Джек Лондон. Мартин Иден Бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет35/47
Дата23.08.2024
өлшемі1.82 Mb.
#503209
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Martin Iden Dzhek London

Отыз бесінші тарау
Бриссенден көптен бері келе алмай кеткенін айтқан жоқ. Мартин
себебін сұраған жоқ. Алдына буы бұрқыраған грог қойып, Мартин
досының қуқыл, жүдеу кескініне жақсы көзімен соңырқай қарап отырды.
— Мен де қол қусырып, қарап отырмадым,— деді Бриссенден, Мартин
соңғы күндері не жазғанын баяндап бергеннен кейін.
Ол қалтасынан қолжазба алып, Мартинге ұсынды, Мартин шығарманың
атын көре сала досына аңқиып қарап қалды.
— Иə, иə,— деді күлімдеп Бриссенден,— шіркін, аты ат-ақ емес пе?
«Фани дүние»... Бұл сөзді мен əуелбаста сізден естідім. Есіңізде ме, бір
күні адам туралы əңгімелей келіп, оны «тұрлаусыз фани дүниенің тұрақсыз
қонағы» дегеніңіз, адам баласы да жанды материя ғана, күн əлемінен өз
орнымды табамын деп тырбаңдаған балғын бүршік деп едіңіз ғой. Осы
сөздер көптен бері көкейімнен кетпей қойды. Онан арылу үшін түгелдей
поэма жазуыма тура келді. Кəне, оқып жіберіп, пікіріңізді айтыңызшы.
Мартин оқыды. Елігіп, ентелеп, бір қызарды, бір бозарды. Шіркін,
көркем шығарманың шұрайы екен. Егер ақыл-ойдың əрбір нəзік
құбылысына қолайлы сөз табуды мазмұнның түрге енуі деп түсінсек, мына
поэманы түр салтанаты деуге болар ма еді. Ақынның сөзін шебер
қиыстыруына қатты сүйсінген Мартиннің көзінен ыстық жас келді. Бұл
алты жүз немесе жеті жүз ауыз өлеңнен тұратын ұзақ поэма екен. Оғаш,
таңғажайып тамаша, үрейлі дүние. Мұндай шығарма жазу ақылға
сыймайтын, мүмкін емес іс сияқты. Бірақ оның аққа қарамен жазылуы хақ.
Мұнда шексіз-шетсіз кеңістік əлемінен өтіп, сонау ең алыстағы күндер
шеңберіне жетсем-ау дейтін ізденуші өжет адам баласының арманы сөз
болады. Бұл əлсіз жүрегі əрең соғып жатқан, əлі тірі, бірақ өлешек бенденің
басында аласұрған есалаң қиял. Поэманың салтанатты сарыны мен біркелкі
ырғағынан планеталардың гүрілі, əлем шеңберінде түйіскен ақпа
жұлдыздардың сатыры, отты бұлттардың жайқын жарығы түскен сонау
қараңғы əлем шыңырауында соқтығысып жатқан жұлдыздардың дүрсілі
естілгендей болады. Əлек болған əлем дүниесінің жан түршігерлік гүрсілі


ішінде адам баласының сыңсыған жалынышты баяу ызыңы да құлаққа
сезілгендей.
— Мұндай шығарманы əлі ешкім жазып көрген жоқ,— деді Мартин
сөйлеуге тілі келген бір мезетте.— Бұл мүлтіксіз жазылған керемет дүние!
Керемет! Мені мүлдем есімнен тандырып жіберді! Мынау мəңгі-бақи
көкейімнен кетер емес. Ақылы жетпейтін жайларды түсінемін деп
əуреленген адамның ызыңдаған үні құлағымнан кетер емес! Маған ол
өкірген пілдер мен ақырған арыстандардың арасында өлгелі жатқан
масаның ызыңы сияқты естіледі. Бірақ оның ызыңынан дүниеге тойымсыз
құмары да сезілгендей. Менің сөздерім тым ерсі болса ғажап емес. Бірақ
мынау поэмаңыз мені тербеп, тебірентіп əкетуі рас. Сіз... тіпті, не дерге де
білмей отырмын, сіз данышпан адамсыз. Айтыңызшы, қалай жаздыңыз?
Қолыңыздан осы қалай ғана келді!
Қызыл сөздің қызығына түсіп кеткен Мартин тыныс қайырғалы сəл
кідірді.
— Мен енді жазуды қойдым. Менікі жазу емес, шатпақ. Шеберлікті
сізден көрдім. Сіз данышпансыз! Жоқ, данышпаннан да жоғарысыз! Мынау
қияли қиялдан туған шындық, шындықтың асылы. Догматик, түсінесіз бе?
Сіздің сөзіңізді ғылым да бекерге шығара алмақ емес. Бұл сəуегейдің
аузынан шыққан ақиқат. Өлеңнің құдіреті күшті ырғағы ғарыш түнегінен
сомдап құйып шығарған сұлулық, даналық, данышпандық. Мұнан артық не
айтайын! Мен жеңілдім, жермен-жексен болдым! Жоқ, тағы бір ауыз сөзім
бар: поэмаңызды журналдардың біріне бастыруға рұқсат етіңіз.
Бриссенден қарқылдап күлді.
— Қой, бүкіл христиан дүниесінен мұны басатын журнал табыла
қоймас! Оны өзіңіз де жақсы білесіз!
— Жоқ! Қайта дүниеде бұл поэмаға жармаса кетпейтін журнал жоқ деп
ойлаймын. Мұндай туынды дүниеге жүз жылда бір келеді. Бұл күндік,
жылдық поэма емес. Замана поэмасы.
— Өйдөйт деген!
— Қылжақты қойыңыз!— деді Мартин.— Редактордың бəрі бірдей
топас емес. Бұған көзім жетті. «Фани дүниені» бірі алмаса, екіншісі алады.


Бəстесесіз бе?
— Бəстесе алмаймын, себебі бар,— деді Бриссенден сəл кідіріп:— бұл
поэма менің жазғандарымның ішіндегі ең тəуірі, өмірмен ақырғы
арыздасуым — деді.— Мұны жақсы білемін. Мақтануға да, алдында бас
июге де тұрарлықтай поэма. Əйтеуір, өзім оны вискиден де артық көремін.
Жас шағымда, адамның арман аңсап, ойлаған мақсатыма жетемін деп
талпынатын кезінде, өмірден күткен үмітім еді бұл. Мұратыма бір аяғым
жерде, бір аяғым көрде тұрғанда жеткендеймін. Сөйткен дүниемді
доңыздарға қор еткім келмейді! Жоқ, бəс тігіспеймін! Бұл менікі! Өзегімді
жарып шыққан туындым. Оны тек сізге ғана көрсете аламын.
— Өзге дүниемді де ойласаңызшы,— деді Мартин.— Сұлулықтың
мақсаты — сүйсіндіру, қуанту емес пе!
— Олай болса, мені қуантсын, өзімді сүйсіндірсін.
— Өзімшіл болмаңыз!
— Жоқ, мен өзімшіл емеспін,— деді Бриссенден айтар сөзін айтпай
жатып, аузы тұшығандай езу тартып.— Мен аш доңыздай көпшілмін.
Мартин олай айтып, бұлай айтып, көндіре алмады. Бриссенденнің
журналдарды жек көруі бір беткейлік, қисынсыз кежірлік, Эфес
Дианасының храмын өртеген Геростраттың əрекетінен де өрескел іс,
дегенді де айтты. Бриссенден грогін ұрттап қойып, сіздікі жөн дегендей
басын изеп, отыра берді. Ол редактор атаулыны өлердей жек көреді екен,
оларды тілдегенде Мартиннен асырып жібереді.
— Поэмамды машинаға көшіріп басып беріңізші,— деді ол,— сізден
артық мұны ешкім баса алмайды. Лəкин, бір пайдалы кеңес айтайын.—
Бриссенден қалтасынан қалың қолжазба суырып алды.— Мынау «Күн
масқара болдыңыз». Үш рет оқып шықтым! Шығармаға осынан артық
мақтау бола ма? «Фани дүниені» жер-көкке сыйғызбағаннан кейін менің
үндемеуім керек еді. Сонда да айтпай болмас: «Күн масқара болдыны»
бастырсаңыз үлкен шу көтеріледі, талас туады, атағыңыз жайылады.
Мартин қарқылдап күлді.
— Журналдардың біріне жібер дейсіз бе?


— Жоқ, бастырғыңыз келсе, олай жасамаңыз. Əуелі ірі баспалардың
біріне ұсынып көріңіз. Қиялы не мас болған бір рецензент оқып шығып,
мақұл көрмес пе екен. Кітапты көп оқығаныңыз көрініп тұр! Соның бəрі
Мартин Иденнің миында қорытылып, «Күн масқара болды» арқылы
қалыпқа қайта құйылыпты. Күндердің күнінде Мартин Иденнің даңқы
шығашақ. Сонда оның атағына қосқан мына дүниенің үлесі аз болмасқа
керек. Бастырушы іздеңіз. Неғұрлым тез тапсаңыз, солғұрлым жақсы!
Бриссенден сол күні ұзақ отырып қалған. Мартин оны трамвайға
шығарып салған еді. Вагонға кіріп бара жатып, Бриссенден досының
қолына бүктеулі бір қағаз қыстырды да:
— Ала тұрыңыз мынаны, бүгін сəті түсіп, атжарыста ақша ұтқан едім,
— деді.
Қоңырау соғылды. Трамвай жүріп кетті. Таң-тамаша қалған Мартин
қағазды ұстаған қалпында қала берді. Үйіне келгесін, ашып қараса, жүз
долларлық банкі билеті екен.
Мартин ақшаны арланбай жұмсай берді. Досының сомалы екені өзіне
аян. Көп ұзамай қарызын қайтарам ғой деп те ойлады. Келесі күні таңертең
ол борышының бəрінен құтылды, Марияның пəтер ақысын үш ай бұрын
төлеп қойды. Зақылетке берген нəрселерін түгел қайтып алды. Мэриеннің
ұзату тойына арнап жасау сатып алды, Руфь пен Гертрудаға Мəулет күні
беретін сыйлығын сатып алып қойды. Сильваның бүткіл семьясын ертіп,
Оклендке алып барды, уəдесін (рас, бір жыл кешіккенімен) орындады.
Марияға да, балаларына да башмақ сатып əперді. Балаларды ойыншық пен
тəттіге қарық қылды.
Бəрі шұбырып тағам сататын дүкенге кіріп барса, Руфь пен шешесі
екеуі сонда тұр екен. Миссис Морз ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады.
Руфь те не қыларын білмей сасып қалды. Руфь əрқашанда сырттай əдеп
сақтағанды ұнататын. Мартиннің өңшең алба-жұлба португалдарды
əспеттеп жүргенін жаратпай қалды. Мұнысы намысының жоқтығы, өзін-өзі
қадірлемегені деп ойлады. Ең, жаманы бұл оқиға Мартиннің өз ортасынан
жоғары көтеріле алмайтындығына дəлел деп ұйғарды. Бір жігіттің басына
бұл ұят та аз емес. Мартиннің осы қылығын жұрт алдында, Руфьтің бастас
адамдары алдында мақтан етуінің жөні жоқ еді. Руфь пен Мартиннің сөз
байласы құпия сақталғанымен, сыбыс елге əлдеқашан тарап кеткен ғой.


Сондықтан тағам сататын дүкенге сол күні əлдеқалай келе қалған Руфьтің
таныстары атастырып қойған қыздың əлдекімнің арасында жүргеніне
таңырқасты. Өз ортасының еркетотайы Руфь Мартиннің дарқан мінезін
дұрыс түсінген жоқ. Қайта мұны масқара деп ұқты. Сол күні Морздардың
үйіне барғанда Руфьтің бұлан-талан болып отырғанын көріп, Мартин əдейі
алып келген сыйлығын ұсынуға да бата алмады. Қыздың көз жасын, ашу
мен ызаға төзе алмай жылағанын бірінші көруі еді. Қатты қынжылып, не
үшін екенін білмесе де, ішінен өзін-өзі хайуансың деп қойды. Өзі сияқты
кедей-кепшікті бойына ар санау Мартиннің ойында да жоқ-ты. Сондықтан
Мария Сильваның балаларына пайғамбар туған күні сыйлық əперіп,
сорлыны бір қуантса, Руфьтің адамгершілігіне нұқсан келеді деп ойлаған
жоқ. Бірақ ол Руфьтің өкпесі мен базынасын өз ауызынан естіп, кешірім
етуге əзір еді жəне осының бəрі əйел баласының, соның ішінде ең асыл
деген əйелдің де сабырсыздығының салдары шығар деп жуып-шаюға
дайын болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет