Дістемелік кешені


Өндіріс бөлімінің негізгі бағыты



бет53/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
umkd - str-22-31

Өндіріс бөлімінің негізгі бағыты қажетті мөлшерде тауарларды өндіруді қамтамасыз ету.
Материал және техникамен қамту бөлімі қажетті ішкі заттар мен бөлшекетердің жеткізіп тұруына тиісті жағдай жасауға міндетті.
Бухгалтерлік есеп бөлімі кәсіпорынның кірісі мен шығысын бақылайды және маркетинг қызметкерлерін көзделген мақсатқа жетудің қаншалықты сәтті жүріп жатқандығы жөнінде хабардар етіп отырады.
Жабдықтаушы – бұл кейбір нақты тауарлар өндірісіне және көрсетілетін қызметтерді қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын іскер кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.
Маркетингтік делдалдар – бұл кәсіпорынға тауарлардың клиенттер арасындағы қозғалысын реттеуіне, тауарды өткізіп, таратуына көмектесетін кәсіпорындар.
Бұларға: тауар өндіруді ұйымдастыратын кәсіпорындар; маркетинг қызметімен айналысатын агенттіктер мен қаржы мекемелері жатады.
Сауда делдалдарыклиенттерді іздеумен, оларға тауарды тиімді сатумен айналысатын іскер кәсіпорындар. Тауар қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіпорындар компанияға өз өнімдерінің қорын құруға да көмектеседі.
Маркетингтік қызмет көрсететін агенттіктер: маркетингтік ғылыми зерттеулер кәсіпорындары, жарнама агенттігі, жарнама құралдарын іздестіруді немесе жасап шығаруды ұйымдастыру, маркетингтік қызмет туралы тиісті кеңестер беретін кәсіпорындар. Олар компанияның көздеген мақсаттарына жетулеріне ең қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді.
Қаржы-несие ұйымдары – банктер, несие және сыртқы ұйымдар. Олар тауарларды сату және сатып алу барысында туындайтын төтенше, қолайсыз жағдайлардан сақтануға жәрдемдесетін, сондай-ақ кәсіпорынға нендей бір істі қаржыландыруда ақшалай көмек беретін ұйымдар.
Клиенттер
Кәсіпорын өз клиенттерін нарықтың төмендегі бес түрі бойынша анықтайды Тұтыну нарығы. Өздерінің жеке тұтынулары үшін тауарларды (ақылы қызмет көрсетуді) сатып алатын үй шаруашылығындағы адамдар.

  1. Өндірушілер нарығы. Тауарларды өндіріс процесінде қолдану үшін сатып алатын ұйымдар.

  2. Белгілі бір уақыт аралығындағы сатушылар нарығы. Бұл белгілі бір мөлшерде пайда табу мақсатында тауарлар мен қызмет көрсетуді қайта сату үшін алатын ұйымдар.

  3. Мемлекеттік мекемелер нарығы. Бұл тауарлар мен қызмет түрлерін коммуналды қызмет саласында қолдану немесе оларды тұтынатын адамдарға беру мақсатында сатып алатын мемлекеттік ұйымдар.

  4. Белгілі бір уақыт аралығындағы нарық. Бұл – шетел тұтынушылары мен тауар өндірушілері, яғни халықаралық нарық.

Бәсекелестер
Қандай да бір кәсіпорын болмасын өзінің қызмет барысында көптеген бәсекелестермен кездеседі. Бұл нарықтық қатынастар заңдылығы.
Кәсіпорындардың маркетинг қызметі бәсекелестерін танып-білуі үшін ең алдымен адамдардың сатып алушылардың қандай шешім қабылдайтынына көз жеткізу қажет. Кәсіпорындардың және оларға субъектілері: делдалдардың, бәсекелестердің, байланыс саласының макро деңгейдегі ортада атқарылады.
Нарықтық экономикада бәсекенің негізінен төрт түрі кездеседі (2.5-схема):



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет