О
Капитал айналымы – капиталдың қозғалыс барысында бір нысаннан екіншісіне ауысуы үдерісі.
Айналымдағы активтер – ұйымның өндірісі мен айналымында қолданылатын қысқа мерзімді активтері.
Айналымдағы өндірістік қорлар – өндіріс барысында қолданылатын еңбек нысандары.
Айналым капиталы –ұйымның қысқа мерзімді активтерге салынған капиталы.
Жалпы өндіріс тиімділігі – салық салғанға дейінгі пайданың негізгі және материалдық айналым қаражатының орташа жылдық құнына қатынасы.
Ұйымның жалпы талдауы – ұйымды жұмыскерлер құрамы, құрал-жабдықтар, технология, өндірістік қызмет тиімділігі, өткізу, басқару және жоспарлау тұрғысынан сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің талдауы.
Экономикалық талдау объектісі – техникалық тұрғыда өндірісімен және әлеуметтік, табиғи жағдайлармен байланысты нысан ретінде қарастырылған ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі.
Жұмыс ырғақсыздығына байланысты шығарылмай қалған өнім көлемі – ырғақсыздық коэффициентінің жоспар бойынша шығарылған өнімнің жалпы сомасына көбейтіндісі.
Операциялық леверидж – ұйым пайдасының өнім көлемі өзгерісіне қарай өзгеруі.
Операциялық цикл – ұйымның бүкіл қаражатының толық айналу уақыты.
Сатып алудың көтерме бағасы – сатып алынатын заттың жіберілетін бағасы және оған қосымша делдалдың үстеме ақысы (делдалдың көтерген шығыны мен делдалдың пайдасы және делдалдың ҚҚС қосындысы).
Көтерме баға – ұйымға шығынның өтелуін және пайда алуды қамтамасыз ететін баға.
Негізгі капитал – ұзақ мерзімді активтерге салынған капитал (кейінге қалдырылған салықтық активтерді қоспағанда).
Негізгі қаражат – көптеген өндірістік циклдерге қатысып, құны өнімге бірте-бірте ауысатын еңбек құралдары мен қаражаттары.
Негізгі қаражаттың қалдық құны – негізгі қаражаттың бастапқы құны мен жиынтық тозымпұл құндарының айырмасы.
Салыстырмалы экономикалық көрсеткіштер – екі абсолютті көрсеткіштің қатынасы ретінде анықталатын көрсеткіштер.
Есептік калькуляция – өнім өндіруге жұмсалған нақты шығынды бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жасалған калькуляция.
Шешімдердің шектеулі саны туралы қате тұжырымдама – экономикалық шешімдер саны шектеулі болып табылады деген қате ұғым, одан үкімет неғұрлым көбірек шешім шығарса, жеке меншік ұйымдар қабылдауға мәжбүр болатын шешімдер саны соғұрлым аз болады деген қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |