Жылулық өңдеудің қосымша әдістері. Оларға үйіту, толық үйіту, бланширлеу,
қайта қыздыру, майсыздандыру, еріту, қайта қайнату, булау, езіліп қайнату,
ылғалсыздандыру, жылыту, ферменттеу.
Үйіту – бұл құс, шошқа ұшаларының беткі қабаттарын, жүнді және сірілі
субөнімдерді жылыту ортаның 51-83
0
С температурасында (су, бу), өңделетін тағам
мен алынып тасталынатын (жүн талшықтары, қауырсындары) бөліктері арасындағы
байланысты әлсірету үшін қысқа мерзімді өңдеу.
Толық үйіту – бұл үйітуге ұқсас процесс, тек мұнда қыздыру ортасының
температурасы біршама жоғары (95
0
С-қа дейін). Мұны қатты, тығыз бөліктерін алып
тастау үшін қолданады (қалың қауырсындар, мүйіз башпайларын).
Бланширлеу – қатты байланыстыру ұлпалары жоқ көкөністерді, жемістерді,
балықтарды, етті қысқа мерзімді өңдеу. Бұл процесс ыстық суда, ерітіндіде, ыстық бу
мен электрлік аумақта жүргізіледі.
Қайта қайнатуға – қамыр дайындамасын тұрғызып болған соң баранкалық
өнімдерді жібереді. Қайта қайнату үшін қайнап тұрған суға, өнімдер жақсы
жылтырауға қант пен сірнені қосады.
Булауды - жетілген қамырды дайындау 0,15 МПа қысымда 0,5 – 3 мин
аралығында баранкалы өнімдерді қайта қайнату орнына бу камераларында жүргізеді.
Шикізатты езіп пісіру (картоп, дәндер) этил спиртінің өндірісінде жасушалық
қабырғаларды бұзу үшін, ферменттермен оңай тез қанттанатын крахмалды
жасушалардан ажыратып ерігіш формаға ауыстыру. Бұл жылулық өңдеу түрін,
сонымен қатар балалардың тамақтануына арналған жеміс-көкөніс тағамдарда
қолданады.
Ылғалсыздандыруды – сұйық тағамдарда құрғақ зат мөлшерін жоғарылату үшін
жүргіземіз. Оны қант, сироп, шырын концентраттарын дайындауда қолданады.
Қайнату – бұл сироптарды ылғалсыздандырудың бір түрі.
Майсыздандыру (экстракция) – қатты немесе сұйық қоспалардың бөліну түрі, ол
қоспа компоненттері біркелкі ерімейтін әр түрлі ерітінділерде өңдеуге негізделген.
Еріту – бұл өнімнің ең қалың бөлігінде криоскопиялық температураға дейін
жылуы. Ерітуде жылу тасымалдаушыларға ауа, сұйықтар (су, ерітінді), бумен
конденсацияланған ауа қоспасы және ҚТП электромагнитті энергиясы.
Жылыту еріту мен белгілі температураға дейін қыздыруды біріктіреді
Достарыңызбен бөлісу: |