«Дүниежүзі тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Тақырыбы Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі



бет14/19
Дата17.05.2023
өлшемі1.65 Mb.
#473880
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
osh fo duniezhuzi-tarihy 9klass kaz

Тақырыбы Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен
сабақтары қандай болды?
8.3.2.8. Ұлы Отан соғысының жеңісіне кеңес халқының
қосқан үлесін бағалау
Білім алушы
 Екінші дүниежүзілік соғысқа Кеңес үкіметінің
қосқан үлесіне баға береді
Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Берілген деректі қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.




Біріншіден: соғыс бойы неміс әскерінің 60-75% кеңес-герман фронтында соғысты. 1944 жылы 190-нан, 270-ке дейінгі дивизия іс-әрекет жасады. Салыстырмалы түрде Солтүстік-Африкада ағылшын-америка әскерінің 9-дан, 20-ға дейінгі, Италияда 7-ден, 26-26-ға дейін дивизия соғысты.


Екіншіден: кеңес-герман әскерінің соғыстарының жер аумағы да өте үлкен болды. Мысалы Италия мен Солтүстік Африкадағы соғыс аумағы 300-350 шаршы шақырым болса, Батыс Еуропада 800 шаршы шақырым болды. Ал кеңес-герман әскерінің жер аумағы 3000 шаршы шақырымнан, 620000 шаршы шақырымға дейін болды.


Үшіншіден: Еуропада 2-фронт ашылғаннан кейін АҚШ пен Англияның әскери-әуе күштері кеме жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары, теңіз базалары, фашистік авиабазалар және Батыс Еуропадағы аэродромдардын бомбалады. Сонымен қатар танк құрылысы зауыттары мен авиациялық кәсіпорындар көп қиратылмады.


Төртіншіден: Фашистік Германияны жеңу үшін Кеңес үкіметі қыруар шығынға ұшырады: соғыста және фашистік лагерлерде 27 млн адам қаза тапты, оның ішінде 8,7 млн әскер қатарындағы жауынгерлер болса, қалғаны бейбіт тұрғындар болды. Тек кеңестік Беларусияда 2,2 млн тұрғын немесе жалпы әр бір тұрғынның ¼ қаза тапты. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, АҚШ-ның адам шығыны 405 мың адам болса, Англияның шығыны – 375 адам болды. Ал фашистік Германияның жалпы адам шығыны 13,6 млн адам, оның ішінде 10 млн кеңестік фронтта қаза тапты.


Бесіншіден: АҚШ атом бомбасын Жапония жеріне тастағаннан соң және Қызыл Армияның Квантун түбіндегі жеңісінен кейін Жапония тізе бүкті.


Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңес халқының жеңіске қосқан үлесі қаншалықты болды?________________________________________________________
Ұлы Отан соғысының салдары Кеңес халқы үшін қаншалықты ауыр болды? ______


Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Кеңес үкіметінің жағдайын өзге мемлекетпен салыстырыңыз. _______________________________________________________________
Кеңес халқының ІІ дүниежүзілік соғыстағы ерлігіне баға беріңіз
_______________________
Дескриптор Білім алушы:




  • Кеңес үкіметін соғыс кезіндегі жағдайын, өзге мемлекетпен салыстырады;




  • Кеңес халқының Ұлы отан соғысындағы ерлігіне баға береді.

24

6-бөлім: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет