11
Кері осмос - жоғары осмостық қысымға ие, сонымен қатар жұмысшы қысымы
5,0-10,0 МПа құрайтын төменгі молекулярлы заттардың ерітінділерін бөлу үшін
қолданады.
Мембраналы әдіспен ерітінділерді бөлу қоршаған орта температурасында
фазалы ауытқушылық болмай жүргізіледі, сол себепті дайын өнім сапасына оң әсер
етеді.
Мембраналар бөлініп алынатын затқа
деген жоғары селективтілікке,
өткізгіштікке, жеткілікті механикалық төзімділікке ие болуы тиіс және ұзақ қолдану
үдерісінде тұрақты шамаларға ие және агрессивті орта әсеріне төзімді болуы керек.
Өздігінен анизотропты мембраналар қалыңдығы 0,01 – 0,4 мкм болады. Кеңінен
қолданылатын
мембраналар
ацетатцеллюлозадан,
триацетатцеллюлозадан,
этилцеллюлозадан, полиамидтен, целлофаннан жасалған.
Тағам өнімдерін мембраналық өңдеу алкагольсіз сусындар мен ликер арақ
өнімдерін өндіруге қажетті суды дайындауда және микробиологиялық өндіріс
өнімдерін тазалау үшін қажет. Сонымен қатар бұл үдеріс сүт өнеркәсібінде
ерітінділерді бөлуде кеңінен қолданады: тұзды сарысуды деминерализациялауда, сыр
өндірісінде
тұзды ерітіндіні тазалауда, концентрленген сүт пен сүт өнімдерін өндіруде.
Араластыруды жылулық, диффузиялық және биохимиялық үдерістерді
интенсификациялауда қолданады. Сұйық ортада араластыруды суспензия мен
эмульсияларды алуда қолданады. Илемді және сусымалы материалдарды араластыру
мақсаты илемді қоспалары мен әр түрлі сұйық, қатты негізгі заттардың біртекті
массаларын алу.
Нан, макарон және кондитерлік өндірісінде илемді массаларды араластырудан
бөлек, әр түрлі компоненттер араластырылып,
қамыр уқалап жұмсартылады, ауамен
қанығып, қажетті қасиеттерге ие болады.
Гомогендеу (сұйықтықтарды араластырудың көп түрлілігі) сүт өнеркәсібінде
кеңінен қолданылатын айрықша гидромеханикалық үдерістер.
Гомогендеуді сүтті, қышқыл сүт сусындарын, қаймақ, балмұздақ, сүт
консервілерін, сүт алмастырғыштарын өндіруде қолданады. Гомогендеу аталған
өнімдерде кездесетін тұндырма кілегейі («қаймақтық тығын»)
ақауын алдын алуға
көмектеседі, ал балқытылған ірімшік пен сары май өндірісінде гомогенизатор
көмегімен біртекті илемді консистенцияны алуға болады.
Сүттің липидті бөлігі тікелей типті – «судағы май» май эмульсиясымен
көрсетілген. Гомогендеу мақсаты – сүттегі май фазасының тұрақтылығын қамтамасыз
ететін анықталған өлшемнен аспайтын диаметрі бар май түйіршіктерінің болуын
қамтамасыз ету. Осы мақсаттарға жету үшін барлық май түйіршіктерін майдалау
қажет. Гомогендеу үдерісінің маңыздылығы келесіде (қақпақты гомогенизатор
мысалында қарастырылады): май түйіршігі сүт
ағысымен бірге бастапқы
жылдамдығымен гомогенизатор қақпағының бағытымен жылжиды, қақпақты
саңылауға кірер алдында ағыс жылдамдығы лезде жоғарылайды, осы сәттен бастап
май тамшысы плазма ағысымен цилиндрге дейін созылып, беттік тартылыс күш
әсерінен төзімді форма майда түйіршіктерге бөлшектенеді.
Өткел аумағындағы май
түйіршіктеріне диспергирлеу жылдамдығынан бөлек канал және клапанды
саңылаудағы қысымның әртүрлілігі әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: