Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет38/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

идеалдау әдісі (идеал газ, абсалют қара дене, инерция, серпімді 
соқтығысу, материалдық нүкте, математикалық маятник, т.т.) 
қолданылады. 


97 
Модельдеудің мәні зерттеліп отырған нақты нысанның 
қасиеттерін сақтайтын басқа нысанмен алмастыруда. Физикалық 
зерттеулерде таным әдісі ретінде модельдеу кең қолданылады. 
Идеал газдың моделін құру МКТ дамуына түрткі болып, эмпе-
рикалық түрде тағайындалған газ заңдарын түсінуге мүмкіндік 
берді. Максвеллдің математикалық моделі бірыңғай электромаг-
нетизм теориясын құруға мүмкіндік туғызды. Резерфорд-Бордың 
атом моделі кванттық физиканың дамуына түрткі болды. 
Мектеп курсында әртүрлі физикалық модельдер қолданы-
лады: материалдық нүкте, идеал газ, кристалдық тор, матема-
тикалық маятник, жарық сәулесі т.б. 
Бір физикалық нысанның бірнеше моделі болуы мүмкін. 
Мысалы: жарықтың таралуы мен заттпен әсерлесуі жарық қа-
сиеті 2 модель арқылы қаралады: корпускулалық және толқын-
дық. Оқушылар есеп шығару барысында физикалық құбылыс-
тарды өз беттерімен модельдейді. Нақты жағдайда физикалық 
заңдылықтардың орындалатын нысанның моделін қарастырады. 
Мысалы: Кулон заңын қолдану үшін есеп шартындағы 
зарядталған денелерді нүктелік заряд деп қарастыруға бола ма? 
Немесе Менделеев-Клаперон теңдеуін қолданбас бұрын нақты 
газды идеал газ деп қарастыруға бола ма?
Физикада көрнекі модельдер кең қолданылады. Мысалы: 
Броундық қозғалыс, Штерн тәжірибесінің моделін, темір ұнтақ-
тары арқылы магнит күш сызықтарының моделін, көлденең және 
қума 
толқындардың 
моделін. 
Модельдеумен 
теориялық 
танымның бір әдісі ойша эксперимент. Мысалы: Архимед күшіне 
есептер шығарғанда оқушыға сұйықты немесе дененің көлемін 
өзгертуін қарастыру ұсынылады. 
Ғылыми танымның екі әдісінде де (теориялық, эмпери-
калық) аналогия әдісі басты роль атқарады. Қарастырылған 
белгілі нысанды сипаттайтын білім элементтерін нысанға 
сәйкестендіріп көшіріледі. Мысалы: Электомагниттік тербеліс-
терді қарастыруда оқушыларға бұрынан белгілі механикалық 
(гармониялық) тербелістер туралы білім элементтерін жаңадан 
сәйкестендіріп оқытуға болады.
Оны мына кестеден көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет