5 Құрылыс ұйымы өнімдерінің өзіндік құны.
Сабақтың мақсаты - кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері оқып білу, өндіріс шығындарын төмендеуінің негізгі бағыттары үйрену.
Семинар жоспары:
1. Құрылыс - монтажды жұмыстардың өзіндік құны туралы түсінігі және оның шығындар құрамы.
2 Құрылыс - монтажды жұмыстардың сметалық құны: түсінік, белгілеу, анықтаудың тәртібі.
3 Құрылыс- монтажды жұмыстардың жоспарлы өзіндік құны. Құрылыс- монтаждық жұмыстардың өзіндік құнын төмендетудің жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер - 1-12
Есеп 1
Есепті жылда тауарлық өнімнің өзіндік құны 450,2 млн теңге, ал 1 теңге тауарлық өнімге келетін шығын 0,89 теңге екені анықталды. Жоспарлы жылда 1 теңге тауарлық өнімнің шығыны 0,85 теңге болып бекітілді. Өндіріс көлемі 8%-ға көбейді. Жоспарлы жылдағы тауарлық өнімнің өзіндік құнын анықтаңыздар.
Шешуі:
1 теңге тауарлық өнімге келетін шығын келесі формула бойынша анықталады:
З1р.т.п = Sт.п / Vт.п
Осы формуланың негізінде есепті жылдағы тауарлық өнімнің көлемін анықтаймыз:
Vотч.т.п = Sт.потч / З1р.т.потч = 450,2 / 0,89 = 505843 мың теңге
Жоспарлы жылдың тауарлық өнім көлемі 8%-ға өсіп, төмендегідей нәтиже көрсетті:
Vт.ппл = 1,08* Vт.потч = 505,843*1,08=546,31 мың теңге
Жоспарлы жылы тауарлық өнімнің өзіндік құны төмендегідей болды:
Sт.пп.л= Vт.ппл * З1р.т.ппл = 546,31*0,85=464,364 мың теңге
Есеп 2
Кәсіпорынның базистік кезеңдегі тауарлық өнімінің өзіндік құны 380,5 млн теңге. Есепті кезеңде еңбек өнімділігін 6%-ға және тұрақты шығындар шамасын өзгертпей орташа еңбекақыны 8%-ға көтеру қарастырылып отыр. Өнімнің өзіндік құнындағы еңбекақының меншікті салмағы 23%, ал тұрақты шығындары - 20%. Өнімнің өзіндік құнын төмендету пайызын және көрсетілген факторлар әсерінен алынған үнемді есептеп табыңдар.
Есеп 3
Есепті мерзімде берілгендері бойынша материалдардың үнемделуіне сай мөлшерін 8% төмендету және бағаны 3% төмендету бекітілген. Тауарлық өнімнің өзіндік құны 120,6 млн. теңгені құрайды, шикізат пен материалдар шығыны – 80,8 млн теңге. Аталған факторлардың өнімнің өзіндік құнына әсерін анықтаңыздар.
Есеп 4
Егерде жылына 17 мың бұйым шығарылып, бір бұйымның өзіндік құны 540 теңге болса, 1 теңгеге сәйкес тауарлық өнімнің шығын деңгейі жоспарлы және факт бойынша қанша болмақ? Сондай – ақ оның пайыздық өзгерісін анықтаңыздар. Өнімнің шығарылуын 10%-ға көтеру және өзіндік құнын 5%-ға төмендету қарастырылып отыр. Бұйымның біреуінің бағасы 600 теңге.
Есеп 5
Шығын мөлшерін 5%-ға және бағасын 3%-ға төмендету арқылы материалдарды үнемдеуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тауарлық өнімнің өзіндік құны 300 млн.теңге, сонымен қатар шикізат, материалдар шығыны 225 млн. теңге. Материал бағасы мен шығын мөлшерінің төмендеуінің өнімнің өзіндік құнына әсерін анықтаңыздар.
Есеп 6
Айналымдағы өнім есеп бойынша 20 млн теңгені, жоспар бойынша 25 млн теңгені құрайды. Есеп бойынша орта тізімдегі жұмысшы саны 2000 адам, жоспар бойынша 2100 адам; өзіндік құндағы еңбекақының меншікті салмағы 5%, жоспар бойынша шартты – тұрақты шығындардың абсолюттік сомасы 3%-ға өсті, өзіндік құндағы шартты – тұрақты шығындардың меншікті салмағы 15%-ға тең. Жоспар бойынша өнімнің өзіндік құнының салыстырмалы өзгерісін анықтаңыздар.
Есеп7
Факт бойынша 1 т смоланың өзіндік құны 54965 теңгені құрайды, сонымен қатар:
Шикізат және материалдар
|
45080
|
Жартылай фабрикаттар
|
5240
|
Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы
|
250
|
Әлеуметтік сақтандыруға бөлінулер
|
80
|
Құрал – жабдықтардың пайдаланылуы және күту шығындары
|
2505
|
Цехтық шығындар
|
610
|
Жалпы зауыттық шығындар
|
1090
|
Өндірістен тыс шығындар
|
110
|
Жоспар бойынша :
негізгі өндірістік жұмысшылар саны сол күйінде қалып, өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті;
шикізат пен материалдардың шығын мөлшері 1%-ға кемиді;
баға 1,5%% кемиді;
негізгі өндірістік жұмысшылардың орташа еңбекақысының өсуі 5%;
шартты – тұрақты шығындардың жылдық сомасы өзгеріссіз болды.
1 т смоланың өзіндік құнының өзгерісін анықтаңыздар.
Есеп 8
Цемент өндірісінің есепті кезеңдегі жоспар бойынша салыстырғанда өнім көлемі 8,4%-ға өсті . смета бойынша шартты – тұрақты шығындар сомасы 1,8%-ға көбейді, цементтің өзіндік құныдағы үлес салмағы -61%. Жылдық өнімнің шығарылуының өзіндік құны 68 млн теңге.
Өзіндік құнның абсолютті және салыстырмалы кемуін анықтаңыздар.
|