Логикалық бағыт өкілдері: Ю.С.Степанов, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова т.б. концепт және ұғым терминдерін тепе-тең көреді: мұнда концепт ретінде жинақтаудың жоғарғы деңгейінде болмайтын грамматикалық, не семантикалық категория алынады.
Ю.С.Степановтың: «Концепт ұғым сияқты қатардың құбылысы. Өзінің ішкі формасы жағынан орыс тіліндегі концепт пен ұғым сөздері бірдей: концепт латын тіліндегі conceptus – «ұғым» сөзінің калькасы...Концепт пен ұғым түрлі ғылымдардың терминдері: екіншісі негізінен логика мен философияда қолданылса, біріншісі, концепт, логиканың бір саласы – математикалық логиканың термині, соңғы кездері мәдениет туралы ғылымда, мәдениеттануда орныққан...» [29, 42-44б]– деп, математикалық логикада, Г.Фреге мен А.Черч жүйесінде концепт деп тек ұғымның мазмұнын атайтынын көрсетіп өтеді.
Е.С.Кубрякова «концепт» және «ұғым» терминдері адам ойлауы мен санасының түрлі аспектілерін сипаттайды дейді: «Ұғым– объективті шындықтың логикалық формада бейнеленуінің белгілі бір түрлерінің бірі; концепт сананың шұғыл (оперативті) мынадай бірліктерін қамтиды: елестету, образдар, ұғымдар, ал олар жинақталып барып концептуалды жүйе не әлемнің концептуалды моделін жасайды» [5, 143б].
Сонымен қатар концепт пен сөз, концепт пен ұғым туралы өзге ғалымдардың айтқанына тоқталайық.
Сөз және концепт терминдері А.Вежбицкаяда өзара байланысты: «Концепт-минимум – бұл сөз мағынасын толық игеру, бұл тек қарапайым тіл иесіне тән нәрсе <...> концепт- максимум – сөз мағынасын толықтай игеру».
Н.Кипиани сөз концептінің бөлігі болатыны айтады: «Сөз өз мағынасымен қоса тек концептінің бөлігін білдіреді».
С.Г.Воркачев: « тар «формалды» мағынада лигвоконцептілер – өзге тілдерге аударғанда бірсөзді эквивалентті таба алмайтын, сөздерден кейін тұратын семантикалық құбылыстар» [30, 79б].
Бір қарағанда сөздің лексикалық мағынасын концепт деп атауға болады. Бірақ қазіргі күні сөздік мақаласындағы берілген сөз мағынасы «когнитивті шындықтан шалғай, тар, жетіспейтіндігі және тіпті парапар келмейтіндігі» туралы тезис дәлелденді.
В.В.Колесов бойынша концепт өзінің мазмұнды формасында образ ретінде, ұғым ретінде және символ ретінде көрініс табады.
Концепт ұғымға тепе-тең емес. Қазіргі зерттеушілер жаңа терминнің айту мағынасын таңбалау үшін енгізілгенін ескермеген, сондықтан да көптеген философиялық сөздіктер мен энциклопедияларда концепт ұғым не оның мазмұнын білдірумен тепе-тең көрінеді, осының өзі оларды ажыратуды керек етеді. Ұғым – заттың түрлі кезеңдерінің объективті идеалды бірлігі және қарым- қатынасқа тәуелсіз, ойдың қалыптасу қызметін атқаратын тілдің таңбалық және маңызды құрылымымен байланысты. Бұл танымның нәтижесі, баспалдағы немесе кезеңі. Ал концепт сөйлеу арқылы жүзеге асады. Концепт субъективті. Жад және елестету – бір жағынан дәл қазір және осы жерде ұғынуға бағытталған, екінші жағынан ол жад акті ретінде – өткенге, елестету акті ретінде – болашаққа, пайымдау акті ретінде – осы шаққа негізделген жанның үш қабілетінің синтезі, концептінің ажырамас бөліктері. Концепт – это событие, а «события» – это понятие [31, 12б ].
Ұғымға қарағанда концептілер тек ойланылмайды, сонымен қатар адамның өз басынан өтеді (переживаются). Л.А.Грузберг «Концепт – мәдени-ментальді-тілдік құбылыс ретінде» деген зерттеуінде олардың – эмоция, симпатия мен антипатия, кейде қақтығыстар заты болып есептелетінін айтып өтеді [32, 14б ].
Концептімен салыстырғанда ұғымның құрылымы қарапайым: ұғым құрылымында мазмүндық құраушы басым және концепт құрылымында болатын барлық компонеттер енбейді.
Қазіргі кезде концептіні түрлі тұрғыдан түсіндірудің негізінде қалыптасқан мынадай бағыттары: логикалық бағыт (Арутюнова Н.Д., Степанов Ю.С.), психолингвистикалық бағыт (Залевская А.А.), лингвистикалық бағыт (Бабушкин А.П.), философиялық бағыт (Колесов В.В., Лисицын А.Г.), психологиялық бағыт (Лихачев Д.С., Холодная М.А.), интегративті бағыт (Ляпин С.Х., Карасик В.И.)
Түрлі бағыт өкілдерін біріктіретін нәрсе, олардың концептіні жалпы және кең категорияның бөлігі ретінде қарастыруы: «концептуалды жүйе», «әлемнің концептуалды бейнесі» (Павиленис Р.И., Чижова Е.А.); «концептосфералар» (Лихачев Д.С.); «оқиғалар» (события) (Исабес В.Я.); «әлемнің ұлттық тілдік бейнесі» (Вежбицкая А, Булыгина Т.В., Шмелев А.Д. т.б.); «концептуализацияланған заттық аймақ» (Степанов Ю.С.); «когнитивті модель» (Гиздатова Г.Г.)
Қазіргі лингвистикада концептіні түсіндірудің үш негізгі бағыты бар:
Достарыңызбен бөлісу: |