Үшінші бөлемде Суармалы жерлерді сортаңданудан сақтау.
Топырақтың сортаңдануы деп өсімдіктердің тамырлары орналасқан қабатында электролитті тұздардың мол жиналуын айтады MgC12, Na2CO3, NaC12, Na2SO4. Бұл тұздар өсімдіктерге қысым көрсетеді немесе оларды өсірмей тастайды, өнімнің сапасын және мөлшерін кемітеді.
Ыза судың деңгейі жоғары болғанда су жоғарғы қабатқа тұрақты көтеріліп, ол буланғаннан кейін топырақта тұз қабаттары пайда болады.
Сортаңдалу басталатын ыза су деңгейін (Н) –алмағайып тереңдік деп атайды. Суару жағдайда бұл тереңдік топырақтың өсімдіктер тамыры орналасқан қабаты мен (h) судың капиляр арқылы көтерілу биіктігін (Но) қосындысына тең болады. Саздақ топырақтар үшін Н=Но+h=2.5-4.0 м.
Таяз жатқан ыза судың булануынан және өте күшті минералды сулармен суарудың салдарынан топырақтың сортаңдануын екінші қайтара сортаңдану деп атайды.
Сондықтан қайтадан сортаңдануды болдырмау үшін қолданылатын құрылыстың, пайдалану және агротехникалық шаралардың барлығы ыза судың деңгейінің көтерілмейуі үшін, ал олардың деңгейі жоғары болғанда оны төмендету және ыза судың мөлшерін кеміту үшін жасалынады.
Құрылыстық шараларға мыналар жатады:
-
Судың сүзілу мөлшерінің шығынын кеміту (астаулы және құбырлы жүйе, каналдарға төселмелер жасау және т.б.);
-
арық-атыз жүйесін барлық гидротехникалық құрылымдармен жабдықтау; су бөлуді автоматтандыру және бейнемеханикаландыру;
-
ең қолайлы, ыза сумен қоректенуді болдырмайтын суару техникасын қолдану, күріш танаптарын қашыртқы жүйелері бар ең төмен жерлерге орналастыру;
-
суарылатын жерлерге қызыл суды, жер үстіндегі және жер асты суларын жібермеу.
Пайдалану шараларына: егісті тәулік бойы суарғанда су пайдалану жоспарын орындау, барлық каналдарға жіберілетін су мөлшерін жоспарлау, суару және топырақты шаю нормаларын сақтау, каналдарды күзді және қыстың күндерінде жұмыс істеуіне шек қою, суару жүйесінің пайдалы әсер коэффициентін көбейту.
Агротехникалық шаралар: көпжылдық шөптерді егу, топырақты борпылдақ түрінде сақтау, топыраққа органикалық тынайтқыштарды беру, орман алқаптарын отырғызу.
Сақтандыру шараларының нәтижесі ыза судың деңгейінің төмендеуіне қарай және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруына қарай бағаланады. Сортаңданған топырақтар өздерінің химиялық құрамына, сортаңдану дәрежесіне және генезисіне, сортаңданған қабаттардың тереңдігіне қарай жіктеледі. Химиялық құрамына байланысты сортаңдану – сульфатты, хлорлы-сульфатты, сульфатты-хлорлы және хлорлы болады
Кесте 4- Топырақта сортаңдану дәрежесіне қарай бөлу
Р/с
|
Сортаңдану дәрежесі
|
Тұздылығы, %
|
1
|
Нашар
|
0,15-0,35
|
2
|
Орташа
|
0,35-0,55
|
3
|
Күшті
|
0,55-0,80
|
4
|
Өте күшті
|
0,80-1,00
|
Кесте 5 -Сортаңданған қабаттың тереңдігіне байланысты топырақты
жіктеу
р/н
|
Топырақтың түрі
|
Сортаңдану қабатының тереңдігі, см
|
1
|
Сорлы, сортаңды
|
30 дейін
|
2
|
Жоғары сортаңданған
|
30-50
|
3
|
Терең сортаңданған
|
50-100
|
4
|
Сортаңданған
|
100-150
|
5
|
Терең сортаңданған
|
150-200
|
Тұзды сортаң топырақтарды негіздеп шаю-топырақ қабатының тұздануы шектен асқан кезде, былайша айтқанда-орташа және күшті тұздану мөлшерінде, сор жерлерде жүргізіледі. Негіздеп шаюда суару және коллекторлы-қашыртқылы жүйелер дайын болғанда жүргізіледі.
2 сурет- 1-ші аймақтағы түздану дәрежесіне байланысты шаю нормасы
3 сурет- 2-ші аймақтағы түздану дәрежесіне байланысты шаю нормасы
4 сурет- 3-ші аймақтағы түздану дәрежесіне байланысты шаю нормасы
Кесте 6 - Ұсынылып отырған шаю нормасының мәндері
Аймақтар
|
Негіздеп шаюдың ұсынылып отырған мәні, тек.м/га
|
Негіздеп шайылатын жердің ауданы, га
|
1
|
10000
|
1194
|
2
|
12000
|
751
|
3
|
15000
|
1504
|
Барлығы
|
3449
|
Қызылорда облысындағы жүргізілетін ғылыми зерттеулер жұмыстары кезінде күріштік жағдайда судың төмен қарай сүзілу мөлшері 5-7 мың тек.м/га болса, топырақ қабатындағы тұз мөлшері 25-35% шайылатыны анықталған (К.К. Ділімбетов, К.С.Қошқаров, К.С.Сргелбаев, С.Р.Серенко).
Ауылшаруашылық жұмыстарын егістікке дұрыс ұйымдастыруын бірден-бір негізгі –техниканың өнімі жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан қарағанда қашыртқылардың ара қашықтығы 150-200 м-ден кем болмауға тиіс. Біздің есептеулерге қарағанда 1-аймақта жоғарыда айтқанды қамтамасыз ету үшін қашыртқылардың тереңдігі hдр=1,5 м, 2-аймақта hдр=2,5 м, 3-аймақта hдр=3,0 м
Ашық қашыртқылар арасындағы ұашықтығы hдр=1,5;2,0;2,5;3,0 м деп үш аймаққа да есептедік және ол төменгі кестеде көрсетілген.
Кесте 7 - Қашыртқылардың ара қашықтығы
Аймақтар
|
hдр- байланысты қашыртқылардың арақашықтығы, м
|
1,5
|
2,0
|
2,5
|
3,0
|
1
|
255
|
295
|
335
|
375
|
2
|
140
|
170
|
200
|
230
|
3
|
90
|
110
|
130
|
150
|
5 сурет- 1 аймақтағы қашыртқылардың арақышықтығы
6 сурет- 2 аймақтағы қашыртқылардың арақышықтығы
7 сурет- 3 аймақтағы қашыртқылардың арақышықтығы
Кесте 8 - Қашыртқылардың ара қашықтығын анықтауға қажетті
параметрлер
№
|
Қашыртқы параметрлері
|
Аймақтар
|
1
|
2
|
3
| -
|
Қашыртқыдағы ағынды су модулі, л/с-га
|
5,4
|
5,8
|
6,8
| -
|
Қашыртқыдағы су деңгейі мен су өткізбейтін қабатқа дейінгі арақышықтық, м
|
45
|
25
|
20
| -
|
Бірінші қабаттың қалыңдығы, м
|
4,5
|
5,0
|
6,0
| -
|
Қабаттың су өткізгіштігі
|
189
|
87,5
|
56
| -
|
Топырақ су деңгейінің күрт деформациялану ұзындығы, м
|
46,37
|
45,99
|
45,65
| -
|
Деформациялану ұзындығы, м
|
92,75
|
91,98
|
91,3
| -
|
Қашыртқы тереңдігі, м
|
1,5
|
2,5
|
3,0
| -
|
Қашыртқылар арақашықтығы, м
|
255
|
200
|
150
|
Суармалы жерлерді сортаңданудан сақтау шаралары:
-
жер асты су деңгейін жер бедерінен бастап 2,5 м. төмен орналасуын қамтамасыз ету;
-
жер асты судың тұздану түрімен тұздану дәрежесін ескеріп іс-шараларды іске асыру;
-
суармалы жерлердің физикалық қасиеттерін, әсіресе сүзілу дәрежесін ескеріп іс-шаралар жасау;
-
топырақтың қуыстылығының тек 75% ылғалдандыру арқылы баптақтануды болдырмау және өсімдікке қажетті ауа режимін сақтау;
-
кез-келген өсімдікке өсіп-өну кезеңінде судың минерализациясын 1-3 г/л асырмау;
-
топырақтағы сода мен хлоридтер қоспалары мөлшерін азайту шаралары;
-
сүзілуге қарсы күресу шараларын қолдану;
-
топырақтың тұздану дәрежесіне байланысты оптимальді шаю нормаларын анықтау;
-
топырақтың тұздану дәрежесіне байланысты қашыртқы каналдардың орналасу жиілігін және параметрлерін анықтау.
Шаю нормасы тікелей топырақтың тұздану мөлшеріне байланысты. Аймақтар бойынша ұсынылып отырған шаю нормалары төмендегідей:
1- аймақ үшін -10000 м3/га;
2- аймақ үшін - 12000 м3/га;
3- аймақ үшін – 15000 м3/га.
Сондықтан бастапқы тұздылықты дұрыс анықтау-суды үнемдеуге зор әсерін тигізеді. Коллекторлы-қашыртқылы тізбектің аймақтарға байланысты және топырақ суының тереңдіктеріне байланысты анықталады:
1- аймақ үшін 255 м –топырақ суы 1,5 м тереңдікте жатқан кезде, 375 м дейін, топырақ суы 3,0 м тереңдікте жатқанда, 2- аймақ үшін сәйкес 140-230м; 3- аймақ үшін 90-150 м аралығында.
Төртінші бөлімде биомелиоранттарды, түзсүйгіштерді (галофит) ауыспалы егістікке ендіру арқылы топырақтың тұздану дәрежесін едәуір азайту шаралары қарастырылған.
Түзсүйгіш өсімдіктер (Галофиты; гр. hals— туз, phiton — өсімдік ) — сортаңданған топырақта тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер (мысалы, жусанның кейбір турлері, жыңғыл, солерос, тағы басқа). Түзсүйгіш өсімдіктер шөлдерде және шолейттерде, мұхиттың кейбір жағалауларында кең таралған. Түзсүйгіш өсімдіктер сортаңданған топырақта тіршілік етуге арнайы физиологиялық бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Топырақ ерітіндісіндегі концентрациясы жоғары тұзға төзу өсімдіктің су режимімен байланысты және төзгіштер стратегиясын көрсетеді. Тұздың концентрациясы жоғары ерітіндіден суды сіңіру үшін өсімдік клетка шырынының осмостық қысымын көтеруі мүмкін немесе су тұтынуды шырын есебінен (яғни, шырынды жапырақтарда және сабақтарда ылғалдық жиналуы, мысалы, солерос) тұздың артық мөлшерін арнайы лептесіктер арқылы жапырақ бетіне шығарып, азайтуы мүмкін. Түзсүйгіш өсімдіктер түрлері далалық белдемде қара топырақты жерді суарудан немесе жолдағы қарды еріту үшін үнемі тұз пайдаланудан болатын топырақтың сортандану процесінің көрсеткіші ретінде қолданылады [19].
Галофиттер-тұзды топырақтарда тіршілік ететін жоғары тұздылыққа бейімделген өсімдіктер. Галофитті тұқымдастар- алаботалылар, свинчактылар, иттабандылар, жыңғылдылар. Галофиттер флорасы аридті зоналарда әртүрлі және бай болады.
Морфофизиологиялық ерекшеліктеріне және тұздылануға адаптациясына байланысты бірнеше галофит топтарын бөлуге болады. (Генгель П.А.)
Эугалофиттер (солянки). Бұл басым көпшілігі солончак пен тұздалған комплексті сор жерлерде өсетіндер. Мысалы: Европалық бұзаубас, бүршікті сарсазан, Salsola, Petrosimonia, Suaeda, Obione туыс түрлері т.б.
Криногалофиттер (тұз шығарушылар). Бұл өсімдіктер тұзда ерітінді ретінде арнайы жапырақтарындағы бездері арқылы артық тұзды сыртқа шығаруға қабілетті.
Гликогалофиттер бұған ксерофильді өсімдіктер жатады (мысалы, дала мен жартылай далада тіршілік ететін көпшілігі ермендер). Гликогалофиттер тұқым жүйесі тұздарды өткізбейді. Сондықтан қатты тұзды топырақта өсетін өсімдіктер ұлпаларында тұз жиналмайды. Бұл «тамыр кедергісі (барьері)» жұмысы белгісіз.
Терең тамыр жүйесі арқасында тұздалудан қашатын өсімдіктер топтарын еске салуға болады. Бірақ олар қатты тұздалған жерде тіршілік етеді, олардың сору тамырлары терең аз тұздалған деңгейде орналасады. Мысалы: тростник, Сырдарья қойнауларында өсетін тростниктің химиялық сараптамасы тұздалуды әртүрлі дәрежелі және құрамды болуы жер асты мүшелері мен тамырларының құрамының біртектілігін көрсетеді. Сол кезде осы жерде өсетін біржылдық сораң (солянка) онша терең емес тамырымен жоғары деңгейдегі тұздалған ерекшелігіне байланысты. Қамысқа ұқсас сібір кендірі т.б. түрлер. Бұларды кейде псевдогалофиттер деп те атайды.
Галофиттерде зиянды тұздарды «зиянсыздандыру» және басты айналымнан шығару биохимиялық ерекшеліктері болады.
Ауылшаруашылық дақылдарында фитомелиоранттарды сортаңдалған жерлерді игеруге қолданады. Топырақтың су өткізгіш қасиетін жоғарлатады, көмір қышқылын шығарып, көлеу арқысында жел эрозиясына қарсы тұра алады.
Тұздыланған топырақты арнайы мелиорация арқылы жақсартады.(дренажбен, шаюмен, сіңген натрийді химиялық жолмен кетіру). Өсімдіктерді қолдануға да болады, ол фитомелиорация оның әсерінен жер асты суларының тұздылығы азайып, топырақ тұзсызданады.
Бесінші бөлімде іс-шаралардың экономикалық тиімділігі есептелінген
Біз әрбір аймақ үшін дақыл орналасқан жер көлеміне сәйкес және оның бүгінгі әрі жоспарлы өніміне сәйкес шаруашылыққа біздің ұсынысымызды еңгізгеннен кейінгі қосымша өнім және оның бағасын есептеп шығардық. Мысалы, 1 аймақта қосымша өнім бағасы- 20664,72 млн теңге, 2 аймақта қосымша өнім бағасы 12308,25млн теңге, 3 аймақта қосымша өнім бағасы 20792,04 млн теңге болды. Шаруашылық бойынша қосымша өнім бағасы- 53765,01 млн.теңге (Кесте -5.1) [22]
Сонымен қатар біз ұсыныстарымызды шаруашылықта еңгізу жолында орын алатын шығындарды да есептедік.
-
Жерді шаю жұмыстарын атқару үшін әрбір гектарға 44837,0 теңге жұмсалады екен, бұған сушының еңбек ақысы, жерді тегістеу жұмыстарының бағасы және жұмсалатын судың бағасы кіреді.
-
Қашыртқыларды тереңдету-суармалы жерлерді игеруге тәжірибеге сәйкес қашыртқыларды төмендету жұмыстары 3449 ауданында әрбір гектарға шаққанда орта есеппен 13000 теңге аралығында болады. Біз өз шаруашылығымызда 96572,0 теңге жұмсалады деп қабылдадық.
-
Суару әдістерін жетілдіру-біздің есептерімізге қарағанда әрбір гектарға шаққанда 1704 теңге тұрады екен.
-
Чектерді тегістеу жұмысы 900х3449*0,46 әр гектарға 65000 теңге жұмсалады.
-
Биомелиоранттарды өсіріп күтіп баптау 22720 теңге жұмсалады екен.
Барлық шығын 410,652 млн. тенге, жыл сайын алынатын пайда 53,765 млн.теңге. Шыққан шығындар 8 жыл көлемінде өтеледі
Суармалы жердің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсарту барысынды 1 гектарға кететін шығын көлемі:
Ш= ∑ Қ / Fнт= 410651,74 /3449=119,1 мың тенге
Суармалы жердің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсартуға әр 1 гектарға 119,1 мың тенге қаржы жұмсалған жағдайда тұзданған жерлерді қалыпына келтіруге болады ең кемінде әлсіз тұздану дәрежесіне жеткізуге болады. Дақылдардың қосымша өнімінің құндары мелиоративтік іс-шаралар арқылы қосымша өнімнің көмегімен және егістік ауданына байланысты анықталды. Барлық есеп кесте түрінде жүргізілді. Қосымша өнім көлемі күріш дақылына 7,28 ц/га, жоңышқа 5,78 ц/га, сүрлемдік жүгері 51,2 ц/га және бидайға 2,2 ц/га 3 жыл көрсеткіштерінің орташа мәні болып табылды. Жалпы өнім көлемі 1 аймақта, 2 аймақта, 3 аймақтарда тұздануына байланысты 10-15% кеміп отырды. Қосымша өнімнің құны 53765,01 мың теңгені құрайды. Мелиоративтік іс-шараларға кететін қаржы 410651,74 мың теңгені құрады. Күрделі қаржының қайтарылым уақыты 8 жыл.
Суармалы жерлердің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсарту шараларының барысында кететін шығындар әр гектарға 119,1 мың тенге қаржы жұмсалды
Жалпы қорытынды
Қызылорда облысы суармалы жер көлемінің сорлану көрсеткіші 40% жетіп: соның нәтижесінен өте сорланып кеткен жерлер пайдалану қорынан шығарылды.
1. Қызылорда облысының суармалы жерлерін төмендегідей етіп бөлуге болады: тұданбаған топырақтардың көлемі - 522га құрайды; әлсіз тұзданған- 87052 га; орташа тұзданған-73302; күшті және өте күшті тұзданған -65064 га.
2. Облыстың суармалы жерлерінің тұздану дәрежелері шығыстан батысқа қарай қамтып өзгеріске ұшыраған. Қызылорда массиві бойынша топырақтың тұздану үлесі-46,9 %, ал Қазалы массиві бойынша - 40,3%.
3. Жоғары айтылғандарға сүйене отырып зерттеліп отырған суармалы жердің топырақтары үш аймаққа бөлінді: 1 - аймақ әлсіз; 2 - аймақ орташа; 3-аймақ күшті тұздалған аймақтар.
4. Аймақтардағы дақылдардың суару режимдері бөлек-бөлек жасалады.
5. Бірінші аймақ үшін күрішті суармалау мөлшері – 25200 м3/га, 2-аймақ үшін – 26180 м3/га, 3-аймақ үшін – 24000 м3/га. Күріштің басқа дақылдардың да суару режимдері осы бағытпен жүргізілді.
6. Суармалы жерлерді сортаңданудан сақтандыру үшін аймақтардың топырақтарын шаю жұмыстары жүргізілді, шаю нормаларын В.Р. Волобуевтің теңдеуі арқылы анықталды.
7. Аймақтар бойынша ұсынылып отырған шаю нормалары төмендегідей:
1- аймақ үшін -10000 м3/га; 2- аймақ үшін - 12000 м3/га;
3- аймақ үшін – 15000 м3/га.
8. Коллекторлы-қашыртқылы тізбектің аймақтарға байланысты және топырақ суының тереңдіктеріне байланысты анықталады:
1- аймақ үшін 255 м –топырақ суы 1,5 м тереңдікте жатқан кезде, 375 м дейін, топырақ суы 3,0 м тереңдікте жатқанда, 2- аймақ үшін сәйкес 140-230м; 3- аймақ үшін 90-150 м аралығында.
9. Фитомелиоративтік қасиеттері бар өсімдіктерін ауыспалы егістікке ендіру арқылы топырақтың тұздану дәрежесін едәуір азайту; Қызылорда облысының әкімшілігі және ҚР ауылшаруашылық министрлігі тарапынан күріш дақылының көлемін қысқарту шаралары (жер асты суын төмендету және суармалы су көлемін азайту).
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:
-
Джусупова А.М. «Включение засоленных земель в сельскохозяйственный оборот на основании биологической мелиорации», «Қазіргі ғылыми табыстар» атты халықаралық VIII ғылыми-тәжирибелік конференция, Чехия (27.01.12-05.02.12).
-
Джусупова А.М., Сагаев А.А. «Мелиоративные мероприятия по восстановлению засоленных земель в Кызылординской области», Болгария (17.03.12-25.03.12).
3. Сагаев А.А., Джусупов М.М., Джусупова А.М. « Қызылорда облысындағы ауылшараушылығы айналымнан шыққан жерлерді (сортаңдануына байланысты) қайта қалпына келтіруге арналған іс-шараларды жасау» Болгария (17.04.12-25.04.12).
Резюме
ДЖУСУПОВА АЙНУР МИРОВНА
Разработка мероприятий по восстановлению земель области вышедших из сельскохозяйственного оборота (в связи с засолением)
Специальность: 6М081000 – «Мелиорация, рекультивация и охрана земель»
Цель и задачи исследований. Научное исследование комплексного режима мелиорации на орошаемых землях Кызылординской области с учетом требований природообустройства. Определение оптимальных параметров дренажных сетей, режимов орошения сельскохозяйственных культур на основе биологических и морфологических особенностей на засоленных землях рисового севооборота. А также борьба с засолением орошаемых земель на основе использования биомелиорантов.
Объект исследования
Орошаемые земли на площади 3449 га Ширкейлинского хозяйства левобережного Кызылординского массива.
Научная новизна
Установление оптимальных, режимов орошения культур, параметров дренажной сети и рассоление почв с применением биомелиорантов.
Положения, выносимые на защиту:
- мелиоративное состояние земель орошаемых севооборотов Кызылординской области;
- причины засоления орошаемых земель и выхода их с сельскохозяйственного оборота;
- установление оптимальных режимов орошения сельскохозяйственных культур в сложившихся условиях ;
- установление оптимальных параметров дренажной сети;
- мелиоративные мероприятия по рассолению орошаемых земель.
Выводы
Более 40% орошаемых земель Кызылордиской области сильнозасолены вследствие чего ежегодно более 30 тыс га выходят из сельскохозяйственного оборота .
-
Засоленность орошаемых земель области следующие:
- незасоленные – 522 га
- слабо засоленные- 87052 га
- средне засоленные – 73302 га
- сильно и очень сильно засоленные – 65064 га
2. Закономерность засоления орошаемых земель области направлено с востока на запад по бассейну реки.
Наиболее сильно к засолению подвержены земли Кызылординского левобережного массива 46,9% и земли Казалинского массива орошения.
3. На основе исследования засоленность орошаемых земель выделены три категории земель по степени засоления:
- слабо засоленные;
- средне засоленные;
- сильно и очень сильно засоленные;
4. С учетом степени засоленности земель установлены оптимальные режимы орошения риса – 25000; 26000; 24000 м3/га соответственно по категориям земель, а также установлены режимы орошения сопутствующих культур рисового севооборота
5. Промывка орошаемых земель следующими нормами:
1 категория земель - 10000 м3/га ;
2 категория земель - 12000 м3/га ;
3 категория земель - 15000 м3/га
Summary
dZHUSUPOVA AINUR MIROVNA
SPECIALITY – 6N081000 – «HAHD IMPROVEMENT,
RECULTIVATION AND LAND PROTECTION»
The purpose of the research - scientific research of a complex mode of land improvement on irrigated lands of Kyzylordinsky area taking into account prirodoobustroystvo requirements. Determination of optimum parameters of drainage networks, modes of an irrigation of crops on the basis of biological and morphological features on the salted lands of a rice crop rotation. And also fight against a zasoleniye of irrigated lands on the basis of use of bioameliorants.
Object of research - irrigated land in the area of 3449 hectares of farm Shirkeylinskogo Kyzylorda left bank of the array.
Scientific novelty: The establishment of optimal, crop irrigation regimes, the parameters of the drainage network and the desalinization of soils with biomeliorantov.
The main provisions are brought to the protection of:
- Condition of land irrigated crop rotations Kyzylorda region;
- Causes of salinization of irrigated land and release them from agricultural use;
- Establishing optimum conditions of crop irrigation in the circumstances;
- Establishing the optimal parameters of the drainage network;
- Reclamation activities on desalination of irrigated land.
Findings
More than 40% of irrigated land area Kyzylordiskoy silnozasoleny therefore annually more than 30 thousand hectares out of agricultural use.
1. Salinization of irrigated land area as follows:
- Saline - 522 hectares
- Slightly salty-87 052 hectares
- Moderately saline - 73 302 hectares
- Very, very strongly saline - 65 064 hectares
2. The pattern of salinization of irrigated land area is directed from east to west along the river basin.
The most heavily exposed to salinization of land Kyzylorda left bank of the array, and 46.9% of the earth Kazaly array of irrigation.
3. Based on research salinization of irrigated lands identified three categories of land to salinity:
- Slightly saline;
- Moderately saline;
- Hard and very salty;
4. Given the degree of salinity of soils, the optimal irrigation regimes of rice - 25000, 26000, 24000 m3/ha, respectively, by land categories, as well as established irrigation schedules accompanying rice crop rotation
5. Washing of irrigated land following standards:
1 category - 10,000 m3/ha;
2 category - 12,000 m3/ha;
3 category - 15,000 m3/ha.
6. Establishing the optimum parameters of collector-drainage network
1 category - the distance between the drains at 255 m depth of the groundwater level of 1.5 m and 375 m at the depth of groundwater up to 3 meters;
2 category - the distance between the drains 140-230 m
3 category - the distance between the drains 90-150 m
Достарыңызбен бөлісу: |