Дүние жүзінде қолданылатын тыңайтқыштар аммофос 46% P



бет10/18
Дата02.04.2023
өлшемі1.09 Mb.
#471618
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
ДК-1 экстракц. фосфор печатано

Зонаның аталуы m f, м2 τ, о
Негізгі фильтрация…….........………….. 4 13,33 60
Бірінші жуу...........………………………. 4 13,33 60
Екінші жуу………………………………. 4 13,33 60
Үшінші жуу..………………………….. 4 13,33 60
Кептіру........…………………………… 8 26,68 120
Барлығы…………………………………. 24 80 360


2.4. Негізгі аппаратты таңдау және сипаттамасы


Экстрактор жазық түбі бар темірбетонды қапталған тікбұрышты аппарат. Ол арақабырғалармен он секцияға бөлінген, оның сегізі жұмысшы, ал екеуі аралық сиымдылықтың қызметін атқарады. Қойыртпақ секциядан секцияға арақабырғадағы төменгі және жоғарғы өткізгіштер арқылы ағады. Әрбір жұмысшы секция екіярусты былғауышпен жарақталған, ол 70-72айн/мин жылдамдықпен айналады. Жұмысшы көлемі 730м3 кезінде экстрактор өлшемдері 25,х11,2х6,45м, өнімділігі тәулігіне 340т Р2О5.
Соңғы жылдары тікбұрышты экстракторлар орнына арнайы болаттан немесе болатпен қапталған екі реакторлы цилиндрлі көпараластырғышы бар экстракторлар орнатылған. Реактордың жұмысшы көлемі 450м3, экстрактордың жалпы көлемі 900м3. мұндай экстракторда температура мен қайта қанығу бойынша процестің үлкен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, сондықтан өте біртекті кальций сульфатының тұнбасы алынады.
Карусельді вакуум-сүзгіш 24 лотоктан (нутч-фильтр) тұрады, лотоктар дөңгелекті арбаға орнатылған және дөңгелекті рельсте қозғалады. Әрбір лоток қозғалмалы басымен құбыр арқылы жалғасқан. Қозғалмалы басы қозғалмайтынмен жанасады, одан фильтраттар сепараторларға сорылып алынады. Әрбір лоток кезектесіп қойыртпақты сүзу, тұнбаны сусыздандыру, кальций сульфатын жуу (фосфогипс немесе фосфополугидрат), кальций сульфатын түсіру мен матаны жуу зонасынан өтеді. Үлкен қуаттылықты жүйе үшін пайдалы сүзу беті 80-160м2 болатын карусельді вакуум-фильтрлер қолданылады.


ІІІ.ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ


3.1. Өндірістік қалдықтар

Фосфорит шикізатын өңдеу кезінде барлық технологиялық процесс сатысында фторлы газ тәріздес қосылыстар бөлінеді. Оның барлық құрамы мен көлемі фосфат шикізатын технологиялық өңдеуге байланысты. Фтор шикізатын өңдеу эртүрлі процесстерден газ құрамындағы фтор НҒ, SiF4 және Н2 SiF6 бу түрінде болады. Фосфат шикізатын ұнтақтау, кептіру және өңдеу сияқты процесстер кезіндешығарылатын газ құрамында шаң түзіледі, соңынан шаң фосфатты қосылыспен бірге ұсталып Н2 SiF6 ерітіндісінде еріп кетеді де оны Р205 мен ластайды. ЭФҚ өндірісінің түп негізінде фосфатты шикізаттың қышқылды ыдырауы жатқандықтан және шығарылатын газ құрамына байланысты оларды бір топқа бөліп қарастырады:


Таза-қолданылатын газдар, шашыранды немесе шаң құрамды газ, тазалаудан кейінгі қолданылатын газдар.
Қышқылдың шашырандысымен шаң, буымен ластанған газдар қайта пайдаланылмайтын газдар. Пайдаланылмайтын газдар фтор концентрациясы төмен саналып атмосфераны қорғау мақсатында оны аралас шаңдардан су, сілті қосылып немесе концентрленген содамен бірге ұсталады. Фторлы
қосылыстар сумен абсорбация кезінде 90°С аралықта газды фазада гидролиз процесі жүреді.
SiF4+4H20 -Н* SiF6 + Si02 *2H20
Фторлы газдардың сулы абсорбциясы тұман тәрізді Н2 SiF6 жұтылуына әкеледі.
Бастапқы сулы еритін моноөлшемді орта кремний қышқылы түзіледі, кейін қышқылдың конценртациясы мен температурасы кремний қышқылымен оның физикалық қасиетін анықтайды. Қышқылдың концентрациясы мен температурасының жоғарылауы кезінде қондырғы ішкі бөлігінде заттар түзіледі. Абсорбация процесене фазаға бөліну шегінде түзілген қабықша кері әсерін тигізеді, SiF6 газ фазасына сұйыққа өту жылдамдығын азайтады. ЭФҚ өндірісінде түзілетін газды шаңның негізгі мінездемесі төмендегідей болады: апатит концентратын дигидраты жолмен өңдеуде Ғ газды фазаға бөлінуі экстракция сатысында 1-1,5тен Н2 SiF6 күрайды, вакуум мүздату кезінде - 3-тен 7%дейін және сүзу кезінде 0,3-0,5 % қышқылға 78-80% өтеді, ол фосфогипс 13-17% фтор қалады.
Құрамы 45-48%о Р205 концентрленген фосфорқышқылын жартылай гидратты тәсілмен өндеу кезінде газды фазаға 30-45%F температура және басқа жағдайларга қарай өтеді. Оның көп мөлшердегі саны апатитті фосфор қышқылының ыдырауы кезінде немесе күкірт және қайта айналымды фосфор қышқылымен араласу кезінде алынып тасталынады.
Дигидратты тэсілімен ЭФҚ өндірісінде бөлінетін газдардың қүрамында SiF4 ал жартылай гидрат кезінде SiF4 және НҒ қосылысы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет