5.3. Ақша ағындарының абсолюттік көрсеткіштерін талдау
Ақша ағындары көлемінің қозғалысын талдау деңгейлес талдау әдісі арқылы жүргізіледі. Аталған әдістің негізі – жекелей алынған талдау тарауларының әрқайсысы бойынша барлық көрсеткіштерді талдау болып табылады.
Ақша ағындарын басқару жүйесінде ең кеңінен тарағандары – деңгейлес талдау әдісінің төмендегідей түрлері:
• есеп беру кезеңіндегі ақша ағыны көрсеткіштерінің қозғалысын алдыңғы кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырып талдау (мысалы, өткен ай, тоқсан, жылдың көрсеткіштерімен);
• есеп беру кезеңіндегі ақша ағыны көрсеткіштерінің қозғалысын өткен жылдың есеп беру кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырып талдау (мысалы, есеп беру кезеңінің екінші тоқсанындағы көрсеткіштерді өткен жылдың екінші тоқсанындағы сәйкес көрсеткіштермен салыстыру). Деңгейлес талдаудың бұл түрі шаруашылық қызметтерінің маусымдық ерекшеліктері айқын бейнеленген мекемелерде қолданылады;
• алдыңғы кезеңдер ішіндегі ақша ағыны көрсеткіштерінің қозғалысын талдау. Талдаудың бұл түрінің мақсаты – мекеменің ақшалай активтерінің әрекет ету нәтижелерін сипаттайтын жекелеген көрсеткіштердің өзгеріс үрдісін анықтау (қозғалыстағы тренд сызығын анықтау).
Ақша ағындарын деңгейлес талдаудың барлық түрлері, әдетте, жекелеген факторлардың сәйкес қорытынды көрсеткіштерінің өзгерістеріне ықпал етуін зерттеумен толықтырылады. Мұндай аналитикалық зерттеудің қорытындылары сәйкес динамикалық факторлық үлгілерді құрастыруға мүмкіндік береді. Кейін бұл үлгілер мекеменің ақша ағындарын жоспарлау процесінде қолданылатын болады.
Деңгейлес талдау кезінде екі тәсіл қолданылады:
1) абсолюттік шамадағы өзгерістерді салыстыру (мәселен, теңге);
2) салыстырмалы (пайыздық) шамадағы өзгерістерді салыстыру.
Әдетте, талдаушы есепте аталған екі тәсілді де қолданады. Бұл ретте, алдыңғы (немесе бірінші) кезеңге қатысты пайыздық өзгерістерді талдау тәсілі ең көрнекі тәсіл болып табылады.
Содан соң, жүргізілген талдаудың деректеріне сүйене отырып, ақша ағындарын оңтайландыру шарасы жүргізіледі. Бұл – үлкен көлемді ақша ағыны немесе оң ақша ағынының себептерін анықтап, жоюға мүмкіндік береді. Егер де ақша ағыны оң болса, онда барлық қаражат инфляциялық процестер кезінде құнсызданып қалуы мүмкін. Ал, ақша ағыны тым көлемді болатын болса, қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен, мекеме төлем жасауға шамасы келмей қалуы мүмкін.
Ақша ағындары көлемінің қозғалысын №5 мекеменің 3-формасы «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (тура әдіс)» мәліметтері негізінде, 32 аналитикалық кестені құра отырып талдайық.
32 кесте – Ақша ағындары көлемінің қозғалысын талдау
Көрсеткіштер
|
Ақша ағындарының сомасы, млн теңге
|
Өзгеріс (+, -)
|
Өрлеу қарқыны, %
|
Өсу қарқыны, %
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Жыл басындағы ақша қаражаттарының қалдығы
|
46,40
|
185,46
|
+139,06
|
399,70
|
299,70
|
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы
|
Ақша қаражаттарының түсуі - барлығы,
|
8406,75
|
10827,69
|
+2420,94
|
128,80
|
28,80
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
- өнімді өткізу
|
2844,53
|
7895,83
|
+5051,30
|
277,58
|
177,58
|
- негізгі қаражаттарды өткізу
|
181,98
|
33,14
|
-148,84
|
18,21
|
-81,79
|
- өзге ұзақ мерзімді активтерді өткізу
|
8,41
|
-
|
-8,41
|
-
|
-100,00
|
- алынған сыйақылар
|
376,76
|
863,52
|
+486,76
|
229,20
|
129,20
|
- өзге түсімдер
|
4995,07
|
2035,20
|
-2959,87
|
40,74
|
- 59,26
|
Ақша қаражаттарының істен шығуы - барлығы,
|
8400,72
|
9786,68
|
+1385,96
|
116,50
|
16,50
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
-жеткізушілерге өнім үшін төлем жасау
|
2386,69
|
4182,27
|
+1795,58
|
175,23
|
75,23
|
- еңбекақы төлеу төлемдері
|
1388,36
|
1571,32
|
+182,96
|
113,18
|
13,18
|
-салықтар мен алымдар бойынша есептер
|
1076,20
|
1432,66
|
+356,46
|
133,12
|
33,12
|
- өзге төлемдер
|
3549,47
|
2600,43
|
-949,04
|
73,26
|
- 26,74
|
Операциялық қызметтен түскен ақша ағыны
|
6,03
|
1041,01
|
+1034,98
|
17264
|
17164
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |