Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет26/75
Дата04.12.2023
өлшемі1.31 Mb.
#485430
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

Біртекті емес жүйелерді бөлу – фазалардың жағдай мен жүйелердің құрам 
бөліктерінің сипатына орай әр түрлі әдістермен жүргізіледі. сұйықтықтан сұйықтықты 


47 
бөлу гравитациялық немесе орталық бөліну арқылы жүзеге асырылады. Бұл 
процестерді өсімдік майы өндірісінде, балық майын қайта өңдеуде, сүттен кілегейді 
бөлгенде, майдан ылғалды шығару кезінде қолданады. Қатты денелерден сұйықтықты 
бөлу, центрифугалау, сүзу, престеу мен жүзеге асырылады. Бұл процестерді қант, 
крахмал, сүт, шырын өндірісінде, сонымен қатар ағынды суларды тазалауда 
қолданады.
Қатты заттардан қатты материалдарды бөлу – бөлшектерді өлшемі бойынша 
сорттау мен елеу нәтижесінде жүзеге асырылады.
Біртекті емес жүйелерді бөлу жоғарыда айтылғандарға сәйкес біртекті емес 
жүйе екі фазадан (орта) тұрады – дисперсиялы (сыртқы, тұтас) және дисперсті 
(ішкілік, ұсақ ұнтақталған).
Осы екі фаза арасында тарау беттері бар – бұл біртекті емес жүйелер (қоспалар 
сияқты) компоненттер арасындағы тарау беттері жоқ ерітінділерден айырмашылығы 
бар. Фазалардың жағдайы мен жүйелердің құрамдас бөлімдерінің сипатына 
байланысты ажырату әдістерін таңдайды. Сұйықтықтардан сұйықтықты ажыратуды 
гравитациялық немесе орталық айналмалы айыру жолын қолданады. Бұл үрдістер 
өсімдік майын өндіруде су мен майды бөлу үшін және сүттен кілегейді бөліп алуда
қолданылады. 
Қатты денеден сұйықтықты бөліп алу центрифугирлеу, фильтрлеу, пресстеу 
арқылы жүргізіледі. Бұл үрдістерді крахмал, май, қант, сүт, шырын, сусындарды 
өндіруде қолданады, сонымен қатар әртүрлі тазалауларда, соның ішінде ағынды 
суларды тазалауда. 
Ұн тарту өндірісінде бидайды сорттауда, кофе дәндерін түсі бойынша сорттауда, 
қатты материалдан қатты материалды бөлу бөлшектерді өлшемі бойынша сорттау 
және елеу арқылы жүрізеді.
Фазаның жүруіне байланысты бөлудің екі негізгі әдісін ажыратамыз: тұндыру 
және фильтрлеу. Тұндыру (тұну) үрдісінде бөлшектер салыстырмалы біртұтас ортада 
жылжиды. Фильтрлеу кезінде дисперсті орта арнайы бөлуге арналған болбыр дене 
арқылы немесе қаныққан дисперсті фаза арқылы өтеді.
Тұндыру (тұну) – сұйық ортада қалқып тұрған қатты бөлшектердің өз 
салмағының әсерінен тұнуы.
Қалқымалы бөліктерінің тұну жылдамдығы, өздері тұнатын сұйықтықтың 
физикалық қасиеттері мен дисперсті дәрежесі мен тығыздығына тәуелді, өйткені 
соңғысы қозғалысқа кері әсер етеді.
Тұндырғыларда тұндырудың кемшілігі ұзақ уақыт тұндырылуында. Тұндыру 
үрдісін жеделдету үшін орталық айналмалы күштерді пайдалану керек. Тұндыру 
тиімділігін, айыру нәтижесі бойынша бағалайды, %: 
100
.
.
.
.


í
÷
î
÷
Ê
Ê
ð

Мұндағы: К
ч.о.
– біртекті емес жүйедегі дисперсті фазадағы мөлшері (бөлшектің 
бастапқы мөлшері); 
К
ч.н.
– бөлінен зат мөлшері (мысалы, тұнбаға түскені). 
Орталық айналмалы күштерді қолданатын тұндыруларды тағам өндірісінде 
кеңінен қолданады.


48 
Бұл кезде бөлшектер салыстырмалы біртегіс ортада жүреді.
Фильтрлеуде дисперсиялық орта концентрленген дисперсиялық фазадан өтеді.
Фильтрлеу дегеніміз фильтрлеуші баған арқылы біртекті емес жүйелерді «елеу» 
есебінде бөліну үрдісі. Фильтрлеуді екі түрге бөледі: беттік және көлемді. Беттік 
фильтрлеуді ерітіндіден қатты бөліктерінен ажырату үшін қолданады, яғни сұйық 
және қатты суспензияны ажырату. Көлемді фильтрлеуді сусындарды түссіздендіруде, 
ауадан және басқа да орталардан шаңды алып тастау, яғни сұйық, коллоидты және газ 
текті коллоидты ерітінділерде қолданылады.
Фиброзды материалдарды немесе маталық салфеткаларды фильтрлік элементтер 
ретінде қолданылады. Фильтрлеуші элеметтердің саңылаулары, бөлшектердің 
диаметрімен салыстырғанда үлкен болғандықтан, сұйықтықтар олар арқылы өтпейді 
де, фильтрлеуші элементтердің талшықтарымен адсорбцияланып, талшықтың 
фильтрлеуші элементтердің талшықтарымен немесе тұнба бөлшектерімен тұтылады.
Фильтрлеу 
жылдамдығы, 
фильтрлеуші 
элементтер 
арқылы 
өтетін 
сұйықтықтардың қысымының төмендеуіне байланысты. Фильтрлеу үрдісінің 
қозғаушы күші, бағанның үсті мен астындағы ауыспалы қысым. Қысымның 
ауыспалы болуын вакуум, қысылған ауа қысымы, суспензияны механикалық жолмен 
жеткізу арқылы жүзеге асырылады, мысалы, насоспен.
Негізгі фильтрлердің тез бітеліп қалмауы үшін, көбінесе қосымша заттарды 
қолданады – диатолит, перлит, целлюлоза, белсендірілген көмір және жіңішке 
дисперсті немесе жіңішке талшықты заттар. Оларды фильтрлі бағанға жұқа қабатпен 
жағады. Фильтрлеу үрдісінде қысымның ауытқуы көп жағдайларда тұрақты, ал 
тұнбаның қарсы тұруы ұлғаяды да, фильтрлеу жылдамдығын келесі теңдеумен 
өрнектеуге болады:
,

d
F
dV
V
Ô


Мұндағы V – фильтрат мөлшері, м
3

F – фильтрлеу бетінің аумағы, м
2

τ – фильтрлеу ұзақтығы, с.
Фильтрацияны тағам өндірісінде кеңінен қолданады. Қант қызылша өндірісінде 
фильтрлеу 
көмегімен 
сатурациялық 
шырындардан 
тұнбаны 
ажыратады. 
Сұйықтықтарды фильтрлеу кеңінен шарап жасауда, ликер арақ өндірісінде және 
шырын өндірісінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет