2.4.Джон Ф. Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы.
Құрама Штаттар тарихында іске немесе іске асырылмаған президент өміріне жасалған қастандық бірнешеу болып саналады. 130 жыл ішінде президенттерге сегіз рет қастандық жасалған. Оның төртеуі жүзеге асырылса (Линкольнге, Гарфильдке, Маккинлиге және Кеннедиге), төртеуі жүзеге асырылмады (Джэксонға, Теодор Рузвельте, Франк лин Д. Рузфельтке және Гарри С. Трумэнге). Төрт қайғылы оқиғалардың ішінде Авраам Линкольннің өлімі көп зардаптар әкелді:мысалы,сол кездегі халықты езгіге салған көптеген саяси және әлеуметтік мәселелер, егер де Линкольн үкіметі кезінде оң шешімін табар еді. Қазір де сол кездегідей тарихи маңызға ие Джон Кеннедидің өлімі жайлы көп айтылуда./35/
Оқиға былай болған еді.
1963 жылы 22 қараша да сағат 11:35-те Даллас әуежайына № 2 АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшағы қонды. Онда АҚШ-тың вице-президенті Линдан Джонсон болды. Бес минут өте әуежайға АҚШ әскери-әуе күштерінің № 1 ұшағы АҚШ-тың 45 жасар президентін әкелді.
Өйткені, президент пен вице-президент қайғылы жағдай орын ала қалған жағдайда АҚШ бір мезгілде екі негізгі тұлғасын жоғалтпас үшін екі ұшақпен ұшады.
Джон Кеннедидің Техас штатына іс-сапарының негізгі себебі 1964 жылы сайлау қарсаңында оңтүстік штаттарда өз беделін көтеру еді. Өйткені, 1960 жылы сайлауда Техас штатында Никсоннан жеңіліп жаба жаздаған.
Міне, президент Далласта. Жергілікті уақыт 11:50-де президент кортежі әуежайдан қалаға бағыт алды. Бірінші машинаның артқы орындығында Кеннеди әйелімен отырса, алдыңғы орындықта президент күзеті жөніндегі құпия қызметінің екі агенті отырды./36/
Президент кортежі батыс пен шығысты тоғыстыратын, қаланың негізгі сауда бөлігі Мэйн-Стритке түсті. Қарсы алушылар саны көбейе түсті.
Мэйн-Стриттің аяғында автомобильдер колоннасы оңға, Хьюстон-Стритке бұрылды. Алда Хьюстон-Стрит пен Эльм-Стриттің тоғысқан жерінде жеті қабатты ғимарат бой көтерген еді.
Президент автомобилі Эльм-Стритке бұрылған кезде бір ғимараттың сағаты 12:30-ды көрсетіп тұрды.
Көп уақыт өткеннен кейін атыс даусы естілді. Кейін Кеннеди өлімінің куәгерлері кітап қоймасынан атқанын нақтылады. Джон Кеннеди мойнынан және басынан өлімші болып жараланды.
Қайғылы жағдай өте тез өрбіді. Белгісіз біреу Кеннеди Даллас көшесімен өтіп бара жатқанда атты. Фотографтың бірі Кеннедидің басынан қан бұрқ ете қалғанын мәлімдеді. Президент Кеннеди Парклэнд ауруханасына жеткізілді.
Сағат 13:34-те Джон Фитцджеральд Кеннеди ауыр жарақаттан қайтыс болды. Ал, сағат 13:36-да Вашингтон президентінің өлімі туралы хабарды растайды. Полиция қастандық жасауы мүмкін, жасы 30-дар шамасындағы адамға іздеу салады. Көп өтпестен күдікті деген қарулы бірнеше адам тұтқындалды. Линдан Джонсон автоматты түрде президент болады. Ал, сағат 20:00-де Ли Харви Освальд ресми түрде өлімге кінәлі деп жарияланды./37/
Кеннеди өлінің алғашқы күнінен бастап кінәлі кім? деген сұрақ толғандырды. Және осы күнге дейін шын мәнінде бұл сұраққа жауап табылған жоқ.
Қастандыққа кінәлі деп табылған Ли Харви Освальд полиция бөлімінде түнгі клуб иесі Джек Рубидің қолынан қаза тапты.
Ли Харви Освальд кім болған еді? Ол мектеп бітіргеннен кейін теңіз жаяу әскер корпусына ерікті түрде енген еді. Бірақ әскери өмір оған ұнамады.Осыдан кейін ол Ресейге кетуді жөн көрді. Ресми құжаттардың бірінде ол коммунист екенін және коммунисттік елде тұрғысыкелетінін мәлімдеді.Бұл расқа айналды. Біріншіден,оны тінтіген кезде коммунистік әдебиет табылады. Екіншіден АҚШ-қа оралғаннан кейін бірқатар солшыл ұйымдармен байланыста болады. Мысалы ол коммунистік емес бірақ Кубаға деген әділ саясат үшін күрескен Нью-Иорктік бір ұйыммен байланыста болған. Сонымен қатар, Освальд Жаңа Орлеанда солшыл ұйымның бөлімшесін ашуға тырысқан. /38/
Алайда, көптеген адамдар Ли Харви Освальдті американдық шпион деп айыптады. Бұған дәлел ретінде Освальдпен Федеральды тергеу бюросы арасындағы байланысты алуға болады.
1963 жылы қарашада көп адамдар өз-өзіне „Құрама штаттардың президентті қорғайтын тәжірибелі құпия қызметі соншалықты қарапайым қателікке қалай жол берді және қылмысқа қатысы бар деген жалғыз күдікті ешқандай түсінік берместен барлығының көзінше қалай өлтірілді?”-деген сұрақ туындады.Бұл сұрақ әлем қоғамын және ең алдымен американ халқын толғандырды.1963-шы жылы 29- қарашада президент Джонсонның бұйрығымен президент Кеннедидің өлімінің себептерінің тергеуі жөніндегі арнайы камиссия құрылды.Жеті адамнан тұратын комиссияның төрағасы Эрл Уоррен тағайындалды . Уоррен комиссиясынын жұмысы 10 айға созылды. Оның негізгі тапсырмасы Джонсонның көрсетуі бойынша Кеннеди және Освальдтың өлімі туралы мәліметтерді анықтау.1964 жылы 24 қыркүйекте Уоррен комиссиясы Ақ үйге 552 куәгерді сұрау арқылы көлемді баяндамасын ұсынды. Комиссияның қорытынды шешімі бойынша призидент Кеннедидің өлімне себепкер болған қастандық Ли Харви Освальд тарапынан жасалынған. Сонымен қатар комиссия президент өлімі қандай да бір топтың ісі емес, тек Ли Харви Освальдтің жеке әрекеті деген қорытындыға келді. Джон Кеннедидің өліміне байланысты ресми мәлімет осындай еді./39/
АҚШ –та көп адамдар тергеу анық және әділ дәрежеде жүргізілген жоқ деп есептейді. Уоррен комиссиясының 27 томдық баяндамасы американдықтарды қанағаттандырмады.
Батыста, соның ішінде АҚШ-та Джон Кеннедидің жұмбақ өлімі әлі өз шешімін тапқан жоқ деген мақалалар мен зерттеулер жарық көрді.Мысалы Сильван Фокстың, Гарольд Вайсбергтің, Томас Бьюкеннің, Эдвард Эпштейннің,Марк Лейннің, Фред Куктың, Иоахим Йостеннің, Хью Тревор-Ропердің, Джошиа Томпсонның және тағы басқалардың пікіріше, Кеннедидің өлімі жеке адамның ісі емес, үлкен бір топтың ісі./40/
АҚШ үкіметі болса, ресми версиядан басқа мәліметтерді жалған деп тауып, әлі күнге дейін жоққа шығаруды.
Кеннеди өлімінен көп уақыт өтсе де оның себептері әлі күнге дейін көлеңкеде қалуда және енді ол ешқашан толық анықталмауы мүмкін.
Президентті кім өлтірді? деген сұраққа нақты әрі анық жауап ала алмауымыз мүмкін,бірақ Кеннеди неге өлтірілді? деген сұраққа жауап табылуы мүмкін.
„Ғасыр өлімінде” бірнеше себептер болу мүмкін. Американ монополистік топтары өзара қандай ашық бәсекелестік күрес жүргізетіні және мұның зардаптары өте бай және ықпалды адамдарға тиетіні жалпыға аян.Уолл – Стритпен тығыз байланыста болған бастап қаржы топтарына жатқан Кеннеди басқа қаржы монополистерін қанағаттандыра алмады. Олар Кеннедиді көре алмаушылықмен қатар сескенді.Кеннеди ақ үйде отырып, бір топқа бизнеспен араласуға,кең жол ашқанымен,екінші бір топқа кедергі келтіретінің байқамады.
Ресми мәлімет бойынша Ли Харви Освальд президент өліміне тікелей кінәлі деп табылды.Сонымен қатар, біз тағы бір адамды анықтауымыз керек.Ол Джек Рубенштейн немесе жай ғана Руби болатын.Ол Освальдті білмесе де өлім жұмбағын күрделендіруде басты роль ойнайды. Руби Освальты Кеннедидің өлімінен екі күн өткеннен кейн өлтірді. Ол бұл әрекетін тек президент үшін және барлық халық үшін кек алу деп түсіндірді./41/
Руби Освальдты 24 қараша күні сағат 11:24-те Даллас полициялық түрмесінің жертөлесінде,аймақтық түрмеге алып бара жатқан кезде өлтірді.
Освальд пен Рубидің қандай байланысы бар? Әлде, Руби тергеуге кедергі жасағысы келді ме? Ол да қазіргі күнге дейн толық шешімін таппаған мәселе.
Қорытынды.
Егер Джон Ф. Кеннедидің президенттік қызметінің кезеңіне үңілсек, онда оның саясаты ұзақ уақыт бойы „қырғи-қабақ соғысымен ” бірге. Сонымен бірге, АҚШ Коммунистік Партиясының бас хатшысы Гэс Холл атап өткендей, Кеннеди үкіметі „қырғи-қабақ соғыстың ” қауіпті саясатын жүргізе отырып , жанкешті „кеңеске” және ядроллық соғысты шиеленістіруге келіспеді. Ол Кеңес Одағымен түрлі келісім-шарттарды тоқтату туралы „кеңеске ” құлақ аспады. Осы секілді талаптарды АҚШ-тың ультраоңшыл топтары әрдайым Кеннедидің алдына қойып отырды. Бұл қысым президенттің еркін әрекет жасауына шек қойды. Көбінесе, шынайы бағыттағы американ саясатының дамуына тіпті мүмкіндік бермеді. /42/
Президент Кеннеди қызметінде ең алдымен АҚШ-ты басқарушы монополиялық буржуазияның орындаушысы болды. Ол АҚШ-тың маңызды, бірақ сонда да мемлекеттік механизмнің бір бөлігі болып табылды. Сырт көзге әлемдегі ең қуатты капиталистік мемлекеттің көшбасшысы бола отырып, президентКеннедиАҚШ саясатынөз ыңғайына қарай бағыттай алатын болып көрінді. Ал шын мәнінде барлығы басқаша еді. Кеннеди мұны тек қана шектеулі шамада ғана және өз іс-әрекеті американдық капиталдың еркі мен талабына сәйкес келгенде ғана жасай алатын еді. Шын мәнінде соңғысы американың ішкі саясатының негізгі қозғаушы күші еді.
Джон Кеннедидің қызметінде американдық монополистік буржуазияның басым бөлігінің талғамына сай емес идеялар байқалса, әсіресе әскери-өндірістік комплекс бойынша президент осы күштерге қаншалықты тәуелді және олардың бақылауында болғаны бірден көрінеді. Олар президенттің одақтастарынан оның қарсыластарына айналды. Кеннедидің сыртқы саясатында батыл әрекеттарді жүзеге асыруы үшін үлкен мүмкіндігі болған жок.
Президенттің тарихы тым қарапайым болған жоқ. Бұл жерде ол жас бола тұра АҚШ саясатының шыңына шыға отырып, соңында қылмыскердің қолынан қаза тапты. Мұндай жағдай АҚШ-та бұрын да кездескен еді.
Кеннедидің президенттік кезеңі тағы мына жағдайларды көрсетеді: американдық президент өз қызметіне кіріскен уақытта буржуаздық мемлекеттік ақпараттың ықпалында қалады. Егер ол ішкі және сыртқы жағжайлардан хабардар болып отырғысы келсе,онда оған күнделікті министрліктер мен ведомствалардың жариялаған ондаған баяндамаларын оқып отыруы керек.Жаңа президентке жүздеген жоғарғы қызметтегі мемлекеттік шенеуніктермен тұрақты байланыста болуға тура келеді./43/
Президент постына келгеннен кейінгі екі – үш айдан кейін Кеннеди Никсонмен сайлау кезінде айтқан шынайы ойларынан алыстай берді.Айта кету керек, Д.Ф.Даллестің ықпалы халықаралық жағдайда даму факторларын тұншықтыра отырып, Кеннедидің сыртқы саясатының үстіне ұзақ уақыт бойы шарықтап жүрді.Кеннеди түбегейлі арыла алмады,бірақ үшінші жылы ғана одан арылуға талпыныс жасады.
Американ сыртқы саясатындағы дұрыс бағыттарға келіспейтін және халықаралық тұрақтылықты жаңа қарқынмен жүргізген АҚШ саяси күштерімен қауіптенуге болады.Ол осылай болды да.Президент өлгеннен кейін американ саяси топтары халықаралық жағдайды шиеленстіруге бағыт алды./44/
Президенттің негізгі кеңесшілерінің бірі – Роджер Хилсманның айтуынша Джон Кеннеди Вьетнамдағы соғысты американ соғысына айналдырғысы келмесе, президент Джонсон болса, Вьетнам мәселесін әскери жолмен шешуге тырысты.
Сол кездегі американ империализмі халықаралық қатынастарды өз бетінше шешуге күші болмады. Өйткені, оған социалистік елдер одағы мен бейбіт сүйгіш мемлекеттер кедергі келтірді.
Бұл уақыттағы АҚШ сыртқы саясаты осында еді.Бұл жағдай жақсы жағына қарай өзгеру үшін тек агрессивтік көңіл – күйден арылу ғана емес жаңа әрі дұрыс ойлы адамдар сонымен қатар социализмнің бірлігін нығайтатын күштер мен халықаралық аренадағы ролін арттыратын факторлар қажет етілген еді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968
2.Маттиас Л. Оборотная сторона США. Москва-1968
3.Комов Ю. Охота на президента [К историй расследования убийства
Д.Ф.Кеннеди]. В мире книг.-1988 №12-52-бет.
4.Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. Москва-1988
5.Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988
6.Пономарев М.В. Новая иновейшая история стран Европы и Америки.
Москва-2004
7.Громыко А.А., Кокошин А.А. Братья Кеннеди. Москва-1985
8.Громыко А.А. Внешная политика США: уроки и действительность.
Москва-1979
9.Дмитриев Б.Д. США: политики, генералы, дипломаты. Москва-1971
10.Зинн Г. США после второй мировой войны:1945-1971 гг. Москва-1977
11.Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. Москва-1979
12.Кокорев А.А. Силовая дипломатия Вашингтона. Москва-1985
13.Манчестер У. Убийство президента Кеннеди. Москва-1969
14.Мельников Ю.М. Сила и бессилие: Внешная политика Вашингтона.
Москва-1983
15.Кременюк В.П. Политика США в Азий. Москва-1977
16.Сергеев Ф.М. Тайная война против Кубы.Москва-1982
17.Сиок Б. Покончить войной во Вьетнаме! Москва-1970
18.Изаголов Г.Н. Миллиарды на оружие: Военно-промышленный
комплекс США. Москва-1981
19.Яковлев Н.Н. Преступившие грань. Москва-1970
20.Броган Хью. Джон Кеннеди. Ростов на-Дону-1997
21.Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988
22.Ефимов И. Кто убил пезидента Кеннеди? Москва-1991
23.Иванян Э.Л. От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша. Москва-1991
24.Хайде-Кинг Ю. Американские президенты: 41 Исторический портрет
от Дж. Вашингтона до Белла Клинтона. Ростов на-Дону-1997
25.Севостьянов Р.Н. История США. Москва-1985
26.Нечипоренко О. Три пули для Кеннеди. Москва-2003
27.Қазақ Совет Энциклопедиясы Алматы-1980
Сілтемелер тізімі:
1.Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы-1980 5-том 375-бет
2. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 56-бет
3. Броган Хью. Джон Кеннеди. Ростов на-Дону-1997 86-бет
4. Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988 112-бет
5. Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988 264-бет
6. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 84-бет
7. Громыко А.А., Кокошин А.А. Братья Кеннеди. Москва-1985 234-бет
8. Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988 364-бет
9. Пономарев М.В. Новая иновейшая история стран Европы и Америки.
Москва-2004 184-бет
10. Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. Москва-1979 296-бет
11. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 109-бет
12. Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988 312-бет
13. Хайде-Кинг Ю. Американские президенты: 41 Исторический портрет
от Дж. Вашингтона до Белла Клинтона. Ростов на-Дону-1997 452-бет
14. Броган Хью. Джон Кеннеди. Ростов на-Дону-1997 234-бет
15. Громыко А.А., Кокошин А.А. Братья Кеннеди. Москва-1985 269-бет
16. Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. Москва-1979 362-бет
17. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 213-бет
18. Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988 401-бет
19. Кокорев А.А. Силовая дипломатия Вашингтона. Москва-1985 152-бет
20. Сергеев Ф.М. Тайная война против Кубы.Москва-1982 213-бет
21. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 269-бет
22. Мельников Ю.М. Сила и бессилие: Внешная политика Вашингтона.
Москва-1983 295-бет
23. Сиок Б. Покончить войной во Вьетнаме! Москва-1970 216-бет
24. Изаголов Г.Н. Миллиарды на оружие: Военно-промышленный
комплекс США. Москва-1981 186-бет
25. Громыко А.А. Внешная политика США: уроки и действительность.
Москва-1979 231-бет
26. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 326-бет
27. Кременюк В.П. Политика США в Азий. Москва-1977 213-бет
28. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки.
Москва-1988 452-бет
29. Кокорев А.А. Силовая дипломатия Вашингтона. Москва-1985 165-бет
30. Иванян Э.Л.От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша.Москва-1991 95-бет
31. Дмитриев Б.Д. США: политики, генералы, дипломаты.Москва-1971 293-бет
32. Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988 412-бет
33. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 294-бет
34. Мельников Ю.М. Сила и бессилие: Внешная политика Вашингтона.
Москва-1983 342-бет
35. Маттиас Л. Оборотная сторона США. Москва-1968 321-бет
36. Нечипоренко О. Три пули для Кеннеди. Москва-2003 365-бет
37. Ефимов И. Кто убил пезидента Кеннеди? Москва-1991 265-бет
38. Манчестер У. Убийство президента Кеннеди. Москва-1969 219-бет
39. Яковлев Н.Н. Преступившие грань. Москва-1970 296-бет
40. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968 234-бет
41. Маттиас Л. Оборотная сторона США. Москва-1968 352-бет
42. Севостьянов Р.Н. История США. Москва-1985 253-бет
43.Зинн Г.США после второй мировой войны:1945-1971гг. Москва-1977 193-бет
44. Комов Ю. Охота на президента [К историй расследования убийства
Д.Ф.Кеннеди]. В мире книг.-1988 №12-52-бет.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті
Шымкент Институты
Тарих факультеті
Студенттің дипломдық жұмысына
Рецензия
Бегімбетов Асқардың диплом жұмысының тақырыбы: „Д.Ф.Кеннеди – саясаткер және дипломат”.
Студенттің мамандығы 520330 – тарих.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспе бөлімінде студент тақырыптың өзектілігін, алдына қойып отырған мақсат-міндеттерін, мәселенің зерттелу деңгейін, және жұмыстың деректік көзін көрсеткен.
Бірінші тарауда Д.Ф.Кеннедидің балалық шағы, білім алуы, оны саясаткер болуға итермелеген факторлар мен ортасы, сондай-ақ Конгресс пен Сенаттағы жұмысы, ол жердегі қызметінің маңызы және АҚШ президенттігіне дейінгі өмір жолы айтылған.
Ал, екінші тарауда АҚШ президенті болғаннан кейінгі АҚШ үкіметінде жасаған өзгерістері, ішкі-сыртқы саясаты, әсіресе оның Үндіқытай түбегінде, Латын Америкасында және Африкада жүргізген саясаты және Джон Кеннеди және оның саясаты сол кездегі әлемдегі тұрақтылықты сақтауда алатын орны көрініс тапқан.
Жұмыстың дерек көзі ретінде сол кезде өмір сүрген саясаткерлердің мемуарлары, жазған кітаптары, ғылыми-тарихи әдебиеттер, интернет материалдары пайдаланылған.
Қорыта айтқанда Бегімбетов Асқардың „Д.Ф.Кеннеди – саясаткер және дипломат” тақырыбындағы дипломдық еңбегі Әлем тарихы мамандығы бойынша диплом жұмысы дәрежесіне лайық, диплом жұмысы қойған мақсаттарына жеткен.
Диплом жұмысының тілі жатық, ғылыми деңгейде орындалған дей келе бұл жұмысты „өте жақсы” деп бағалаймын.
Пікір жазушының аты-жөні: Ауанасов М.
Ғылыми дәрежесі және атағы: т.ғ.к., профессор
Жұмыс орны: Отырар университеті
Қызметі: Оқу ісі жөніндегі проректор
Қолы:
Пікірмен таныстым _____________________________________________
Студенттің қолы, күні
Достарыңызбен бөлісу: |