Дүние жүзінде қолданылатын тыңайтқыштар аммофос 46% P


Процестің технологиялық сұлбасының сипаттамасы , технологиялық режим нормалары



бет5/18
Дата02.04.2023
өлшемі1.09 Mb.
#471618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ДК-1 экстракц. фосфор печатано

1.4. Процестің технологиялық сұлбасының сипаттамасы , технологиялық режим нормалары

Соңғы уақытта әлемдік практикада жартыгидрат-қосгидрат процесі кең тарады. Бұл әдісте Р2О5-ң қышқылға өтуі өте жоғары (98-98,5%) және тасталынатын гипс құрамында аз (0,1% кем) суда ерімтал Р2О5 бар және оны ары қарай өңдеуге болады. Жартыгидрат әдісінен айырмашылығы жоғары тмепературада ұстау әдісі гидраттанатын, тұрақты жартыгидрат тұнбасы тұнбаланады. Бөлінетін ірі кристалды гипс алынады. Оның құрамында біріккен Р2О5 мөлшері аз болады.


ЭФҚ өндірісінің процестері келесі стадиялардан тұрады: реагенттерді процеске беру; фосфатты ыдырату және кальций сульфатын кристалдау; процестің артылған жылуын шығару; экстракциялық қойыртпақты сүзу; фтор қосылыстарынан шығатын газдарды тазалау;
Дигидратты әдістің маңыздылығы табиғи фосфаттың күкірт қышқылында ыдыраумен байланысты, пайда болған қою сүйықты ажырату жэне фосфогипсті қалдықтан фосфор қышқылымен шайып ажырату фсфогипс қалдығының химялық қасиеті, оның кез келген халық шаруашылығының саласында пайдалануға болатндығын көрсетеді.
Жартылай гидратты процесс кезінде 1 тонна экстрациялық фосфор қышқылына 4,2 тонна фосфор жарты гидратты шығындалады. Ал фосфогипс төмендегідей қүрамда болады: СаО-32,%; S03- 45.4%; Р2О5-0.3%; R203 - ізі байқамайды; Ғ-0,2 %; Н2О-20.4% т.б. -1% Түзілген қалдықтардың көп тонналығын ескере отырып, бүл қалдықтарды пайдаланатынөндіріс саласы да көп тонналы өнім шығаратын болуы қажет. Мүндай өндіріс саласына қүрылыс материалдар ондірісін және халық шаруашылығын жатқызуға болады. Қазіргі кезде халық шаруашылығында фосфогипс қалдықтарын кеңінен пайдалануға оның физико-химиялық жэне физико-механикалық (қышқылды жабысқак; болуы, өте майда ұнтақтылығы т.б.) қасиеттері кедергі келтіруде, осы себепті өндірісте пайдалану кезінде оны сақтау жинау және тасымалдау сияқты жұмыстарын қиындатуда.
Халық шарушылығында кеңінен пайдалану үшін, оған қажетті қасиетті беруде фосфоритті дайындаудың эртүрлі әдістері бар. Олардың ең ішіндегі маңыздысы: кептіру, ұнтақтау, бөлшектеу, өте майда төгінді ұнтақтарды дайындау болып табылады. Сульфат кальцийін сусыздандыру кезінде (гидраттар) фосфогипс негізін құрайтын сульфат түзіледі.
Фосфат ұны тасымалдаушы жүйемен дозатор арқылы үздіксіз бірінші экстракторға беріледі, онда белгілі мөлшерде күкірт қышқылы енгізіледі. Күкірт қышқылының бір бөлігі кейде екінші экстракторға беріледі. Бірінші экстракторға үздіксіз түрде араластыру ертіндісі түсіп тұрады, ол вакуум-фильтрдің екінші зонасында фосфогипсті жуғаннан кейін түзілген екінші фильтраттан және сүзгінің бірінші зонасынан алынған бірінші фильтраттың аздаған мөлшерінен (кейде айналымдық фосфор қышқылы деп аталады) құралады. Айналымдық фосфор қышқылының мөлшерінің экстракциялық қойыртпақтағы қатынасы Ж:Т бойынша (2,5-3):1 тең.
Қойыртпақтың күюін және кальций сульфаты гидратының тұнбасының түзілуін болдырмас үшін бір немесе бірнеше экстракторға ауаүрлегіштен ауа беріледі. Ірі гипс кристалдары түзілуі үшін реагенттердің бірінші экстракторда болу уақытының ұзақтығы 1-2 сағаттан кем болмау керек. Осыған сәйкес аталған аппараттың реакционды көлемін орнатады. Реакцияның жалпы ұзақтығы, яғни қойыртпақтың экстракторда болу уақыты 5-6 сағатты құрайды. Соңғы (төртінші) экстрактордан фосфор қышқылы ертіндісіндегі фосфогипс суспензиясынан тұратын қойыртпақ үздіксіз әрекетті вакуум-фильтрдің қоректендіру лотогына жоғарғы штуцер арқылы үзіліссіз келіп түсіп тұрады.
Экстракциялық қойыртпақты сүзу және фосфогипс тұнбасын жуу үшін ленталы, карусельді немесе лотокты вакуум-фильтрлер қолданылады. Экстракторды әдетте нольдік белгіде орнатады, ал сүзгіштер – 10м деңгейде орнатады, ол фильтраттың өздігінен ағуына мүмкіндік береді. Карусельді вакуум-сүзгіш 24 лотоктан тұрады, лотоктар дөңгелекті арбаға орнатылған және дөңгелекті рельсте қозғалады.Әрбір лоток кезектесіп қойыртпақты сүзу, тұнбаны сусыздандыру, кальций сульфатын жуу, кальций сульфатын түсіру мен матаны жуу зонасынан өтеді
Қойыртпақ пен жуу ертіндісі оның сүзу бетіне құйылады, ол сүзу мен тұнбаның толық жуылуының бір аппаратта жүруіне мүмкіндік береді.
Негізгі фильтрат өнімдік қышқыл ретінде және шамалап айналымдық қышқыл ретінде экстракторға араластыру ертіндісі құрамында кері қайтарады. Қышқыл жоғалымын азайту үшін кальций сульфатын сумен үшреттік жуудан өткізеді. Сүзгі соңында тұнбаны ыстық сумен 85-900С-та жуады. Жуу ертіндісі кальций сульфатын екінші рет жуу үшін пайдаланады. Өте шоғырлы фильтрат екінші жуудан соң бірінші жууға айдалады. Алынған жуу ертіндісі толығымен экстракторға араластыру ертіндісі ретінде кері қайтарады. Жуылған кальций сульфаты лотоктарды лақтыру жолымен аралық бункерге түсіреді және ары қарай жіберіледі. Тұнбаны жуу дәрежесі 98,0-98,5%.
Концентрациясы 75-92% күкірт қышқылы жинақтан 4 фосфор қышқылының айналымдық ертіндісімен аралстыру үшін араластырғышқа 3 береді. Қышқыл қоспасы шығынөлшегіш және фосфат бункерден 1 ленталы дозатор 2 көмегімен үздіксіз көпсекциялы экстракторға 5 келіп түседі. Қойыртпақтың қозғалысы бойынша экстракторда оның құрылысы өзгереді. Жайлап фосфор қышқылы түзіледі және кальций сульфатының кристаллизация процесі аяқталады. Фосфатты шикізаттипіне және қойыртпақ экстракциясы режиміне байланысты экстраткорда 4-5-тен 7-8сағатқа дейін болады. Фосфаттың ыдырау дәрежесі мұнда 98-98,5%-ке жетеді. Реакция жылуы есебінен экстрактордағы температура жоғарылайды. Жартылай гидратты процесте 95-1020С деңгейінде ұстау үшін қойыртпақты экстрактордың соңғының алдындағы секциясынан батырмалы сораппен 8 вакуум-буландырғышқа 16 береді, онда ол суытылады және төмен қысымда су бөлігінің булануы есебінен шоғырланады. Суытылған қойыртпақтың бір бөлігі экстрактордың бірінші секциясына кальций сульфаты кристалдарның өсуі үшін кері қайтарылса, ал қалған бөлігі экстрактордың аралық сиымдылығына түседі, одан батырмалы сораппен 9 сүзуге айдалады. Кейбір схемада экстрактордан соң жетілдіргіш орнатылады, ол қойыртпақты сүзу алдында қосымша ұстайды. Жетілдіргіш жайжүрісті былғауышпен жабдықталған, процесс кальций сульфатының кристаллизациясымен аяқталады, ол сүзгіш жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Экстрактордан бөлінген құрамында SiF4 және HF бар газдар сумен немесе кремнефторлысутекті қышқылмен араласқан сумен суландырылатын абсорберде тазаланады. Вакуум-буландырғыштан бугазды қоспа фторлы газды абсорбциялау 15 және су буын конденсациялау жүйесіне өздігінен ие болады. Абсорбция кезінде алынған H2SiF6 араласқан ертінділері сүзу матасын жуу үшін пайдаланады немесе экстракторға фосфатты ыдырату үшін кері қайтарады, шоғырланған ертінділер фторлы тұздар цехына өңдеу үшін жіберіледі.
Фосфор қышқылын сүзу ленталы немесе карусельді вакуум-сүзгіште жүргізеді. Экстракторды әдетте нольдік белгіде орнатады, ал сүзгіштер – 10м деңгейде орнатады, ол фильтраттың өздігінен ағуына мүмкіндік береді.
Негізгі фильтрат өнімдік қышқыл ретінде және шамалап айналымдық қышқыл ретінде экстракторға араластыру ертіндісі құрамында кері қайтарады. Қышқыл жоғалымын азайту үшін кальций сульфатын сумен үшреттік жуудан өткізеді. Сүзгі соңында тұнбаны ыстық сумен 85-900С-та жуады. Жуу ертіндісі кальций сульфатын екінші рет жуу үшін пайдаланады. Өте шоғырлы фильтрат екінші жуудан соң бірінші жууға айдалады. Алынған жуу ертіндісі толығымен экстракторға араластыру ертіндісі ретінде кері қайтарады. Жуылған кальций сульфаты лотоктарды лақтыру жолымен аралық бункерге түсіреді және ары қарай жіберіледі. Тұнбаны жуу дәрежесі 98,0-98,5%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет