Дістемелік кешені


Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары



бет37/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
umkd - str-22-31

3 Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары.
Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

  • негізгі өндірістік қорларды энтенсивті қолдану көрсеткіштері;

  • негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

  • негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері;

Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.
Жабдықтарды экстенсивті қолдану көрсеткіштерінің бірі құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті (Кэкс). Оны мына формула бойынша табады:
Кэкс = t нақты / t норм,
Мұндағы t нақты – құралдар жұмысының нақты уақыты, сағат;
t норм – құралдар жұмысының нормативтік уақыты, сағат.
Мысалы, 8 сағаттық ауысымда құралдарды жөндеу жұмысына 1 сағат жоспарланғанымен, нақты жұмыс жасаған уақыт 5 сағат болды. Сонда құралды экстенсивті қолдану коэффициенті 0,71-ге тең. Яғни Кэкс = 5 / (8-1) = 0,71. Бұл станоктың жоспарлы жұмыс жасау қорының 71 пайызы ғана қолданғанын көрсетеді.
Екінші бір көрсеткіш – жабдықтардың сменалық (ауысымдық) коэффициенті (К см) тәулік ішіндегі машина-смена (МС) қосындысын жабдықтардың жалпы санына (ЖС) бөлу арқылы табады:
Ксм =∑ МС / ЖС
Екінші топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

К инт = Өнақты / Өнорм,


Мысалы, ауысым ішінде станоктың нақты жұмыс жасаған уақыты 5 сағат, яғни станок 3 сағат бос тұрған деп алып, оның нақты жұмыс жасаған уақытындағы станоктың тиімділігін анықтаймыз. Станок паспорты бойынша сағатына 100 өнім бірлігін шығарады. Ал нақты жұмыс жасаған 5 сағаттың ішінде ол сағатына 80 өнім бірлігін шығарады.
Сонда Кинт = 80/100 = 0,8. Бұл станоктың өндірістік қуаты 80 пайыз ғана қолданылғанын білдіреді.


Құралдарды интегралды қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт және қуат бойынша қолданылуын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет