағы Z(і) өнд. – і кайта бөлу кезіндегі өндірістік шығындар, ақша бірл.
X(і)дайын өнім – і қайта бөлудің табиғи өлшемдегі дайын өнімі
Z өнд,емес шығ. — өндірістік емес шығындар (кезеңдік), ақша бірл.
Xөнд.өнім — кезең ішінде өндірілген табиғи өлшемдегі өнім
Көптеген жаппай өндірістерде үрдістің ерекшелігі — негізгі материалдық шығындар тек үрдіс басында, яғни алғашқы қайта бөлуде болатынында. Аналитикалық мақсатта материалдық шығындарды жеке жүргізген, ал қайта бөлулер бойынша тек қана еңбек шығындарын және жалпы өндірістік, яғни қосылған шығындарды көрсеткен абзал. Егер басқа келесі кезеңдер өнімге өндіру барысында құнды тек қана қосатын болса, онда шығындарды өндіру кезеңдері бойынша калькуляциялау әдісін қолдануға болады. Өнімнің данасының өзіндік құнын келесі формуламен көрсетуге болады (4):

С = Zмат. + (Z(1) қос. / X(2)дайын өнім) + (Z(2)қос. / X(2)дайын өнім) + … + (Z(п)қос./ X(п)дайын өнім) + (Z өнд,емес шығ. / Xөнд. өнім)



Мұндағы Zмат.  — материалдардың үлесті шығындары, ақша бірл.
Z(і) қос. – і қайта бөлудің қосылған шығындары, ақша бірл.
X(і)дайын өнім – і қайта бөлудің табиғи өлшемдегі дайын өнімі
Z өнд,емес шығ. — өндірістік емес шығындар (кезеңдік), ақша бірл.
Xөнд. өнім – кезең ішіндегі өндірілген табиғи өлшемдегі өнім
Қарапайым көпсатылы калькуляция әдісі тек қана аяқталмаған өндіріс бар жерде ғана емес, сонымен қатар өндіріс үрдісі барлық кезеңдерде толығымен үйлесімді ұйымдастырылған жағдайларда, яғни аяқталмаған өндіріс қалдықтары барлық қайта бөлулерде әрбір уақытта бірдей болғанда қолданылады.
Тапсырыстық әдістің түрлерінің бірі – партиялық (операциялық) әдіс. Бұл әдіс те алдыңғысы сияқты клиеттің қажеттілігіне бағытталса да, ол процесстің әдістің сипаттамасына ие болып келеді.
Партиялық әдіс тапсырыс ретінде қарастырылатын шығарылымның жеке даналары өзінің өндірісі барысында бірнеше өндіріс кезеңдерінен (операцияларынан) өткенде қолданылады, және әрбір дана үшін кезеңдер құрамы жеке болуы мүмкін, ал операцияардың бір бөлігі (әдетте өңдеудің бастапқы кезеңі) — барлық бұйымдар үшін бірдей.
Бұндай өндіріске мысал ретінде жиһазды тапсырыс бойынша орындауды келтіруге болады. Кәсіпорын стандартты модульдерді өндіреді – орындықтар, шкафтар мен сөрелер, олар клиенттің қалауы бойынша өңдеудің жеке түрлеріне ұшырайды, әртүрлі беткі түрлермен, фурнитурамен, аксессуарлармен жабдықталады. Осылайша, тапсырыс бағасы кәсіпорын барлық операцияларда ерекшеліктеріне байланысты шығарған жеке модульдер мен шығындардың құндық сомасы ретінде анықталады. Партиялық әдістің екінші атауы – операциялық.
Лекция 6 Құрылыс нарығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет