Каруселді сүзгішті есептеу
Негізгі сүзу зонасының қажетті ауданы:
Fо.ф=Gо.ф/Vо.ф, м2
мұндағы: Gо.ф – негізгі фильтрат бойынша өнімділігі
Vо.ф – сүзудің негізгі зонасының меншікті өнімділігі, ол келесі формуламен анықталады:
Практикалық мәліметтер бойынша: С=0,94м3/м2 және Ко.ф=68,9м2/с
Сонда:
и Vо.ф=7,39м3/(м2*с)
Негізгі фильтрат бойынша сүзгінің өнімділігі:
Go.ф=
Негізгі сүзу зонасының қажетті беті
Fо.ф=89,4/7,39=12,1м2
Бірінші жуу зонасының бетін есептеу үшін практикалық мәліметтерден тұрақты мәндерді қабылдаймыз: С=0,94 м3/м2 және К’пр=37,4м2/с. Сүзу теңдеуі бойынша есептелген бірінші жуу зонасының меншікті өнімділігі мынаны құрайды: V’пр=5,14м3/(м2*с); бірінші жуу зонасының беті:
F’пр=75700/(5,14*1210)=12,2м2
мұндағы: 75700 – фильтраттың мөлшері; 1210 – екінші фильтрат тығыздығы;
Жуудың екінші зонасының бетін есептеу үшін тұрақтыны қабылдаймыз, С=0,94м3/м2, ал К”пр келесі теңдіктен аламыз:
К’прμ’пр=К”прμпр
мұндағы: μ’пр және μ”пр – бірінші және екінші жуудан кейінгі фильтраттың тұтқырлығы, Па*с; ол мынаған тең: μ’пр=1,6*10-3 және μ”пр=1,1*10-3
Бұдан басқа:
К”пр=(37,4*1,6)/(0,8*1,2)=62,3м2/с
мұндағы: 0,8 – сүзгі лентасында тұнбаның тығыздалуын есептеу коэффициенті;
Екінші жуу зонасының меншікті өнімділігі мынаған тең: V”пр=7,0м3/(м2*с), ал зона беті F”np
F”np=70800/(7.0*1060)=9.5м2
мұндағы: 70800 – фильтрат мөлшері; 1060 – фильтрат тығыздығы;
Fо.ф, F’np және F”np есептеулеріне сәйкес жуудың үшінші зонасының қажетті бетін табамыз:
F’”np=9,8м2
Сүзудің барлық зонасының және жуудың жалпы беті мынаған тең:
Fобщ=12,1+12,2+9,5+9,8=43,6м2
Фосфогипсті кептіру зонасы және жуу матасының беті сүзу және жуу зонасы бетінің 50%-ін құрайды немесе 43,6*0,5=21,8м2. Сонда, сүзгі бетінің қажетті жалпы беті мынадай болады:
43,6+21,8=65,4м2
Осыған сәйкес жалпы жұмысшы беті 80м2 карусельді фильтрды таңдаймыз. Сүзгінің габаритті өлшемдері: ені 18,3м; ұзындығы 20,3м және биіктігі 4,8м. Сүзгі каруселі 6 минутта бір айналым жасап айналады. Сүзгі үш электрқозғалтқышпен жабдықталған. Сүзгінің бір лоток беті: 80/24=3,33м2.
Зона бойынша лоток саны, әрбір зонаның жұмысшы сүзу беті және әрбір стадиядағы ұзақтығы төменде келтірілген:
Достарыңызбен бөлісу: |