3.3. Іскерлік белсенділік көрсеткіштерініңдинамикасын талдау
Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін есептеу үшін бастапқы деректері 19 кестеде берілген.
Кесте 19 - Іскерлік белсенділік көрсеткіштерінесептеу үшіндеректер
(мың тенге)
Көрсеткіштер
|
Орташажылдық шамасы
[(жыл басындағы + жыл соңындағы) / 2]
|
1-ші жыл
|
2-ші жыл
|
3-ші жыл
|
Өнімді сатудан түскен пайда
|
681352
|
785520
|
852328
|
Өнімнің өзіндік құны
|
377924
|
485708
|
552868
|
Өткізуден түскен пайда
|
106980
|
61436
|
19380
|
Салық салғанға дейінгі пайда
|
102552
|
58668
|
1544
|
Активтердің орташа шамасы
|
687408
|
836696
|
880974
|
Негізгі құралдардың орташа шамасы
|
159572
|
174792
|
215364
|
Материалдық қорлардың орташа шамасы
|
53128
|
68198
|
81368
|
Айналым капиталының орташа шамасы
|
488044
|
606780
|
595566
|
Меншік капиталының орташа шамасы
|
145942
|
160382
|
146416
|
Инвестицияланған капиталдың орташа шамасы
|
2616
|
630
|
644
|
Перманентті капиталдыңорташа шамасы
|
145942
|
160382
|
146416
|
Жұмыс істейтін капиталдыңорташа шамасы
|
684792
|
836066
|
880330
|
19 кестедегі көрсеткіштер негізінде 3 жыл ішіндегі айналымдылықты§3.2 (кесте. 20) келтірілген формулалар бойынша есептейміз.
Кесте 20 - Айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
Коэффициенттер
|
Мәні
|
Өсу қарқыны(+, -), %
|
1-ші жыл
|
2-ші жыл
|
3-ші жыл
|
2-ші жылдың
1-ші жылға
|
3-ші жылдың
2-ші жылға
|
Жалпы активтердің айналымдылығы
|
0,99
|
0,94
|
0,97
|
-5,05
|
+3,19
|
Қор қайтарымы
|
4,27
|
4,49
|
3,96
|
+5,15
|
-11,80
|
Материалдық қорлардың айналымдылығы
|
12,82
|
11,52
|
10,47
|
-10,14
|
-9,11
|
Айналым капиталының айналымдылығы
|
1,40
|
1,29
|
1,43
|
-7,86
|
+10,85
|
Меншікті капиталдың айналымдылығы
|
4,67
|
4,90
|
5,82
|
+4,89
|
+18,77
|
Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы
|
260,46
|
1246,86
|
1323,49
|
+378,71
|
+6,14
|
Перманентті капитал айналымдылығы
|
4,67
|
4,90
|
5,82
|
+4,89
|
+18,77
|
Жұмысістейтін капитал айналымдылығы
|
0,99
|
0,94
|
0,97
|
-5,05
|
+3,19
|
Іскерлікбелсенділікиндексі
|
0,16
|
0,07
|
0,02
|
-56,25
|
-71,43
|
3 жыл ішіндегі жалпы айналым көрсеткштерінің мәні бір бірлікке аз, бұл өндірістің толық циклі мен айналымның 1 жылдан аса уақыт аралығында жасалатынын көрсетеді. Осы көрсеткіштің динамикасы өндірістің толық циклі мен айналымы 1-ші жылмен салыстырғанда 2-ші жылы өскендігін көрсетеді, бірақ 3-ші жылы өндірістің толық циклі мен айналымның төмендегенін байқаймыз, дегенмен 1-ші жылдың деңгейі 0,99 айналым бірлігіне тең болғанымен тиісті дәрежеге жетпеген. Демек, жалпы айналым 1-ші жылмен салыстырғанда бәсеңдеген.
Қор қайтарымдылығы көрсеткіші 1-ші жылмен салыстырғанда 2-ші жылы 5,15%-ға өскен, бірақ 3-ші жылдың көрсеткіші 1-ші жылдың көрсеткіші дәрежесіне қарағанда төмендеп отыр, демек 3-ші жылдың соңына қарай негізгі қорды пайдалану тиімділігі төмендеген. 3-ші жылы негізгі құралдарға салынған 1 теңге 3,96 теңге көлемінде түсім әкеліп отырған.
Материалдық қорлар айналымының көрсеткіші 3 жыл аралығында тұрақты төмендеу үрдісінде болған (10,14%-2ші жылы, 9,11%-3ші жылы). Соған қарамастан, көрсеткіштің мәні жеткілікті жоғарғы дәрежеде қалып отырған (жылына 10 айналымнан аса).
Айналым капиталының айналымдылығы 2-ші жылы 7,86%-ға төмендеген, бірақ 3-ші жылы ол 1,43 мәніне жетіп 1-ші жылдың айналымдылығынан асып түскен.
Меншік капиталының айналымдылығы 3 жылдың аралығында тұрақты өсу үрдісінде болған (4,89%-ға 2ші жылы, 18,77%-ға 3ші жылы). Жұмыс істейтін капиталмен салыстырғанда инвестицияланған капитал неғұрлым аз, сондықтан айналым жылдамдығы өте үлкен ( 3ші жылы 1323,49-ға тең)
Перманентті капитал айналымдылығы біздің жағдайымызда сәйкесінше меншік капиталының айналымдылығымен өлшенеді. Өндіріс қызметіне тікелей қатысатын жұмыс істейтін капитал айналымдылығы 2-ші жылы төмендеген, бірақ 3-ші жылы 1-ші жылдың деңгейіне жетпегенімен жоғарылағанын көреміз.
Іскерлік белсенділік индексін есептеу үшін алдымен операциялық қызметтің рентабельділігін анықтап алуымыз қажет:
Rоқ1 = (106980 / 681352) · 100 = 15,70%;
Rоқ2 = (61436 / 785520) · 100 = 7,82%;
Rоқ3 = (19380 / 852328) · 100 = 2,27%.
Есептеулер нәтижелерін 21 кестеге енгіземіз.
21 кесте - Рентабельділік көрсеткіштерінің динамикасы
(пайыз түрінде)
Коэффициенттері
|
Мәні
|
Өсу қарқыны (+, -), %
|
1-ші жыл
|
2-ші жыл
|
3-ші жыл
|
2-ші жылдың
1-ші жылға
|
3-ші жылдың
2-ші жылға
|
Активтердіңрентабельділігі
|
14,92
|
7,01
|
0,18
|
-53,02
|
-97,43
|
Меншік капиталыныңрентабельділігі
|
70,27
|
36,58
|
1,05
|
-47,94
|
-97,13
|
Айналым капиталының рентабельділігі
|
21,01
|
9,67
|
0,26
|
-53,97
|
-97,31
|
Перманетті капитал рентабельділігі
|
70,27
|
36,58
|
1,05
|
-47,94
|
-97,13
|
Жұмыс істейтін капитал рентабельділігі
|
15,62
|
7,35
|
2,20
|
-52,94
|
-70,07
|
Барлық операциялар рентабельділігі
|
8,84
|
4,97
|
0,13
|
-43,78
|
-97,38
|
Операциялық қызмет рентабельділігі
|
15,70
|
7,82
|
2,27
|
-50,19
|
-70,97
|
Сатылғанөнімніңрентабельділігі
|
28,31
|
12,65
|
3,51
|
-55,32
|
-72,25
|
Іскерлік белсенділік индексін талдау барысында мынандай қорытындыға келуге болады,3 жыл ішінде ұйымның негізгі қызметі бойынша іскерлік белсенділігі тұрақты төмендеу үрдісінде болған, яғни 2-ші жылы 56,25%-ға, ал 3-ші жылы 2-ші жылмен салыстырғанда 71,43%-ға азайып отыр.
21 кестенің талдауынан көріп отырғанымыздай қарастырылып отырған мерзім ішінде рентабельділік көрсеткіштері тұрақты төмендеу үрдісінде болған, себебі өсу қарқыны барлық жерде теріс болып отыр. Нәтижесінде активтер рентабельілігінің, айналым капиталы рентабельділігінің және барлық операциялар рентабельділігінің мәндері ерекше төмендеп нөлге жақындаған.
Барлық көрсеткіштер рентабельділігінің нашарлауы салынған қаражаттардың қайтарымының төмендегенін, сонымен қатар салынған қаражаттарды тиімсіз пайдаланылғандығын көрсетеді.
3.4. Іскерлік белсенділік көрсеткіштерін факторлық талдау
Іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің өзгерісіне әсер ететін факторларды детерминациялық факторлық талдау әдісімен бағалап көрейік. Яғни активтер айналымына, айналым капиталының айналымына, меншік капиталының айналымына және іскерлік белсенділік индексіне әсер ететін факторларды анықтаймыз.
Өнімді өткізуден түскен түсім (Т) көлемі өзгерісінің жалпы активтер айналымдылығына әсері 2ші және 3ші жылдар аралығында мынаны құрады (19 кесте):
ΔКаа2(Т) = (785520 - 681352) / 687408 = 0,15;
ΔКаа3(Т) = (852328 - 785520) / 836696 = 0,08,
Жалпы активтер көлемі өзгерісінің жалпы активтер айналымдылығына әсері мынаны құрайды:
ΔКаа2(Акср) = (785520 / 836696) - (785520 / 687408) = -0,20;
ΔКаа3(Акср) = (852328 / 880974) - (852328 / 836696) = -0,05.
Осылайша, активтердің жалпы көлемінің артуының әсері сату көлемінің артуы әсерінен 2-ші жылы асып түскен, нәтижесінде активтер айналымдылығы 0,05-ке дейін төмендеген (0,15-0,20). 3-ші жылы активтер айналымының коэффициентіне активтердің жалпы көлемінің кері әсері сатудан түскен түсім көлемінің оң әсерімен толықтырылды, нәтижесінде активтер айналымдылығы 0,03-ке дейін артты (0,08-0,05).
Сатудан түскен түсім (Т) көлемінің айналым капиталының айналымдылығына әсерінің өзгерісі мынаны құрады:
ΔКака2(Т) = (785520 - 681352) / 488044 = 0,21%;
ΔКака3(Т) = (852328 - 785520) / 606780 = 0,11.
Айналым капиталының көлемінің (АКорт) айналым капиталының айналымдылығына әсерінің өзгерісі 2001, 2002 жылдары мына құрады:
ΔКака2(АКорт) = (785520 / 606780) - (785520 / 488044) = -0,31;
ΔКака3(АКорт) = (852328 / 595566) - (852328 / 606780) = 0,03.
Айналым капиталы көлемінің айналым капиталының айналымдылығына кері әсерінің өзгерісі 2-ші жылы сатудан түскен түсім көлемінің өзгерісіне оң әсерін арттырды және айналым капиталының айналымдылық коэффициенті 0,10 мәніне төмендеді (0,21-0,31). 3-ші жылы сатудан түскен түсім көлемінің өзгеріс факторымен қатар айналым капиталы көлемінің өзгеріс факторы айналым капиталының айналымдылық коэффициентіне оң әсерін тигізді, нәтижесінде бұл коэффициент 0,14 мәніне артты (0,11+0,03)
Өнімді сатудан түскен түсім (Т) көлемінің меншік капиталының айналымдылығына әсерінің өзгерісі мынаны құрайды:
ΔКмка2(Т) = (785520 - 681352)/ 145942 = 0,71;
ΔКмка3(Т) = (852328 - 785520) / 160382 = 0,42.
Меншік капиталы көлемінің (МКорт) меншік капиталы айналымдылығына әсерінің өзгерісі құрады:
ΔКмка2(МКорт) = (785520 / 160382) - (785520 / 145942) = -0,48;
ΔКмка3(МКорт) = (852328 / 146416) -(852328 / 160382) = 0,51.
Бұл жерден көріп тұрғанымыздай 2-ші жылы сатудан түскен түсім көлемінің оң әсерінің өзгерісі меншік капиталы көлемінің теріс әсеріне артқан, нәтижемінде меншік капиталының айналымдылық коэффициенті 2- ші жылы 0,23-ке дейін артып отыр (0,71-0,48). 3-ші жылы сатудан түскен түсім көлемінің өзгеріс факторымен қатар меншік капиталы көлемінің өзгеріс факторы меншік капиталының айналымдылық коэффициентіне оң әсерін тигізді, нәтижесінде берілген коэффициенттің 0,93 мәніне артқандығын көреміз (0,42 + 0,51).
Өнімді өткізуден пайда (Пөө) өзгерісінің іскерлік белсенділік индексіне әсері мынаны құрайды:
ΔIіб2(Пөө) = (61436 - 106980) / 684792 = -0,07;
ΔIіб3(Пөө) = (19380 - 61436) / 836066 = -0,05.
Жұмыс істейтін капитал (ЖІКорт) көлемі өзгерісінің іскерлік белсенділік индексіне әсері мынаны құрайды:
ΔIіб2(ЖІКорт) = (61436 / 836066) - (61436 / 684792) = -0,02;
ΔIіб3(ЖІКорт) = (19380 / 880330) - (19380 / 836066) = -0,001.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады, 2-ші жылы сияқты 3-ші жылы да сатудан пайда әсерінің өзгерісі және жұмыс істейтін капитал көлемі әсерінің өзгерісі теріс болған, нәтижесінде іскерлік белсенділік индексінің 2-ші жылы 0,09 [-0,07 + (-0,02)] мәніне, ал 3-ші жылы 0,051 [-0,05 + (-0,001)] мәніне төмендеген.
Ендігі кезекте активтер, айналым капиталы, операциялық қызмет және сатылған өнім рентабельділіктері көрсеткіштерінің факторларға әсерін анықтайық.
Салық салынғанға дейінгі пайда(Пссд) өзгерісінің 2-ші және 3- ші жылдар аралығындағы активтер рентабельділігінің көрсеткіштеріне әсері мынаны құрайды:
ΔRа2(Пссд) = [(58668 - 102552) / 687408] · 100 = -6,38%;
ΔRа3(Пссд) = [(1544 - 58668) / 836696] · 100 = -6,83%.
Активтер көлемі (Акорт) өзгерісінің активтер рентабельділігі көрсеткішіне әсері мынаны құрайды:
ΔRа2(Акорт) = [(58668 / 836696) · 100] - [(58668 / 687408) · 100] = -1,52%;
ΔRа3(Акорт) = [(1544 / 880974) · 100] - [(1544 / 836696) · 100] = -0,01%.
Осылайша, рентабельділік көрсеткішіне салық салынғанға дейінгі пайданың өзгерісі, сол сияқты активтер көлемінің өзгерісі де теріс әсерін тигізді, соңында активтер рентабельділігінің 2-ші жылы 7,90% [-6,38 + (-1,52)] мәніне, ал 3-ші жылы 6,84% [-6,83 + (-0,01)] мәніне төмендеуіне алып келді. Көбінесе салық салынғанға дейінгі пайда өзгерісіне теріс әсерін тигізген.
Өнімді өткізуден пайда (Пөө) өзгерісінің операциялық қызмет рентабельділігі көрсеткішіне әсері:
ΔRоқ2(Пөө) = [(61436 - 106980) / 681352] · 100 = -6,68%;
ΔRоқ3(Пөө) = [(19380 - 61436) / 785520] · 100 = -5,35%.
Түсім көлемі(Т) өзгерісінің операциялық қызмет рентабельділігі көрсеткішіне әсері:
ΔRоқ2(Т) = [(61436 / 785520) · 100] - [(61436 / 681352) · 100] = -1,19%;
ΔRоқ3(Т) = [(19380 / 852328) · 100] - [(19380 / 785520) · 100] = -0,19%.
Сонымен, операциялық қызмет рентабельділігі көрсеткішіне 2-ші және 3-ші жылдары еңкөп дәрежеде сатудан пайда өзгерісіне теріс әсерін тигізссе, ең аз дәрежедесатудан түскен түсімнің көлемі өзгерісіне әсерін байқаймыз. Жалпы 2-ші жылы осы екі фактор есебінен операциялық рентабельділік 7,87% [(-6,68 + (-1,19)] мәніне, 3-ші жылы 5,54% [(-5,35 + (-0,19)] мәніне төмендеген.
Сатудан пайда (Псп) өзгерісінің сатылған өнім рентабельділігі көрсеткішіне әсері:
ΔRсө2(Псп) = [(61436 - 106980) / 377924] · 100 = -12,05%;
ΔRсө3(Псп) = [(19380 - 61436) / 485708] · 100 = -8,66%.
Өнім өндіруге кететін шығындар (Ш) өзгерісінің сатылған өнім рентабельділігі көрсеткішіне әсері:
ΔRсө2(Ш) = [(61436 / 485708) · 100] - [(61436 / 377924) · 100] = -3,61%;
ΔRсө3(Ш) = [(19380 / 552868) · 100] - [(19380 / 485708) · 100] = -0,48%.
Ең көп дәрежеде өндірілген өнім рентабельділігі көрсеткішіне теріс әсерін өткізуден түскен пайда өзгерісі, ал ең аз дәрежеде - сатудан түскен түсімнің өзгерісі әкеліп отыр, нәтижесінде өндірілген өнім рентабельділігінің 2-ші жылы 15,66% [-12,05 + (-3,61)] мәніне, ал 3-ші жылы 9,14% [-8,66% + (-0,48%)] мәніне төмендеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |