Дизайн-мышление


Кәсіпкерліктегі шешендік өнер



бет2/3
Дата08.09.2022
өлшемі0.9 Mb.
#460427
түріСабақ
1   2   3
11 сынып 1 сабак

Кәсіпкерліктегі шешендік өнер

Коммерциялық қызметте шешендік өнер ерекше маңызды. Сайып келгенде, қандай да бір мәміленің нәтижелі болуы бизнесменнің шешендік қабілетіне байланысты. Өз өніміңізді өңдеуге тез арада қаражат қажет болып, бірақ бюджеттегі қаражат тапшы болған жағдайда команданы сақтап қалу әрі макетті әзірлеп шығу үшін қосымша салым қажет болады. Бизнесмен қаржыгердің не демеушінің көзін жеткізіп, қосымша қаржы таба алады не серіктесті жобаға тартады. Стартапер шешен болмаса, питчинг болмаса, ондай мәміле жасай алмайды.



Питч — ықтимал серіктестерге не инвесторларға жобаның презентациясын қысқа да нұсқа түрде сипаттау.
Питчтің мақсаты - инвесторды қызықтырып, ақша қаражатын тарту. Сөз сөйлеуге санаулы минутттар ғана берілетіндіктен, ол өте табысты болуы керек. Жоғары сапалы питчтің қатаң құрылымы бар және ол түсінікті логикалық бөлімдерден құрылады. Неғұрлым уақыт аз болса, соғұрлым бөлімдері де аз болады.
Енді питчинг дегеніміз не? Деген сұраққа жауап табайық.

Ұзақтығы бойынша питчті үш түрге бөледі:

  • Elevator Pitch
  • Idea Pitch(3 минут)
  • Funding Pitch(7–10 минут)
  • Сөзге аз уақыт қана берілетіндіктен, ол қысқа да нұсқа болуы қажет. Сапалы питчтің өзіндік құрылымы болады әрі ол нақты логикалық бөлімдерден тұрады. Уақыт тығыз болған сайын бөлімдері де аз болады.


Elevator Pitch (1 минут) — лифтіде инвестормен жасауға болатын жобаның ең қысқа таныстырылымы. Уақыт тек үш бөлікке ғана жетеді: мәселе, шешім және жобаны монетизациялау мүмкіндігі. Әлбетте, «лифтідегі питч» кезінде бизнесмен инвесторды қызықтырып, оны жобаға қаражат салуға ынталандыру керек.
Idea Pitch (3 минут) жобаның атауынан, проблемадан, шешімнен, нарық өлшемінен, бизнес-модельден, командадан, қорытындыдан және байланыстардан тұрады.
Ол келесі элементтерден тұрады:

  • Жобаның аты.
  • Мәселе.
  • Шешімі.
  • Нарық көлемі.
  • Бизнес-модель.
  • Команда.

  • 7. Қорытынды. Инвесторлар жадында қалуы тиіс ең маңызды сәттерді айту және өз байланыстарын көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет