5.5. Ақша ағымдарын кешенді талдау
«Дюпон» (АҚШ) фирмасы құрған ақша ағымының Дюпондық талдауы «ақша қаражатының рентабельділік коэффициенті» көрсеткішінің бір жүйеде байланысқан жеке қаржылай коэффициенттерге бөлінуін қарастырады.
Активтердің рентабельділігі өзгеріссіз іске асыру рентабельділігі мен активтер құнының алдын-ала өсуінде, яғни активтердің айналымдылығының жылдамдатуында(ресурс қайтарымдылығы) өнім шығарылуының көлемі өсуі кезінде көтеріледі. Керісінше, өзгеріссіз ресурс қайтарымдылығында активтер рентабельділігі бухгалтерлік(салық салуға дейін) рентабельділіктің өсуімен де көтеріле алады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін бағалауда активтер рентабельділігі қандай факторлар әсерінен жоғарылап немесе төмендейтіндігі маңызды ма? Әлбетте, жоқ. Себебі, түрлі кәсіпорындардың өнім өндіру көлемін ұлғайту мен рентабельділікті көтеру мүмкіндігі бірдей емес.
Өндіріс рентабельділігін бағаларды көтеру мен шығындарды азайту арқылы ұлғайтуға болады. Алайда, бұл тәсілдер уақытша, әрі қазіргі кезде аса сенімді емес. Кәсіпорынның қаржы жағдайын нығайту мақсаттарына жауап беретін барынша жүйелі саясаты нарықтық конъюнктураны жетілдіру жолымен анықталған өнімнің өндірісі мен шығаруын ұлғайтуға негізделген.
Қаржылай талдау теориясында активтердің айналымдылығы мен рентабельділігінің бағамы оның жеке құраушыларынан тұрады: материалдық айналым қаражаты, есептеу қаражаты, жеке және қарызға алынған қаражат көздерінің айналымдылығы мен рентабельділігі. Алайда, өздігінен бұл көрсеткіштер шағын көлемді ақпаратты береді. Арифметика жағынан қарасақ, рентабельділік көрсеткіші немесе активтер айналымдылығының бөліміне қарағанда, осы көрсеткіштерді есептеу барысында бөлшек бөлімінің азаюы нәтижесінде капиталдың жеке элементтерінің жоғарырақ айналымдылығы мен рентабельділігін аламыз.
Экономикалық рентабельділікті талдау кезінде міндетті түрде оның жеке элементтерінің рөлін назарда ұстау керек. Бірақ, тәуелділікті элементтердің айналымдылығы арқылы емес, оның айналымдылығы мен рентабельділік динамикасымен бірлескен капитал құрылымы бағамы арқылы құрған орынды. Сондықтан, Дюпон жүйесінің концепциясы негізінде ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті өнімді шығарудың рентабельділік көрсеткішін ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициентіне көбейткенге тең.
Кр.ақ = Кр.ө · Кақ.айнал.
Мұндағы, Кр.ақ - орта көлемді ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті; Кр.ө - өнімді шығарудың рентабельділік көлемі; Кақ.айнал. - орта көлемді ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициенті.
Ақша қаражаттарының рентабельділігінің нашарлауының себебі шығарылым рентабельділігінің төмендеуі және ақша қаражаттарының айналымдылығының азаюы болуы мүмкін.
Берілген қатынасты зерттей отырып, келесіде тереңдетілген талдау жасау үшін әрбір элементтің әсер ету деңгейін анықтауға болады. Оның динамикасын қарастыра отырып, өзгерістің нашарлау тенденциясы сәтін анықтауға, құрамдастарының қайсысының көрсеткіштері осындай өзгеріске әкелгенін байқауға болады. Осылайша, жағдайдың бастапқы нашарлау себептеріне жетіп, оны жақсы жаққа өзгертуге тырысуға болады.
Кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді қолданудың кешенді анализі үшін Дюпонның келесіде көрсетілген үшфакторлық моделі қолданылуы мүмкін:
Кр.ақ = (ТП / АҚорт) = (ТП / Т) · (Т/ ЖКорт) · (ЖКорт / АҚорт),
Мұндағы: ТП - таза пайда; АҚорт - ақша қаражаттарының орташа көлемі; Т - өнім өндіруден түскен табыс; ЖКорт - жеке капиталдың орташа көлемі.
Егер қаржылай есеп нәтижесінде ақшалай қаражатқа келетін таза пайда көлемі азайса, бұл қандай фактор есебінен орын алғанын анықтауға болады:
- өнім шығарылымынан түскен әр теңгенің таза пайдасының төмендеуі;
- өнім шығарылымынан түскен пайданың төмендеуіне әкелетін ақша қаражаттарын тиімсіз басқару(олардың айналымдылығының баяулауы);
- авансталған капитал құрылымын өзгерту (қаржы левериджі).
Бұл жағдайда өмір сүріп, әрі қарай даму үшін ұйымға сыртқы ортаны үнемі зерттеп, ондағы өзгерістерге жылдам жауап беру қажет, ол үшін уақтылы бейімделу талап етіледі. Ұйымның өзі де ортаға әсер етіп, оны өзгертіп отыратыны да айқын (мысалы, жаңа өнімді шығару, жаңа технологияларды пайдалану т.с.с. арқылы).
Тиісінше, SWOT-талдаудың келесі бөлімі сыртқы орта факторларын зерттеуге бағытталған. Ұйымның сыртқы ортасы дегеніміз – ұйымның ішкі резервтерін қажетті деңгейде ұстап тұру үшін қажетті ресурстар көзі әрі оның дайын өнімін тұтынушы. Алайда сыртқы орта ресурстары шектеулі болып табылады әрі оларға дәл осы ортада қызмет атқаратын көптеген басқа кәсіпкерлік субъектілері де мұқтаж болады (талап етеді). Қажетті ресурстар болмаған жағдайда ұйымның әлеуеті төмендеп, теріс салдарлар туындатуы ықтимал.
Сыртқы ортаға ұйымның өзі ықпал ете алмайтын, бірақ олардың өздері ұйымның қызметіне оң не теріс әсер ететін факторлар мен жағдайлар жатады. Сыртқы ортаны макроорта (жанама әсер ортасы) және микроорта (тікелей өзара әрекеттестік ортасы) деп бөлу (жіктеу) қалыптасқан. Макроорта ұйымның сыртқы ортада өмір сүруі үшін қажетті жалпы жағдайлар жасайды (саяси-құқықтық, техника-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және өндірістік қызметке ықпал етуі ықтимал тағы басқа факторлар), ұйым оларды есепке алуы тиіс. Ал микроортаға (сатып алушыларға, өнім берушілерге, бәсекелестерге, кредиторларға, акционерлерге) кәсіпорын біршама ықпал ете алады.
Ұйымның артықшылықтарын арттыруы ықтимал болып табылатын жағымды нарықтық жағдайлар мүмкіндіктер қатарына жатады. SWOT-талдау үшін нарықтағы бүкіл мүмкіндіктер емес, ұйым пайдалана алатын мүмкіндіктер ғана өзекті болып табылады.
Мүмкіндіктер басымды және келешексіз болуы мүмкін.
Нақты бір ұйым алдында ғана емес, онымен бір нарықта жұмыс істейтін бәсекелестері алдындағы мүмкіндіктерді қарастырған мақсатқа сай келеді. Қатерлер дегеніміз – ұйымға теріс ықпал ететін факторлар. Әртүрлі ұйымдар үшін бір фактор қатер де, мүмкіндік те болуы ықтимал. Мысалы, бір ұйымның бәсекелесі мүмкіндікті өзінен ертерек пайдаланса, ол мүмкіндік ұйым үшін қатерлер қатарына қосылады. Немесе, керісінше, белгілі бір қатер табысты түрде жойылып, бәсекелесі оны еңсере алмаса, бұл жайт бағаланып отырған ұйымға қосымша оң сипаттар беріп, оның күшті жақтарын күшейтеді. Тиісінше, тұтынушылардың қабылдауына қарай ұйымның күшті және әлсіз жақтары қарама-қарсы сипатты иеленуі мүмкін. Ұйым өз алдына қойған мақсаттарға қол жеткізіп, өз стретегиясын іске асыруға бағыт алуы барысында оның болжалды әлсіз жақтары елеулі қатерге айналуы мүмкін.
SWOT-талдау құрылымы 41-кестеде көрнекі түрде көрініс тапқан.
41-кесте - SWOT-талдау құрылымы
Ішкі орта
|
Сыртқы орта
|
Күшті жақтары (S)
|
Қаржы, өндіріс, басқаруды ұйымдастыру,
маркетинг, адами ресурстар, ұйымдастырушылық мәдениет
|
Мүмкіндіктер (O)
|
Халықаралық, саяси, экономикалық, құқықтық, нарықтық, технологиялық, әлеуметтік, бәсекелестік, экологиялық және тағы басқа факторлар түрлері
|
Слабые стороны (W)
|
Қатерлер (T))
|
Сонымен, SWOT-талдау рәсімі ұйымның күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін тізімдеу болып табылады. Сыртқы және ішкі факторлардың нақты мазмұны саланың ерекшелігімен және ұйым қызметінің ерекшеліктерімен айқындалады. Сондықтан оны ұйымның қызметі барысында орын алатын нақты бір жағдайға тән өзіндік сипаттармен толықтыруға болады (әрбір SWOT бірегей болып табылады).
Алайда ұйымның күшті және әлсіз жақтарының, мүмкіндіктері мен қатерлерінің шамадан тыс ұзын тізімін жасаудан сақтану керек, әйтпеген жағдайда стратегиялық көрініс айқын емес, яғни жеткілікті түрде анық болмай қалады. Оң көрсеткіштерді байқау жеткілікті. SWOT-талдауға енгізілетін сипаттамалардың, әлеуетті тәуекелдер мен мүмкіндіктердің шамалы шеңбері 42-кестеде көрсетілген.
42-кесте - SWOT-талдаудағы басты көрсеткіштер
Достарыңызбен бөлісу: |