Джаншанло Р. Е



бет26/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
annotation101972 2

Меншік капиталы айналымының коэффициенті келесі формула арқылы анықталады:
Кмка = Өнімді сатудан түскен түсім /Меншік капиталының орташа көлемі.
Егер коэффициент салынған капиталдың іске асырылу деңгейінен айтарлықтай артса, бұл өз соңынан несиелік қорлардың өсуі мен ұйым иегерлеріне қарағанда кредиторлардың іске қатысу белсенділігі артатын деңгейге дейін жеткізу мүмкіндігіне әкеп соғады. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншік капиталына қатынасы артады, сонымен қатар ұйым түсімінің төмендеуіне немесе бағалардың төмендеуінің жалпы үрдісіне негізделген елеулі қиындықтардың болуы мүмкін және кредиторлардың тәуекелділігі деартады.
Керісінше, төменгі көрсеткіш меншік қаражаты бөлігінің әрекетсіздігін көрсетеді. Бұл жағдайда меншік капиталының айналымдылық көрсеткіші басқа неғұрлым қолайлы табыс көзіне меншік қаражаттарын салу қажеттілігін меңзейді.
Инвестициялық капитал айналымының коэффициенті ұйымның инвестицияларын өзінің дамуына қоса отырып, қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Коэффициент мына формула арқылы анықталады:
Кика =Өнімді сатудан түскен түсім /Инвестициялық капиталдың орташа мөлшері.
Бұл коэффициентінің мәнін осы кезеңдегі жұмыс істейтін капитал айналымдылығы мәндерімен салыстырған жөн. Коэффициенттердинамикасынталдау барысында қаншалықты өндірістік қызметтен уақытша шектетілген капиталдың өндіріске жұмылдырылған капиталмен салыстырғандағы айналымының жылдам немесе баяу екендігін көруге болады. Неғұрлым егжей-тегжейлі талдау кезінде инвестициялық капиталдың құрылымын ескеру қажет.
Перманетті капитал айналымының коэффициенті мына формула арқылы анықталады:
Кпка= Өнімді сатудан түскен түсім/Перманетті капиталдың орташа мөлшері.
Бұл коэффициент ұйымның ұзақ мерзімді пайдалануында болған капиталдың қаншалықты жылдам айналым жасайтындығын көрсетеді. Бұл коэффициент мәнінің мағынасы меншік капиталы айналымдылығымен ұқсас келеді, тек бір айырмашылығы осы коэффициенттің талдауы кезінде ұйымның ұзақ мерзімді мндеттемелерінің әсерін ескеру қажет.
Жұмыс істейтін капитал айналымдылығының коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
Кжіка = Өнімді сатудан түскен түсім/Жұмыс істейтін капиталдың орташа мөлшері.
Осы коэффициенттің мағынасын талдай келе, өндірістік қызметке тікелей қатысатын капитал айналымдылығының тежелуін немесе жылдамдылығын көруге болады. Бұл коэффициенттен алынатын мәндер жалпы активтер айналымдылығы көрсеткіштерімен салыстырғанда өнімді сату көлеміне тікелей қатысы жоқ, жеке дамуына инвестицияларды қоспағанда, ұйым инвестицияларынан тазартылған.
Іскерлік белсенділік индексі кезең ішінде айналым капиталын басқару саласындағы ұйымның операциялық қызметінің тиімділігін сипаттайды және мына формула арқылы есептеледі:
Iіб = Жұмыс істейтін капитал айналымдылығының коэффициенті·Операциялық қызмет рентабельділігінің кэффициенті.
Динамикада бұл коэффициенттің мағынасы ұйымның операциялық қызметіндегі іскерлік белсенділігінің өсуі мен төмендеуін көрсетеді.
Экономикалық әсер айналымның тездетілу нәтижесінде айналымнан салыстырмалы босатылған қаражат ретінде танылады, сонымен қатар пайда сомасының өсуімен көрсетіледі. Айналымнан босатылған қаражаттар сомасының үдеуімен (-Э) немесе айналымға қосымша тартылған қаражаттар (+Э) айналымның бәсеңдеуін өнімді сатудың бір күндік айналымын айналым ұзақтығының өзгерісіне көбейту арқылы анықтаймыз:

Э = (Өнімді сатудан түскен түсім / Талданып отырған кезеңдегі күнтізбелік күн саны) * Бір айналымның ұзақтығы;




Бір айналымның ұзақтығы = (Капиталдың орташа жылдық құны * Талданып отырған кезеңдегі күнтізбелік күн саны) / Өнімді сатудан түскен түсім.
Капитал рентабельділігі тобының коэффициенттері ұйымның пайда табу мақсатында өздерінің капиталдарын қаншалықты тиімді пайдалануын көрсетеді.
Пайда бойынша барлық активтердің рентабельділігі айтарлықтайжалпы көрсеткіш болып табылады. Берілген коэффициент қаражаттарды тарту көздеріне тәуелсіз пайда табу мақсатында ұйымға қанша ақша бірліктерінің тартылғандығын көрсетеді. Ол мына формула арқылы анықталады:
Rа = (Салық салынғанға дейінгі пайда / Активтердің орташа жылдық құны) · 100%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет