Банкроттылық ықтималдығын диагностикалаудың үшінші әдісі – скорингтік талдау негізінде қаржылық тұрақтылықты интегралды бағалау. Оның негізгі мәні қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің нақты деңгейі мен сараптамалық бағалау бойынша әрбір көрсеткіштер рейтингісіне сүйенетін тәуекел дәрежесіне қарай ұйымдар жіктемесінен тұрады.
Үш баланстық көрсеткіш негізіндегі қарапайым скорингтік моделі 15-кестеде көрсетілген.
15-кесте – Төлем қабілеттілігі деңгейіне қарай ұйымдарды кластарға топтау
Көрсеткіштер
|
Белгілерге сәйкес кластар шегі
|
I класс
|
II класс
|
III класс
|
IV класс
|
V класс
|
Жиынтық капитал рентабелділігі, %
|
30 және одан жоғары
(50 балл)
|
29,9 - 20 (49,9 - 35 балл)
|
19,9 - 10 (34,9 - 20 балл)
|
9,9 - 1,0 (19,9 - 5 балл)
|
1-ден кем
(0 балл)
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
2,0 және одан жоғары
(30 балл)
|
1,99 - 1,7 (29,9 - 20 балл)
|
1,69 - 1,4 (19,9 - 10 балл)
|
1,39 - 1,1 (9,9 - 1 балл)
|
1 және одан кем (0 балл)
|
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті
|
0,7 және одан жоғары
(20 балл)
|
0,69 - 0,45 (19,9 - 10 балл)
|
0,44 - 0,30 (9,9 - 5 балл)
|
0,29 - 0,20 (5 - 1 балл)
|
0,2-ден кем
(0 балл)
|
Кластар шегі
|
100 баллдан жоғары
|
99 - 65 балл
|
64 - 35 балл
|
34 - 6 балл
|
0 балл
|
I класс –қарыз қаражатын қайтаруға сенімді болуға мүмкіндік беретін қаржылық тұрақтылығы қоры бар ұйымдар;
II класс –берешектер бойынша тәкекел дәрежесін көрсететін, бірақ тәуекелдігі жоғары деп қарастырылмайтын ұйымдар;
III класс – қаржылық жағдайы төмен ұйымдар;
IV класс –қаржылық сауықтыру бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін де банкроттылық тәуекелдігі жоғары ұйымдар;
V класс –тәуекелділігі өте жоғары, іс жүзінде дәрменсіз ұйымдар.
Ұйымның төлемге қабілетсіз деп тану оның банкрот екендігін білдірмейді, меншік иесіне азаматтық-құқықтық жауапкершілік тудырмайды. Бұл тек қаржылық тұрақсыздықтың анықталған формасы.
Шет елдерде банкроттылық тәуекелі мен ұйымның несиелік қабілеттілігін бағалауда белгілі экономистер Альтман (АҚШ), Тоффлер (Ұлыбритания) және т.б. ұсынған дискриминантты факторлы моделі кеңінен қолданылады.
Альтман коэффициенті (Z) ұйымның экономикалық әлеуетін және оның өткен кезеңде қызметінің нәтижесін сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер функциясы болып табылады. Жалпы түрде Z былай есептеледі:
Z = 8,38Х1 + Х2 + 0,054Х3 + 0,63Х4,
мұндағы: Х1 – айналым капиталының активтер сомасына қатынасы; Х2 – бөлінбеген пайданың активтер сомасына қатынасы; Х3 – операциялық пайданың активтер сомасына қатынасы; Х4 – акциялардың баланстық құны.
Коммерциялық құрылымдағы Z үлгісінің мәніне сәйкес күйреу ықтималдығы 16 кестеде көрсетілген.
16 кесте–Ұйымның күйреу ықтималдығы
Z мәні
|
Күйреу ықтималдығы, %
|
0-ден кем
|
Максималды (90 - 100)
|
0 - 0,18
|
Жоғары (60 - 80)
|
0,18 - 0,32
|
Орташа (35 - 50)
|
0,32 - 0,42
|
Төмен (15 - 20)
|
0,42-ден көп
|
Минималды (до 10)
|
Көптеген есептеулердің нәтижесінде анықталғандай, Альтман үлгісі бойынша жалпылайтын Z көрсеткіші (-14…+22) аралығындағы мәнді қабылдай алады. Осылайша, Z > 2,99 болса, бұл ұйымдар қаржылық тұрақтыларға, Z < 1,81 болса, бұл ұйым тұрақсыздар қатарына, ал (1,81 - 2,99) аралығындағы мән орын алған ұйымдар белгісіздік аймағындағылар қатарына жатады.
Альтман коэффициенті ең көп тараған көрсеткіштер қатарына жатады. Бірақ, оны егжей-тегжейлі зерттеу барсында, оның дұрыс емес құрылғанын көруге болады: Х1мәні дағдарысты басқарумен байланысты, Х4қаржылық дағдарыстың орын алғанын сипаттаса, қалған мәндер экономикалық дағдарыстың болғанын сипаттайды. Жүйелілік тұрғысынан қарағанда бұл көрсеткіш қолданылуға еш құқы жоқ.
Төлеушінің күйреу тәуекелдігі мен несие қабілеттілігін бағалаған кезде Альтманның факторлы үлгісі қолданылуы мүмкін, ол өзіне 5 коэффициентті кіріктіреді:
Z = 1,2X1 + 1,4X2 + 3,3X3 + 0,6X4 + 1,0X5,
мұнда: X1–айналым капиталының баланс валютасына қатынасы; X2–бөлінбеген пайданың баланс валютасына қатынасы; X3–пайыздар мен салықтар төленгенге дейінгі бөлінбеген пайданың баланс валютасына қатынасы; X4 - меншікті капиталдың қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатынасы; X5–сатудан түскен түсімнің баланс валютасына қатынасы.
Альтман сызбасы бойынша Z коэффициентінесептеудің бастапқы мәліметтері 17 кестеде келтірілген.
17 кесте–Альтман коэффициентіе есептеуге керекті бастапқы мәліметтер
(мың. теңге)
Көрсеткіштер
|
«А» ұйымы
|
«В» ұйымы
|
жыл басы
|
жыл соңы
|
жыл басы
|
жыл соңы
|
Айналым капиталы
|
580
|
5414
|
14019
|
10204
|
Баланс валютасы
|
684
|
5509
|
34007
|
33669
|
Бөлінбеген (таза) пайда
|
83
|
1517
|
1167
|
25
|
Пайыздар мен салықтарды төлегенге дейінгі пайда
|
119
|
2167
|
16967
|
36
|
Меншікті капитал
|
433
|
1297
|
25859
|
21658
|
Қысқа мерзімді міндеттемелер
|
251
|
4212
|
5541
|
7234
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
-
|
-
|
2607
|
4777
|
Сату көлемі (табыс)
|
819
|
6426
|
61583
|
45467
|
«А» және «В» ұйымдары бойынша Z коэффициентінің есептелген сызбасы 18 кестеде берілген.
18 кесте –Альтман сызбасы бойынша Z коэффициентінің есептелуі
Коэффициенттер
|
«А» ұйымы
|
«В» ұйымы
|
жыл басы
|
жыл соңы
|
жыл басы
|
жыл соңы
|
Х1
|
0,84795
|
0,98275
|
0,41224
|
0,30307
|
Х2
|
0,12134
|
0,27537
|
0,03432
|
0,00074
|
Х3
|
0,17398
|
0,39336
|
0,49893
|
0,00107
|
Х4
|
1,72510
|
0,30793
|
3,17366
|
1,80318
|
Х5
|
1,19737
|
1,16645
|
1,81089
|
1,35041
|
«А» ұйымы:«В» ұйымы:
- жыл басыZ = 5,00; - жыл басыZ = 5,44;
- жыл соңыZ = 4,21. -жыл соңыZ = 2,80.
«А» ұйымы тұрақты, күйреу ықтималдығының төмен мәніне ие. «В» ұйымы бойынша да жылдың басында күйреу болжанған жоқ. Бірақ жылдың соңында бұл ұйымның Z көрсеткіші 2,80-ге төмендеген, бұл күйреу ықтималдығының орын алу қаупін білдіреді.
Таффлердің болжау үлгісікелесідей түрде:
Z = С0 + С1Х1 + С2Х2 + С3Х3 + С4Х4,
мұнда: Х1–салық төленгенге дейінгі табыстың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы (53%); Х2–қысқа мерзімді активтердің жалпы міндеттемелердің сомасына қатынасы (13%); Х3–қысқа мерзімді міндеттемелердің жалпы активтердің сомасына қатынасы (18%); Х4–несиелендіру шегінің болмауы (16%); С0 ... С4–жақшадағы пайыздық коэффициенттер үлгінің пропорциясын білдіреді.
Ұйымның күйреу ықтималдығын болжау механизмі ретінде ұйымның нарықтық құнын алуға болады. Күйреудің жасырын кезеңінде ол білдіртпей басталады, егер арнайы есеп жүргізу әдісі салынбаса, онда бұл үрдіс тіптен білінбейді.
Ұйымды қаржылық бағалау оның объектілерінің нарықтық құнын анықтау дегенді білдіреді, яғни сол ұйымға тиесілі немене оның иелігіндегі және оны пайдаланудан келетін тиімділікті анықтау. Ұйымды бағалау барысында талдауға жататындар – жылжымайтын мүлік объектілері (әкімшілік, өндірістік, қоймалық және басқа ғимараттар), машиналар мен құрал-жабдықтар, қоймадағы қорлар, қаржылық инвестициялар және материалды емес активтер.
Ұйымның құнын бағалау өзіне ұйымның терең қаржылық, технологиялық және ұйымдастырушылық талдауды, дамуының әлеуетін кіріктіреді. Оған елеулі себеп бар – дайын бизнесті сатып алу және сату нарығының жылдам жетілуі, инвестициялаудың жылдан жылға көбеюі. Бұның барлығы басқарушы немесе инвестициялық топқа – ақпараттық және талдамалы, болжамдық мағлұматтың шешім қабылдау кезеңінде көбірек керек екеніне алып келеді.
Ұйымның құнын бағалаудағы басты ерекшелігі нарықтық процедураларының сипаты болып табылады, ол шығындық тәсілмен құнын есептеуді жүзеге асыру қажеттілігін тек басқа да объектерді сатып алу үшін құру мен әзірлеуде шығындар талдауындағы әдістерді қолдану арқылы ғана емес, сонымен қатар басқада тәсілдер арқылы да негіздей алады.
Ұйымның құнының бағалау объектісі оның қызметі болып табылады.
Одан әрі дамыту перспективалары, үздіксіз «табысқа» жұмыс, тұрақты ақша ағымдары, жоғары техникалық әлеуеті – бұл, ұйымның нарықта жеткілікті жоғары дәрежеде бағаланатынына және сату-сатып алу жағдайында ұқсас бизнестерге қарағанда құнының едәуір жоғары болуына кепілдік береді.
Ұйымда қаржылық бағалауды өткізудің мақсатына қарай ажыратылады:
- мүліктің нарықтық құнын бағалау - қазіргі таңда мүліктіңашық нарықта сатылуы мүмкін құны. Қызметтің бағалануы мен ұйымның қаржылық жағдайын өзіне қосады және сақтандыру, кепілдікке беру және басқа да мақсаттарда анықталады.
- мүліктің өтімділік құнын бағалау – ашық нарықта бағаланып отырған мүлікті сатудан түскен сомадан іске асырудан ұсталатын ұсталымдарды алып тастағандағы құны. Ұйымның банкроттық сатысында немесе мүлікті тәркілеу жағдайларында анықталады.
Ұйымның құнын бағалау келесі әдістер арқылы жүзеге асырылады:
1) шығындық тәсіл – ұйымды құруға жұмсалатын, біркелкі бағаланатын қажетті шығындар негізінде көрініс табады. Берілген тәсіл ұйым активтерінің нарықтық құнын анықтау үшін, оларды міндеттемелер құнынан алып тастау арқылы шығаратынымызды көрсетеді. Шығындық тәсілдер құрамына баланстық құны, қалпына келтіру (тарату) құны, ауыстыру құны сынды әдістері кіреді.
2) салыстырмалы тәсілде – ұйымның құны нарықтағы басқа да ұқсас ұйымдар құнымен салыстыра отырып, ағымдағы кезеңдегі сату-сатып алу келісімдері негізінде анықталады. Салыстырмалы тәсілді есептеу барысында салалық коэффициенттер әдісі, салыстырмалы іске асыру және мультипликаторлары әдістері қолданылады.
3) табыстық тәсіл – ұйым қызметінен күтілетін болжамдық қөрсеткіштер табысына негізделеді. Бұл тәсілді қолдану барысында таза кірісті капиталдандыру және дивидендтер бойынша есеп айырысулар, сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында шоғырланған бизнес үшін ақша ағымдарының көлемін дисконттау жүргізіледі.
Ұйым құнының терең талдауын кешенді тәсілдерді қолдану арқылы ғана жүргізуге болады. Ұйым құнын бағалауда кешенді тәсілдер арқылы оның нақты бағасы орнатылады, сонымен қатар болашақта белгілі көлемде табыс әкелу ықтималдылығы қарастырылады. Кешенді бағалау тәсілі, осылайша ұйым құнының нарықтық бағасын ғана емес, сонымен қатар оның инвестициялық құнын да көрсетеді. Егер нарықтық баға – бұл ашық нарықта осы ұйымды сатуға мүмкін болатын ең ықтимал сома болса, инвестициялық баға деп - бұл қандайда бір инвесторлар тобы немесе бір инвестордың осы бизнеске бос қаражаттарын салу еркіндігі бар, құнын айтамыз.
Ұйымның нарықтық құны мен инвестициялық құнын кешенді бағалау тәсілінде қолда бар негізгі қорларды түгендеу, ұйым қызметін қаржылық және басқарушылық талдау, нарықты зерттеу және тағы да сол сияқты операциялары орындалады. Сонымен қатар, осылардан басқа бизнестің тарату құны анықталады, ұйымның қаржылық және бухгалтерлік есебінің реттелуі жүргізіледі.
Ұйым құнының бағалануы негізгі элементтерді сәйкестендіруден басталады, оларды капиталдың қалыптасу көздеріне жатқызуға болады. Кейін әрбір қалыптасу көздері жеке-жеке зерттеліп, жеке элемент салмағы базасында ұйым капиталының орташа өлшенген құны орнатылады.
Ұйым құнының бағалануының екінші кезеңі қаржы құрылымын оңтайландыру мен қалыптасуының әзірленуін зерттеу болып табылады.
Үшінші кезеңі ұйымның жұмыс істейтін нарығын талдау және даму тенденцияларының негізгі үрдістерін зерттеу болып табылады. Сонымен қатар табыс әкелуге қабілетті ұқсас мүліктік кешендері де қарастырылады.
Төртінші кезең – бұл орнатылған әдістер көмегімен есеп жүргізу және әртүрлі құн түрлерін анықтау болып табылады. Сонымен қатар әртүрлі әдістер мен тәсілдер арқылы өткізілген нәтижелер келісімін жүргізу жатады.
Мүлікті бағалау кезінде материалдық емес активтер құнын бағалау ерекше назар аударуды қажет етеді. Оларға тауар белгісі, гудвил және зияткерлік меншік (компьютерлік қамтамасыз ету, «ноу-хау», патенттер, лицензиялар,өнертабыс, өнеркәсіптік үлгілер және т.б.) жатады. Әдетте, осындай бағалауларға, материалдық емес активтер құнын бағалау сияқты, қажетті көңіл бөлінбейді, дегенмен осы мүлік категориялары сол уақытта нарықтық құнның маңызды құраушысы болып табылса да.
Достарыңызбен бөлісу: |