13 Құрылыстағы пайда мен рентабельділік.
Сабақтың мақсаты - Кәсіпорын табысының мәні, өндіріс рентабельділігін арттыруды анықтау.
Семинар жоспары
1 Құрылыстағы кәсіпорынның табысы.
2 Құрылыстағы пайда түрлері. Пайданы бөлу.
3 Құрылыстағы рентабельділік
Ұсынылатын әдебиеттер - 1-12
Есеп 1
Жылдың бірінші тоқсанында шыққан 5000 бұйымның әрқайсысы 8 мың теңгеден сатылды. Бұл кәсіпорынның барлық шығындарын өтеді де, бірақ ешқандай пайда түскен жоқ. Тұрақты шығындар 7000 мың теңге, ал бір бұйымға шаққандағы айнымалы шығындар 6 мың теңге болды.
Жылдың екінші тоқсанында 6000 бұйым дайындалды, ал үшінші тоқсанда түсетін пайда көлемін екінші тоқсанмен салыстырғанда 10%-ға көбейту үшін тағы да қосымша қанша өнім өткізу керек?
Шешуі:
ІІ тоқсанда түскен пайданың көлемі:
ПІІ= 8*6000-(6*6000+7000) = 48000-43000= 5000 мың теңге
ІІІ тоқсандағы жоспарланып отырған пайда көлемі:
ПІІ= 5000*1,1=5500 мың теңге
ІІІ тоқсанда шығарылатын өнім көлемі:
QІІІ= 55000+7000/8-6=12500/2=6250 бұйым
Сонымен, пайданы 10%-ға көбейту үшін, қосымша шығарылатын өнім көлемі:
Q = 6250-6000=250 бұйым
Есеп 2
І тоқсанда әрқайсысының бағасы 7 мың теңге тұратын 10000 бұйым жасап шығарылды. Тұрақты шығындар 16000 мың теңге болды. Бұйымның бір данасына жұмсалынған шикізат, материал, отын шығындары 5 мың теңгені құрады. ІІ тоқсанда түсетін пайданы 8%-ға көбейту жоспарланып отыр. Ол үшін қосымша қанша өнім өндіру қажет?
Есеп 3
Кестеде келтірілген мәліметтер негізінде жылдың ІІІ тоқсанындағы өнімнің рентабельділігін салыстырыңыздар.
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
Жыл тоқсандары
|
І
|
ІІ
|
ІІ
|
Өндірілген бұйымдар саны
|
дана
|
1500
|
2000
|
1800
|
бұйымның бағасы
|
Мың т
|
6
|
6
|
6
|
Бұйымның өзіндік құны
|
Мың т
|
5
|
5,2
|
4,8
|
Есеп 4
А және Б бұйымдары бойынша жоспарланып отырған көрсеткіштер:
А Б
өндіру және өткізу, дана 950 600
1 бұйымның бағасы, мың теңге 12,5 6,6
1 бұйымның өзіндік құны,мың теңге 10 5
Бір жыл ішінде кәсіпорын А бұйымының өзіндік құнын 5%-ға, ал Б бұйымының өзіндік құнын 2,5%-ға төмендетті. Баға өзгеріссіз қалды. Бұйымның барлық түрлері бойынша өнімнің рентабельділігі қалай өзгергендігін анықтаңыздар.
Есеп 5
Күкірт өндіретін кәсіпорынның жылдық жоспары бойынша келесі мәліметтер қарастырылған: өткізілетін өнім көлемі 300000 тонна, негізгі қорлар мен мөлшерленетін айналымдағы құралдардың құны 1500 млн теңге, 1 тонна өнімнің бағасы 6200 теңге, 1 тонна өнімнің өзіндік құны 4500 теңге.
Өндірістің жалпы рентабельділігін анықтаңыз.
Есеп 6
Лимон қышқылын шығаратын зауыттың жылдық өндірісінің көлемі 680 тона. 1 тонна қышқылдың көтерме бағасы 580000 теңге. 1 тоннаның өзіндік құны 424000 теңге, 1 тонна өнімге шаққандағы жалпы зауыт шығындары 900 теңге.
Өнімді өткізгеннен түсетін пайданы есептеңіз.
Есеп 7
Жылдық жоспар бойынша кәсіпорын 20000 мың тонна өнімді өткізуді қарастырып отыр. Негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны 255 млн теңге, мөлшерленетін айналымдағы құралдар 45 млн теңгені құрайды. 1 тонна өнімнің толық өзіндік құны 26 мың теңге, ал 1 тоннаның бағасы 30 мың теңге. Басқа өткізулерден түскен пйда 1500 мың теңге, өткізулерден тыс операциялардан 500 мың теңге, бюджетке төленетін тұрақты төлемдер 13400 мың теңге, банктік несие төлемдері 200 мың теңге болды.
Өнімнің рентабельділігін, өндірістің жалпы және есеп айырсу рентабельділігін анықтаңыздар.
|