2.3. Өтімділік пен төлем қабілеттілікті талдау
Баланс өтімділігі ақша қаражаттарына айналу мерзімі міндеттемелердің өтелу мерзімімен сәйкес келетін, ұ йымның міндеттемелерінің оның активтерінің көмегімен жабылу деңгейімен сипатталады. Активтер баланс өтіміділігінен активтер өтімділігін айыра білу шарт, ол ақша қаражаттарына айналуы қажет уақытылы көлемімен анықталады. Активтердің белгілі бөлігі ақша қаражаттарына айналуына қаншалықты көлемде уақыт аз кетсе, оның өтімділігі жоғарылайды.
Ұйымның баланс өтімділігі жайлы айта отырып, оның құрамында шартта қарастырылғандай теориялық деңгейде қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге жетерлік қысқа мерзімді активтердің бар болуын айтады. Өтімділіктің негізгі көрсеткіші болып, қысқа мерзімді міндеттемелерге қарағанда қысқа мерзімді активтердің ресми артуы (құндық бағалауда) танылады. Артуы неғұрлым жоғары болса, өтімділік ұстанымында ұйымның қаржылық жағдайы оңтайлы болады. Қысқа мерзімді міндеттемелермен салыстырғанда қысқа мерзімді актвитер көлемі жоғары болмаса, міндеттемелермен есеп айырыса алатындай ақша қаражаттарының жеткіліксіздік жағдайы туындауы мүмкін. Ұйымның өтімділігі қысқа мерзімді активтердің қысқа мерзімді міндеттемелермен сәйкестендіру негізінде өтімділік коэффициенттерімен бағаланады.
Өтімділікті талдау төлем мерзімінің арту ретімен және өтеу мерзімі бойынша топталған, пассивті міндеттемелер мен өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған және өтімділіктің азаюына байланысты орналасқан қаражаттардың актив баланстарының салыстырмалы ретімен қорытындыланады.
Өтімділік деңгейіне байланысты активтерді келесі топтарға жіктеуге болады:
Ерекше өтімді активтер (А1)– ақша қаражаттары және оның баламалары;
Тез өтетін актвтер (А2) – қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар мен қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
Жай өтетін активтер (А3) – қорлар, ағымдағы салықтық активтер, сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және өзге қысқа мерзімді активтер;
Ауыр өтетін активтер (А4) – ІІ «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің қорытындылары.
Пассивтерді топтастыру оның қайтару жеделдігіне байланысты жүргізіледі:
Неғұрлым жылдам пассивтер (П1)– қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, салық бойынша міндеттемелер, өзге ерікті және міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер;
Қысқа мерзімді пассивтер (П2)– ұысұа мерзімді кредиторлық берешек, қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері мен өзге қысқа мерзімді міндеттемелер;
Ұзақ мерзімді пассивтер (П3) – IV «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің қорытындылары.
Тұрақты пассивтер (П4) – V «Капитал» бөлімінің қорытындылары.
Келесі шарт орындалса, баланс өтімді болып саналады:
А1 ≥ П1; А2 ≥ П2; А3 ≥ П3; А4 ≤ П4.
Егер алғашқы үш теңсіздік орындалса, яғни қысқа мерзімді активтер ұйымның пассивтерінен артқан жағдайда, онда міндетті түрде соңғы теңсіздік те орындалады, ол терең экономикалық мағынаға ие: ұйымда меншікті айналым қаражаттарының болуы; қаржылық құрақтылықтың минималды шарты сақталады.
Үш теңсіздіктің біреуінің орындалмауы баланс өтімділігінің артық немесе кем мөлшерде абсолютті деңгейден ауытқығандығын көрсетеді. Сонымен қатар, активтер тобының қаражаттарының жеткіліксіздігі басқа топтың шығындарымен өтеледі, алайда өтеу құндық көлемде болуы мүмкін, өйткені нақты төлем жағдайында өтімділігі төмен активтер тым өтімдіні алмастыра алмайды.
Егер басқа да теңсіздіктер жайлы айтар болсақ, онда:
Бірінші топтың қорытындыларын активтер мен пассивтер (ерекше өтімді қаражаттардың ерекше жедел міндеттемелермен) бойынша салыстыру, алдағы қарастырылып отырған уақыт аралығында ұйымның өзінің қарыздарын төлей алу мүмкіндігін куәландыратын ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді;
Екінші топтың қорытындыларын активтер мен пассивтер ( баяу өтелетін активтер мен ұзақ мерзімді пассивтер) бойынша салыстыру, ұйымның болашақ көрсеткіштері негізінде: түсімдер мен төлемдерді қамтитын төлемқабілеттілікті болжауды құрайтын болашақтағы өтімділікті көрсетеді.
Егер жоғарыда көрсетілген теңсіздіктердің (немесе соның ішіндегі бірнешеуі) бекітілген оңтайлы нұсқасына қарама – қарсы белгіге ие болса, баланс өтімділігі артық немесе кем мөлшерде абсолютті деңгейден ауытқығандығын көрсетеді.
Өтімді қаражаттар мен міндеттелерді салыстыру келесі көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді:
Достарыңызбен бөлісу: |