Джусупова айнур мировна



жүктеу 461.03 Kb.
бет1/2
Дата12.06.2016
өлшемі461.03 Kb.
  1   2
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті

ӘӨЖ: 631.61.004.67:631.445.52 Қол жазба құқында




ДЖУСУПОВА АЙНУР МИРОВНА

ОБЛЫСТАҒЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ АЙНАЛЫМЫНАН ШЫҚҚАН ЖЕРЛЕРДІ (СОРТАҢДАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ) ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАСАУ

6М081000- Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
Реферат

Қызылорда, 2012 ж



Ғылыми жетекшісі:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ә.Ә. Сағаев



Ресми оппоненті:

техника ғылымдарының кандидаты, доцент Р. Молдаш


Қорғау 2012 жылдың « » « » сағат « » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66, Политехникалық институты, №5 оқу ғимараты, аудитория « »).


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.


Ғылыми диссертациялық кеңестің хатшысы



Кіріспе

Зерттеу жұмыстарының өзектілігі

Облыс жер көлемі ауа райының мезгіліне қарай алты суармалы аймаққа бөлінеді: (Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда оң жағалық, Қызылорда сол жағалық және Қазалы оң жағалық, Қазалы сол жағалық), сонымен бірге Сырдария өзеніне жағалай орналасқан сегіз әкімгершілік ауданмен байланыстырылған.

Су шараушылық мекемелері, нарықтық экономикаға көшкенімен егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтар аяғына тұра алмаған себептен, аяқ суына төлем жасай алмай отыр. Су шараушылық мекемелер коллектор қашыртқы жүйелерін пайдаланудағы және қайта жаңартудағы жұмыстарын атқаралмауына байланысты жердің тұздануына себепкер болыр отыр.

Қоршаған орта және оның дамуы зерттейтін халықаралық институтының мәліметтері бойынша жалпы контитенттік жерінің 10% тұздануға ұшыраған. Әлемде суармалы жердің 200 млн га астам жерлері тұздалған, кәзіргі кезде 25% құрайды, болашақта 50% ұлғаюы мүмкін.

Кызылорда облысы бойынша жыл сайын 30 мың.га суармалы жерлер ауылшаруашылық айналымнан тұздану себебінен шығады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша тұздалған суармалы жерлерді ауыл шаруашылық айналымға қайта қосу шаралары қазіргі таңда өзекті мәселе екені мәлім.



Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері

Жұмыстың мақсаты кешенді мелиорацияның режимін ғылыми тұрғыда дәлелдеу және табиғатқа зиян келтірмей үйлестіру сонымен қатар өндіріске ендіру шаралары.

Қызылорда облысындағы күріш ауыспалы егістігіндегі дақылдардың биологиялық морфологиялық қасиеттеріне байланысты тиімді суғару режимін анықтау. Тастанды және қашыртқы суларды дер кезінде қажетті көлемде егістіктен алып шығуын қамтамасыз ететін жүйесін жетілдіру.

Айтылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды.



  • Облыс көлеміндегі суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын тексеру және оларды жақсарту бағытында іс-шара жасау;

  • Суармалы жерлердің инженерлі мелиоративтік мониторинг тексеру мақсатында жұмыс істеу.

  • Шаруашылық аралық және ішкі қашыртқы жүйелерінің суармалы жерді тұздандырып отырған әсерімен қашыртқылардың өз дәрежесіндегі жұмыс істеуін және жер асты суының деңгейін көтерілуінің әсерін анықтау.

Зерттеу әдістері

Теоретикалық және экспериментальды зерттеулер В.Р. Вильямстың, В.В. Докучаевтың, В.И. Вернадскийдің, А.П. Виноградовтың, А.Н. Костяковтың, С.Ф. Аверьяновтың, Г.И. Афанасийдің, Б.Б. Шумаковтың, В.Г. Минеевтың, Б.А. Ягодинның, В.А. Ковданың, Н.М. Решеткинаның, Н.И. Парфенованың, Л.М. Рекстың, В.Х. Хачатурьянның, А.В. Кологановтың, В.Н. Щедринның, Г.А. Сенчуковтың, А.А. Бурдинның, Ж.С. Мұстафаевтың, А.И. Головановтың, С.И. Қошқаровтың А. Нұрғызариновтың, Ә.Ә. Сағаев және басқа да көптеген белгілі зерттеушілердің еңбектерінің негізінде жүргізілді.

Жұмыстың методикалық негізі антропогенді әсерге интенсивті (қарқынды) ұшыраған агроландшафттарда топырақ-экологиялық тексерулерді ұйымдастыру,экологиялық қауіпсіз суару режимін жасау, тиімді қашыртқы жүйесін ауыспалы егістікке үйлестіру, жүйелік және экспертті – аналитикалық тәсілдерді қолдану болып табылады.

Топырақтың тұздану дәрежесін тексеру, жер асты су деңгейін және минерализациясын, зертханалық, далалық тәжірибелер, аналитикалық зерттеулер мен талдаулар стандартқа сәйкес жүргізілген. Зерттеу материалдарын өңдеу математикалық статистика әдісін пайдалану арқылы орындалған.



Жұмыстың жаңалығы

Суармалы ауыспалы егістіктерде өндіретін дақылдардың табиғат жағдайында биологиялық және морфологиялық қасиеттерін ескеріп тиімді суару режимін анықтау.

Топырақтың тұздануын болдырмау шаралары:


  • табиғатқа үйлесімді тиімді қашыртқы жүйесін құру;

  • биомелиорация арқылы тұзданған жерді тұзсыздандыру және қайта ауылшаруашылық айналымына қосу.

Жұмыстың негізгі қорғалатын қағидалары:

  • Қызылорда облысындағы ауыспалы егістіктің қазіргі жағдайы (Қызылорда облысы бойынша суармалы жерлердің жалпы көлемі және дақылдар бойынша үлесі.);

  • жалпы суармалы жердің тұздану әсерінен айналымнан шығу себебі (суғарушының мамандандыруына байланысты өз тиісті міндетін атқармауы, бірінші және екінші рет тұздану, қашырқы жүйесінің өз міндетін атқармауы);

  • суармалы жерлердегі дақылдардың суғару режимін анықтау;

  • тиімді коллектор және қашыртқы жүйесінің параметрлерін анықтау;

  • топырақтың тұздануына қарсы шаралар.

Өндірістің құндылығы:

  • күріш ауыспалы егістігіндегі дақылдардың облыстық климаттық, геологиялық, геоморфологиялық мәліметтеріне байланысты суды үнемдеу мақсатында тиімді суғару режимін анықтау;

  • жердің бедеріне, геологиялық және гидрологиялық жағдайына, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты суармалы ауыспалы егістікте тиімді қашырқы жүйесін жобалау;

  • фитомелиоративтік қасиеттері бар дақылдарды ауыспалы егістікке ендіріп, топырақтың тұздануына қарсы шаралар.

Жұмыстың жариялануы:

Диссертацияның тақырыбы бойынша 2 ғылыми еңбек, оның ішінде 1 жұмыс «Қазіргі ғылыми табыстар» атты халықаралық ғылыми-тәжирибелік конференция, Чехия (27.01.12-05.02.12), «Болашақта жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары», Болгария (17.03.12-25.03.12).



Жұмыстың сыннан өтуі

Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары, тұжырымдар және нәтижелері 8 – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Чехия, 2012) жарияланды.



Жұмыстың құрылымы және көлемі:

Диссертация кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, 94 пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі компьютерде терілген 87 беттен, оның ішінде 32 суреттен және 31 кестеден құралған.


Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу жұмысының өзектілігі, жұмыстың мақсаты және де тарауларға қысқаша тұжырым берілген.

Бірінші бөлімде Қызылорда қаласының территориясы өте құрғақ, ыстық агроклиматтық ауданға кіреді. Климаты өзгермелі (ауыспалы): жаз мезгілінде өте ыстық, құрғақ, ал қыс мезгілінде тұрақсыз қарлы қабатты, салқын.

10°С – тан жоғары температуралар қосындысы 3400 – 4000°С, ал гидротермиялық коэффициент 0.1 – 0.3 шамасында. Ауа – райының аязсыз мезгілдері сәуір айының бірінші онкүндігінің соңы мен үшінші онкүндігінің басында қалыптасады. Бұл мезгілдің орташа ұзақтығы 160 – 205 күн. 10°С – тан жоғары болатын мезгілде 35 – 125 мм жауын – шашын түседі (орташа жылдық мөлшері 115 – 130 мм).

Суармалы жерлердің тұздануы және оның көлемі Сырдария өзенінің басталуы мен аяқ суына байланысты, су негізінен әлсіз тұзданған 1-3 г/л болады, ал жер асты суының тұздылығы 5-10 г/л және жоғары болады. Химиялық құрамы сульфатты-хлорлы немесе натрий құрамы жоғары болады.

Пайдаланып отырған суармалы жердің экологиялық жағдайы қашыртқы суларының минерализациясына байланысты,яғни қазіргі уақыттка ол 2г/л –ден 4г/л –ге жетіп отыр. Кейбір күрішті аймақтарда оданда жоғары. Бұл жердің сорлануының бір жағы болса, екіншіден егістікке берілетін судың минерализациясының жоғары болуы және де жалпы территорияның су өткізгіштік қасиетінің төмендігінде болып отыр.

Қызылорда облысы суармалы жер көлемінің сорлану көрсеткіші 40% жетіп: соның нәтижесінен өте сорланып кеткен жерлер пайдалану қорынан шығарылды. Осы факторды алдын алу және қалпына келтіру мақсаты Қызылорда облысының егістік шаруашылығының өзекті мәселесі болып отыр.

Сондықтан да зерттеу жұмыстын мақсатына жету үшін келесі факторларды: егістікке берілетін судың; жерасты судың орналасу денгейін минерализациясын; егістік жерінің геологиалық құрылысын; топырақтың физикалық және химиалық сипаттамасын, ауыспалы егістікте орын алатын дақылдардың түрін биологиялық-физиологиялық қасиеттерін; бір бірімен байланысын ескеру арқылы зерттеу жұмыстары жоспарға сай орындауға болады. Суармалы жерлердің тұздану дәрежесі мәлімметтерін облыс көлеміндегі суармалы массивтердің көлемінде сараптай отырып Қызылорда массивінің сол жақты бөлігінде бұл көрсеткіш 46% пайызға жеткендіктен жене де өте қолайсыз жағдай «Шіркейлі» шаруашылығында орын алған себептен осы шаруашылық жерінде зерттеу жұмыстары жүргізілді.



Екінші бөлімде Ауылшаруашылығы дақылдарының тиімді (оптимальді) суару режимі

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарлауы жыл сайын топырақ суларының деңгейінің жоғары көтерілуінен, каналдардың жоғары сүзілуінің көрсеткіштері мен қашыртқылардың қалыпсыз жұмыс жасауына байланысты болады.

Қызылорда облысының “Қазсушар” мекемесінің және Қызылорда “Гидрогеологиялық мелиоративтік экспедициясы” мәліметтері бойынша тұзданған жерлер көлемі жыл сайын ұлғайып, жалпы суармалы жердің 25% айналымнан шыққан. Қызылорда облысының суармалы алқаптарының тұздану дәрежелері келесі графиктерде көрсетілген: 1.Түгіскен массиві бойынша суармалы жерлердегі топырақтың тұздану дәрежесі; 2. Жаңақорған - Шиелі массиві бойынша суармалы жерлердегі топырақтың тұздану дәрежесі; 3. Қызылорда массиві бойынша суармалы жерлердегі топырақтың тұздану дәрежесі; 4. Қазалы массиві бойынша суармалы жерлердегі топырақтың тұздану дәрежесі

1. 2.



3. 4.

1-Түгіскен массиві; 2- Жаңақорған - Шиелі массиві;3- Қызылорда массиві; 4- Қазалы массиві.

1 сурет-Қызылорда облысының суармалы жерлерінің тұздану дәрежелері

Осы мәліметтерді сараптай келе өте күшті тұздалған жерлер Қызылорда және Қазалы массивтері, олардың тұздану үлесі:

- Қызылорда массиві - 46,9 %; - Қазалы массиві – 46,3 %

«Шіркейлі» шаруашылығында суармалы жерлердің тұздану дәрежесі:

-әлсіз тұзданған жерлер- 1194га (34,6 %); -орташа тұзданған жерлер- 751га (21,8 %); -күшті тұзданған жерлер- 1194га (43,6 %);

Күріштің суару нормасынан тұратын шығын баптары 3 бөлімге бөлінеді: климаттық; гидрогеологиялық; ұйымдастыру- шаруашылық.

Топырақ-мелиоративтік топтар мелиоративтік шаралардың қолданылу күрделігіне байланысты: 1-топ шалғынды батпақты әлсіз тұзданған топырақтар, 2- шалғынды батпақты суармалы орташа тұзданған топырақтар, 3- шалғынды батпақты суармалы күшті тұзданған топырақтар болып бөлінді.

Топырақ мелиоративтік шаралар механикалық құрамдарына байланысты бөлінді:

І – механикалық құрамы жеңіл топырақтар;

ІІ – механикалық құрамы орташа топырақтар;

ІІІ – механикалық құрамы ауыр топырақтар;

Сонымен қатар, топырақ суларының деңгейінің орналасуы және минерализациясына байланысты аймақтағы дақылдардың оптимальді суару режимдері анықталып, олар кестелерге келтірілді, кестелердің мәліметтері арқылы ауыспалы егістіктегі дақылдардың жасақталған және жасақталмаған гидромодуль графиктері келтірілді.

Күріш ауыспалы егістігіндегі басқа дақылдар ағайынды Альпатевтердің әдісімен есептелінді. Есептің барлығы кестеге келтіріліп, графиктер тұрғызылды.

Диссертацияда күріштен басқа ауылшаруашылық дақылдарының түрлері төмендегідей:

- бір жылдық жоңышқа;

- жаздық бидай;

- сүрлемдік жүгері.

Облыстың суармалы жерлерінің тұздану дәрежелері шығыстан батысқа қарай қамтып өзгеріске ұшыраған. Мысалы, Қызылорда массиві бойынша топырақтың тұздану үлесі-46,9 %, ал Қазалы массиві бойынша - 40,3%.

- Жоғары айтылғандарға сүйене отырып зерттеліп отырған суармалы жердің топырақтары үш аймаққа бөлінді: 1 - аймақ әлсіз; 2 - аймақ орташа; 3-аймақ күшті тұздалған аймақтар.

- Аймақтардағы дақылдардың суару режимдері бөлек-бөлек жасалады.

- Бірінші аймақ үшін күрішті суармалау мөлшері – 25000 м3/га, 2-аймақ

үшін – 26000 м3/га, 3-аймақ үшін – 29000 м3/га. Күріштің басқа дақылдардың да суару режимдері осы бағытпен жүргізілді.

Кесте 1 – 1 аймақтағы күріштің суару режимі [4]





Күріштің фенологиялық өсу дәуірі және күнтізбелік уақыты

Мерзім ұзақты-лығы,

тәулік


Суару реж.мерзімнің басы, аяғ. суару

Күріш суару нормасының құрамы, тек.м/га

Суды бөлу

Қашыртқыға тасталатын су ағыны

терең-дігі,м

көлемі, тек,м/га

судың терең сіңуі

қашырт

жіб-тін сулар



булану

сүзілу

Техни-калық

ысырап


Көлем, тек.м/га

Гидро-модуль, л*га/с

Көлем, тек.м/га

Гидро-модуль, л*га/с

1

Егілу 1/05

Өнуі-өсуі 1-15/05



15

10

0


1000

0


2363

600

3003

-

100

6066

4,68

700

0,54

2

Өндеу

15-22/05


7

0

10


0

1000


-

-

666

547

87

1300

2,15

634

1,05

3

Өсуі-түптенуі

23/05-15/06



24

20

15


2000

1500


-

-

1723

4617

500

6840

3,30

3954

1,90

4

Түптенуі-түтіктенуі

16-29/06


14

15

5


1500

500


-

600

1641

1174

285

3700

3,06

2059

1,70

5

Түтіктенуі-масақтануы

30/06-19/07



20

5

15


500

1500


-

-

2329

1929

206

4464

2,58

2135

1,24

6

Масақтануы-гүлденуі

20-29/07


10

15

15


1500

1500


-

-

1164

964

103

2131

2,58

1067

1,23

7

Гүлденуі-сүттенуі

30/07-09/08



11

15

0


1500

0


-

600

921

530

211

1162

1,33

1341

1,41

8

Сүттенуі-қамырлануы

10-22/08


13

-

-


-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

9

Қамырлануы-толық пісуі

23/08-1/09



10

-

-


-

-

-

-

-

-

-

-

-

-




Барлығы

124







2363

1800

11447

8639

1451

25000

-

11890

-

Кесте 2 – 2 аймақтағы күріштің суару режимі





Күріштің фенологиялық өсу дәуірі және күнтізбелік уақыты

Мерзім ұзақты-лығы,тәулік

Суару режимі мерзімнің басы, аяғын-дағы суару

Күріш суару нормасының құрамы, тек.м/га

Суды бөлу

Қашыртқыға тасталатын су ағыны

терең-дігі,м

көлемі, тек,м/га

судың терең сіңуі

қашырт

жіб-тін сулар



булану

сүзілу

Техни-калық

ысырап


Көлем, тек.м/га

Гидро-модуль, л*га/с

Көлем, тек.м/га

Гидро-модуль, л*га/с

1

Егілу 1/05

Өнуі-өсуі 1-15/05



15

10

0


1000

0


1850

600

3003

-

100

5554

4,28

743

0,57

2

Өндеу

15-22/05


7

0

10


0

1000


-

-

666

648

93

1445

2,40

779

1,29

3

Өсуі-түптенуі

23/05-15/06



24

20

15


2000

1500


-

-

1723

3522

474

6819

3,29

2694

1,30

4

Түптенуі-түтіктенуі

16-29/06


14

15

5


1500

500


-

600

1641

1295

294

3830

3,20

2189

1,81

5

Түтіктенуі-масақтануы

30/06-19/07



20

5

15


500

1500


-

-

2329

1950

218

4595

2,66

2268

1,31

6

Масақтануы-гүлденуі

20-29/07


10

15

15


1500

1500


-

600

1164

1025

109

2298

2,66

1742

2,00

7

Гүлденуі-сүттенуі

30/07-09/08



11

15

0


1500

0


-

600

921

400

217

1638

,72

1835

1,93

8

Сүттенуі-қамырлануы

10-22/08


13

-

-


-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

9

Қамырлануы-толық пісуі

23/08-1/09



10

-

-


-

-

-

-

-

-

-

-

-

-




Барлығы

124







1850

2400

11447

8840

1886

26180

-

12250

-

Кесте 3 - 3 аймақтағы күріштің суару режимі



Күріштің фенологиялық өсу дәуірі және күнтізбелік уақыты

Мерзім ұзақты-лығы,

тәулік


Суару реж.мерзімнің басы, аяғын.суар.

Күріш суару нормасының құрамы, тек.м/га

Суды бөлу

Қашыртқыға тасталатын су ағыны

терең-дігі,м

көлемі, тек,м/га

судың терең сіңуі

қашырт

жіб-тін сулар



булану

сүзілу

Техни-калық

ысырап


Көлем, тек.м/га

Гидро-модуль, л*га/с

Көлем, тек.

м/га


Гидро-модуль, л*га/с

1

Егілу 1/05

Өнуі-өсуі 1-15/05



15

10

0


1000

0


2518

600

3003

-

100

6221

4,80

700

0,54

2

Өндеу

15-22/05


7

0

10


0

1000


-

-

666

710

161

1540

2,55

871

1,44

3

Өсуі-түптенуі

23/05-15/06



24

20

15


2000

1500


-

-

1723

4672

552

6947

335

5323

2,60

4

Түптенуі-түтіктенуі

16-29/06


14

15

5


1500

500


-

600

1641

1437

322

4000

3,30

2359

1,95

5

Түтіктенуі-масақтануы

30/06-19/07



20

5

15


500

1500


-

-

2329

2280

460

5069

2,93

2740

1,58

6

Масақтануы-гүлденуі

20-29/07


10

15

15


1500

1500


-

600

1164

863

230

2257

2,62

1693

1,95

7

Гүлденуі-сүттенуі

30/07-09/08



11

15

0


1500

0


-

600

921

600

252

1773

1,86

1452

1,53

8

Сүттенуі-қамырлануы

10-22/08


13

-

-


-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

9

Қамырлануы-толық пісуі

23/08-1/09



10

-

-


-

-

-

-

-

-

-

-

-

-




Барлығы

124







2518

2400

11147

10558

2077

29000




15338



  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет