Кербұлақ ауылынан келген жас жігіт – Бақдәулет Исаев Алматы қаласындағы университеттердің біріне оқуға түсті. Бақдәулет оқумен қатар бизнеспен айналысуды шешті. Сол кезде оның идеясы шоколад фонтандарын сату болды – ол үйлену тойы мен түрлі іс–шаралар үшін сұйық шоколад десерті. Клиенттерді іздеу кезінде Бақдаулет Алматыда алдағы қызықты іс-шаралар немесе оқиғалар туралы ақпарат жарияланатын нақты бір арнайы алаңның жоқ екенін анықтады. Шоколадты фонтандарды сатумен қатар жас бизнесменге ұйымдастырушыларға өз қызметтерін ұсыну үшін осындай іс-шараларды өзі іздеуге тура келді. Ыңғайлы болу үшін 2012 жылдың мамыр айында ол "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жеке парақша ашты, онда алдағы оқиғалардың тиісті анонстары мен сипаттамасын жариялай бастады. Посттар басқа жастардың назарын аудартты, көптеп лайктер мен репостарды жинай бастады және парақша аудиториясы күннен күнге өсе бастады.
Оқы, қызық!
Достарыңызбен бөлісу: |