Меншік капиталының рентабельділігі ұйымға меншік иегерлерінің салған қаражаттарының тиімді пайдалануын анықтайды, осы қаражаттарды басқа ұйымдарға (бағалы қағаз) салғандағы мүмкін болатын пайдамен салыстыруға, биржадағы акциялар бағамының деңгейін бағалау кезінде маңызды критерий қызметін атқаруға мүмкіндік береді. Коэффициент мына формула арқылы есептеледі:
Rмк = (Салық салынғанға дейінгі пайда / Меншік капиталының орташа жылдық құны) · 100%.
Талдау барысындағы пайдалы шешім барлық активтер рентабельділігі мен меншік капиталы рентабельділігін салыстыру болып табылады. Бұл көрсеткіштер арасындағы айырмашылық ұйымның сырттан қаржыландыру көздерін тартуға негізделеді. Егер ұйым қарыз капиталына пайыздарды төлемей керісінше оны өзіне тарту арқылы көбірек пайда тапса, онда оның айырмасын меншік капиталының қайтарымдылығын жоғарылатуға пайдаланылуы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда егер активтер рентабельділігі қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда төмен болса, ұйым қызметіне тартылған қаражаттар әсері теріс бағалануы қажет.
Айналым капиталының рентабельділігі айналым капиталының әр тапқан теңгеге баланстық пайда сомасын есептеуге көмектеседі. Динамиканы талдаудағы коэффициенттердің сандық мәні ұйымның оны пайдаланудағы тиімділігінің өзгерісін көрсетеді. Бұл коэффициент мына формула арқылы анықталады:
Rак = (Салық салынғанға дейінгі пайда / Айналым капиталының орташа жылдық құны) · 100%.
Перманетті капитал рентабельділігі ұйымның ұзақ мерзімді пайдалануындағы барлық капиталдарды пайдаланудың қандай пайдалылығы бар екендігін көрсетеді. Коэффициент мәні келесі формула арқылы есептеледі:
Rпк = (Салық салынғанға дейінгі пайда / Перманетті капиталдың орташа жылдық құны) · 100%.
Жұмыс істейтін капиталдың рентабельділігі ұйымның өндірістік қызметінің рентабельділігі туралы толық сипаттама береді. Ол мына формуламен анықталады:
Rжік = (Салық салынғанға дейінгі пайда / Жұмыс істейтін капиталдың орташа жылдық құны) · 100%.
Қызметтің рентабельділік коэффициенттер тобы ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша табыстылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстық пайда бойынша барлық операциялар рентабельділігі ұйымның барлық бағыттары бойынша қаншалықты өзінің қызметін пайдалы және тиімді жүргізіліп отырғандығын көрсетеді. Бұл коэффициент мына формула арқылы анықталады:
R = [Салық салынғанға дейінгі пайда/(өнімді сатудан түскен түсім+өзгеде операциялардан түсетін кіріс+қызметтен тыс іске асырулардан түсетін кіріс)] ·100%.
Негізгі қызметтің рентабельділігі (іске асыру рентабельділігі)ұйымның барлық өзге кірістері мен нәтижелерінен тазартылған, қолданушыға негізгі өндірістен түсетін баланстық пайданы жоспарлауға және тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін ұйым қызметінің негізгі рентабельділігін көрсетеді. Коэффициент мына формула арқылы анықталады:
Rнқ = (өндірістен пайда /сатудан түскен түсім) · 100%.
Өнімді өндәруге кеткен шығындар рентабельділігі өнімді өндіру және сату бойынша өндірісті ұйымдастыру шығындарының тиімділігімен анықталады. Бұл коэффициент мына формула арқылы анықталады:
Rөр = (сатудан түскен табыс / өндірілген өнімнің өндірістік шығын сомасы) · 100%.
Динамика коэффициенті өндірілген өнімнің өзіндік құнын ұйымдастыруындағы бақылаудың күшейтілуін немесе бағасын қайта қарастыру қажеттілігімен расталуы мүмкін.
Іскерлік белсенділікті талдаудың бір этапы ретінде өндірістік, операциондық және қаржылық циклды есептеу болып табылады.
Өндірістік цикл өндіріс қорларының өндіріске келіп түскен күнінен шығару күніне дейінгі сақталу уақытын сипаттайды. Бұл цикл қорлар айналымының ұзақтығына тең.
Операциондық цикл –ұйымның қоймасына материалдардың түсу моментінен басталып, дайын тауарды тапсырушыға өткізгеннен түскен төлемді алу моментімен аяқталады. Бұл цикл қаржылық ресурстардың материалдық қорларда және дебиторлық қарыздарда орналасқан уақыт аралығымен сипатталады және оның сомасы қорлар айналымы ұзақтығы мен дебиторлық қарыздың бір айналымының ұзақтығына тең:
Операциондық цикл= қорлар айналымының ұзақтығы + дебиторлық қарыздың бір айналымының ұзақтығы.
Өзге де тең жағдайларда операциондық циклдың төмендеуінен шикізатты сатып алу және сатудан түскен түсімді алу арасындағы уақыт азаяды, соның салдарынан рентабельділік өседі. Сәйкесінше берілген көрсеткіштің күн бойынша төмендеуі ұйымның қызметін жақсы жағынан сипаттайды.
Қаржылық цикл – қаржылық ресурстардың айналымнан тыс уақыт аралығын көрсетеді. Бұл цикл материалдарды жеткізушілерге төлемді төлеген кезден бастап (кредиторлық берешекті өтеу), тауарды тиеп-жөнелтуге байланысты сатып алушылардан ақшаны алған уақытымен аяқталады (дебиторлық берешекті өтеу).
Қаржылық цикл операциондық цикл мен кредиторлық берешектің бір айналымының ұзақтығы арасындағы айырмасына тең:
Қаржылық цикл= Айналым қорларының ұзақтығы + Дебиторлық берешектің бір айналымының ұзақтығы – Кредиторлық берешектің бір айналымының ұзақтығы.
Айналым қаражатын басқарудың мақсаты –қаржылық циклды қысқарту, яғни операциондық циклды қысқарту және қолайлы деңгейге дейін кредиторлық берешек айналымы мерзімін бәсеңдету.
Қорлардың айналымда орналасу ұзақтығына әртүрлі сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға жатады:
- салалық тиесілігі;
- қызмет саласы;
- қызмет ауқымы;
- инфляциялық процестер әсері;
- серіктестермен шаруашылық байланыстар сипаты.
Ішкі факторларға жатады:
- активтерді басқарудағы стратегияның тиімділігі;
- ұйымның баға саясаты;
- тауарлық-материалдық құндылықтар мен қорларды бағалау әдістемесі.
Айналым қаражаттарының айналымын жеделдету оның қажеттілігін азайтады: қорларды аз талап етеді, бұл шығындар деңгейінің төмендеуіне әкеледі, сайып келгенде, ұйымның қаржылық жағдайының тиімділігін арттыруға және қаржылық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Айналымның бәсеңдеуі айналым қаражатыныңұлғаюына және қосымша шығындардың пайда болуына әкеледі, демек бұл ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал етеді.
Іскерлік белсенділікті талдау барысында ерекше назарды дебиторлық және кредиторлық берекшек айналымына аудару қажет, өйткені бұл шамалар көбінесе бір-бірімен байланысты. Айналымның төмендеуі шоттарға ақы төлеу проблемаларын білдіруі мүмкін, сонымен қатар жеткізушілермен өзара қарым-қатынасты неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, пайдаланатын кредиторлық берешекті қаржылық ресурстарды алудағы арзан көзі бойынша және неғұрлым тиімді кейінге қалдырылған графиктік төлемдер бойынша қарастыруға болады. Дегенмен, айналымды негізгі бағалау тәсілі келесідей: айналым мерзімі неғұрлым аз болған сайын ұйымның коммерциялық қызметі тиімді және іскерлік белсенділігі жоғары болады.
Қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіекі тәсілдің бірімен өлшенеді, ұйым жұмысының нәтижелілігін көрсететін авансталған ресурстар көлемімен немесе өндірісте шығындарды пайдалану көлемімен. Бұл көрсеткіштер ұйымның іскерлік белсенділігінің деңгейін сипаттайды:
Авансталған ресуртар тиімділігі = Өнімді сатудан түскен түсім немесе или өткізуден түскен пайда / Авансталған ресурстар;
Тұтынылған ресурстар тиімділігі = Өнімді сатудан түскен түсім немесе или өткізуден түскен пайда / Тұтынылған ресурстар.
Өнімдер динамикасы мен ресурстар динамикасы арасындағы қатынасы экономикалық өсудің сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсіміне экстенсивті де интенсивті де тәсілдер арқылы қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынын ресурстар немесе шығындардың өсу қарқынынан жоғарылату экономикалық өсудің интенсивтілігін куәландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |