36
температурасына дейін салқындатады. Негізгі кезеңде
сақтау температурасын
картоптың сорттық ерекшеліктерін ескере отырып 1 ден 5
0
С аралығында белгілейді.
Осы кездегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95%. Картопты көктемгі сақтау
ең жауапты кезең деп аталады, өйткені ақпан айының соңынан наурыз айының басына
дейін картоп тұқымдары өсе бастайды. Өсуді ұстап тұру үшін температураны, негізгі
кезеңге қарағанда 1 – 3
0
С – қа төмендетеді, осының нәтижесінде міндетті тыныштық
кезең жағдайына түседі. Картопты ұзақ сақтау үшін әр түрлі әдістерді қолданады:
оларға төменгі температураны ұстап тұру, өсуін тоқтататын химиялық
препаратттармен өңдеу, сәулелендірудің әр түрлі әдістері.
А
қ қауданды капустаның сақталу ерекшелігі ол қысқа
мерзімді төменгі
температура әсеріне төзімді келеді. Қырыққабатты сақтаудың тиімді температурасы –
1
0
С.
Тамыржемістілер. Сақталуы бойынша екі топқа бөлуге болады. Механикалық
мықтылығымен ерекшеленетін жақсы сақталатын мықты жабынды ұлпалы (қызылша,
түрпі пастернак). Нашар сақталынатын нәзік жұқа жабынды ұлпалы (сәбіз, турнепс,
сельдерей, пастернак).
Тамыржемістілер жеңіл мұздатуға шыдамайды. Зақымдалған ұлпалар еріген соң
жасушалық шырынын жоғалтады, шырыштанып микроағзалармен зақымдалған.
Сақтау кезінде температура 0
0
С төмен болмауы тиіс. Тамыржемістілерді жинаған соң
жоғары температурада ұстамай ақ тоңазыту камераларына салатын болсақ ауру
тудыратын қоздырғыштар шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Көкөністер мен жемістерді төменгі температурада
сақтау микроағзалардың
дамуы мен тыныс алу процесін төмендетеді. Ұзақ мерзімді сақтау процессі этаптарға
бөлінеді: дайындалатын, негізгі және қорытынды. Дайындық этапы сақтауға
шикізатты қабылдау, оның сапасы мен
физиологиялық жағдайын анықтау, сорттау,
қаптау, сақтау үшін арнайы камераларға салудан тұрады.
Негізгі этапта, шикізатты қажетті төмен температурада оптималды
жылдамдылықта салқындатады, белгілі температура мен ылғалдылықта сақтайды,
көктем мезгілінде
температураны төмендетіп, ылғалдылықты жоғарылатып сақтауды
қатаңдатады.
Қорытынды этапта шикізатты бірнеше күн бойы қыздырып, оның сапасын
анықтайды, сорттайды және қолдану мен тасымалдау үшін бумалайды.
Шикізатты
ұзақ мерзімді сақтаудың маңызды ерекшеліктеріне қоймалардың салқындату мен
желдету жүйелері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: