ДҮниежүзілік сауда ұйымы


IІІ. САЯСАТТЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІГІ



бет7/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78


IІІ. САЯСАТТЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІГІ




Биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтарының құзыреттері





  1. Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет болып табылады деп атап өтті. Құзыреттер заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арасында бөлінген. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Парламенті заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болып табылады. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік етуді жүзеге асырады. Сот билігін сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және өзге де нысандары арқылы Жоғарғы сот, жергілікті және басқа да соттар жүзеге асырады.




  1. Қазақстан Республикасының Президенті құпия дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде бес жыл мерзімге сайланады. Президент Үкімет мүшелерін (Премьер-Министрді, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер және Әділет министрлері мен мемлекеттік комитеттердің басшыларын қоса алғанда), дипломатиялық миссиялардың басшыларын, Қарулы Күштердің жоғары офицерлерін, Конституциялық Соттың төрағасы мен екі мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің төрағасы мен екі мүшесін, Сенаттың 15 депутатын, жергілікті және басқа да соттардың төрағасы мен судьяларын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын, Мемлекеттік хатшыны, Ұлттық Банк төрағасы мен әкімдерді тағайындайды және кері шақырып алады.




  1. Президент өзінің қарауына Сенат (Парламенттің жоғарғы палатасы) ұсынған заңдарды бір ай ішінде бекітеді не заңдарды бір ай ішінде қайта қарау үшін түсініктермен бірге Парламентке қайтарады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президенттің қарсы пікірлерінің қабылданғанын білдіреді және заң Президент ұсынған редакцияда қабылданады. Егер Парламент палаталардың әрқайсысы депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын қабылданған шешімді растаса, заң Парламент ұсынған редакцияда қабылданады. Егер Парламент Президенттің қарсы пікірін еңсере алмаса, заң Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады. Президенттің заң жобаларын Парламент қарауының басымдығын, сондай-ақ енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде қарауды білдіретін заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға құқығы бар. Мұндай талап орындалмаған жағдайда Республика Президенті Парламент жаңа заңды қабылдағанға дейін қолданылатын Жарлық шығаруға құқылы. Егер заңның өзінде немесе тиісті қаулыда заңның күшіне енуінің басқа шарттары көрсетілмесе, заңдар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді. Парламент өзінің заңнамалық құзыреттерін бір жылға дейінгі мерзімге Президентке бере алады, ал Президент белгілі бір мән-жайларда Парламентті таратуға құқылы. Президент ұлттық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды, жарлықтар шығарады, сондай-ақ заң күші бар жарлықтар шығара алады.




  1. Парламент Мәжіліс деп аталатын төменгі палатадан және Сенат деп аталатын жоғары палатадан тұратын екі палаталы заң шығарушы орган болып табылады. Парламент конституциялық заңдардың, заңдардың, Парламент қаулыларының, Сенат пен Мәжілістің жекелеген қаулыларының қабылдануы және Президенттің бастамасы бойынша конституциялық өзгерістердің қабылдануы үшін жауаптылықта болады. Парламент мемлекеттік бюджетті қабылдай алады және өзгерте алады, сондай-ақ ұлттық референдумға бастама көтере алады. Жекелеген отырыстарда Мәжіліс, одан соң Сенат халықаралық келісімдерді ратификациялайды және мемлекеттік қарыздар мен экономикалық көмектердің басқа да түрлері бойынша шешімдер қабылдайды. Сенаттың, атап айтқанда, Президенттің бастамасы бойынша Жоғарғы соттың Төрағасы мен судьяларын сайлайтын және жұмыстан босататын айрықша заңды құзыры бар. Мәжілістің, атап айтқанда, заңдардың жобаларын қарауға қабылдайтын және кезекті Президенттік сайлау туралы жариялайтын айрықша заңды құзыры бар.




  1. Үкіметті Премьер-Министр қалыптастырады және бақылайды. Үкімет Президент пен Парламентке есеп береді. Үкімет заңдардың жобаларын Мәжіліске ұсынады және қабылданғаннан кейін олардың іске асырылуы үшін жауапты болады. Үкімет қаулылар мен өкімдер нысанында заңға тәуелді актілер шығарады. Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының заңға тәуелді актілерінің қолданысының күшін Президент жоя алады. Егер жекелеген жағдайларда Үкіметтің құзыретін Президент тоқтатпаған жағдайда, Президенттің құзыретімен бірге аяқталады.




  1. Қазақстан өкілі ұлттық әлеуметтік-экономикалық саясатқа басшылық ету үшін жауаптылық Үкіметке жүктелетінін атап өтті. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және сауда саясатын Ұлттық экономика министрлігі әзірлейді және үйлестіреді. Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық және инвестициялық саясатты әзірлеу үшін жауапты негізгі мемлекеттік орган болып табылады.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстандағы мемлекеттік билік орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жүзеге асырылатынын атап өтті. Жергілікті мемлекеттік билікті Мәслихаттар деп аталатын өкілді органдар және Әкімдіктер деп аталатын атқарушы органдар жүзеге асырады. Әкімдіктер – бұл жергілікті атқарушы органдар. Оларды (і) жергілікті атқарушы органдарға жетекшілік ететін; (іі) тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін; және (ііі) орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық органдарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Әкімдер – Президент пен Үкіметтің өкілдері басқарады. Әкімдер жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын да атқарады және өздері басшылық ететін аумақтағы әлеуметтік және экономикалық даму үшін жауаптылықты көтереді. Бұдан әрі ол үкіметтің жергілікті жерлерде (і) өңірдегі экономикалық қатынастарды реттеу үшін ішінара дербестігі; (іі) өңірлік (жергілікті) әкімшілік жүйесі;
    (ііі) шаруашылық қызметті дамыту үшін шара қолдану бойынша өкілеттігі; (iv) концессиялық келісімшарттар жасасуға құқығы; (v) жергілікті бюджетті мониторингтеуге өкілеттігі және (vі) сыртқы сауда мәселелерін үйлестіру міндеттемесі бар екенін атап өтті.




  1. Жоғарыдағы бөлімнің (vi) тармағына қатысты Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан өкілінен, жергілікті әкімшілік органдардың Үкімет атынан сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру міндеттерін иелену мүмкіндігі және  сыртқы сауда қызметіне қатысты жобаларды ыңғайлау кезінде Үкіметпен кеңесу керектігі жайлы түсіндіруді сұраған болатын. Оған Қазақстандық өкіл, жергілікті билік органдарының сыртқы сауда мәселесіне қатысты ынта білдіруге заңды тұрғыда құқы жоқтығын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес тек қана Президент, немесе Парламент мүшелері мен Үкіметтің ғана заң шығару құқығы бар деп жауап берді. Жергілікті билік органдары Үкіметке заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ұсынуға құқылы, ал Үкімет өз кезегінде келіп түскен ұсыныстар негізінде нормативтік құқықтық акт жобасына бастамашылық ету құқығына ие. Жергілікті органдар, Үкіметтің атынан сыртқы сауда қызметін жетілдіру құзыретін иеленбейді. Алайда олар мемлекет (Президент, Үкімет және Парламент) белгілеген инвестициялық және қаржылық, ішкі, сыртқы  ұлттық саясатты ұстануы тиіс.




  1. ДСҰ қағидаларын жүзеге асыру мәселесіне орай орталық Үкімет пен жергілікті (аумақтық) билік органдары арасындағы қарым-қатынас жайлы Қазақстан  өкілі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы
    № 148-II Заңның 4-бабына сәйкес, мәслихаттар мен әкiмдіктер халықаралық келісімдермен бекітілген қазақстандық халықаралық міндеттемелермен немесе ұлттық саясатпен сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдауға құқылы емес. Атап айтқанда, жергілікті билік органдары ел аумағындағы еркін тауар айналымы мен көрсетілетін қызметтерге қиындық тудыратын салық салу және ережелерді енгізу сияқты мәселелерге өз еркімен шара қолдана алмайды. Халықаралық келісімдер шеңберінде негізделген
    (ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерді қоса алғанда) Қазақстандық міндеттемелерді жою жөніндегі Әкімдер мен Мәслихаттың шешімінің күшін Президент, Үкімет, Әкім ғана жоя алады, сондай-ақ сот рәсімі арқылы жарамсыз деп танылуы мүмкін. Сонымен қатар Бас прокуратура заңдардың және өзге де заңнамалық актілердің нақты және біркелкі қолданылуына үнемі бақылауды жүзеге асырады -деп түсінік берді.




  1. Сот билігі үш деңгейлі біртұтас сот жүйесі азаматтық, қылмыстық және өзге де заңнамалар шеңберінде жүзеге асырылады. Жоғарғы сот азаматтық, қылмыстық және өзге де істер үшін жоғары орган болып табылады. Ол сот тәжірибесіне қатысты мәселелерге түсіндірмелер ұсынып және заңнама аясында жалпы сот жүргізуге құқы бар соттардың құзырына бақылау жасаумен айналысады. Жоғарғы сот кімнің шешімі қабылданған сәттен бастап заңды күшіне енетін жағдайда сот алқабиі (бірінші инстанциядағы сот) ретінде де әрекет етуі мүмкін. Облыстық және аудандық соттар талап-арызды алған сәттен бастап екі айлық мерзімде жүзеге асуға тиісті істерді қарайтын алғашқы инстанциядағы соттар болып табылады. Аталмыш кезең азаматтық істің санатына байланысты өзгеруі мүмкін. Заңдардың немесе заңға сәйкес актілердің конституциялығы таласқа түскен жағдайда даулайтын Конституциялық Кеңесте қаралады.




  1. Бұдан әрі, ол «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылдың
    30 қаңтарындағы №155-II Кодекс ұйымдар мен азаматтардың, жеке тұлғалардың еркіндігі мен құқықтарын, заңды мүддесін қорғап, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатына ие екенін түсіндірді. Кодекс мемлекеттік билік белгілеген рәсімнің орындалуы және қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің бұзылмауы, қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығы, санитарлық жағдайға байланысты эпидемиологиялық жайлылығы мәселелерін қарастырады. Істерді сотта немесе өкілетті органда қарау 15 күн ішінде жүргізіледі (бір айға созу мүмкіндігімен). Соттың немесе уәкілетті органның қаулысын қайта қарауға арналған сұраныс соттың шешімі күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуы мүмкін; Өтініштің түсуі осы тұрғыдағы қаулыны орындалуын тоқтатады. Бас прокурор немесе оның орынбасарлары Жоғары сотқа заңды күші бар әкімшілік құқық бұзушылық туралы шешімнің заңдылығын және заңды дәлелдігін тексеруді өтінуі әбден мүмкін. Жоғарғы сот облыстық және аудандық соттар шығарған қаулыларды да қайта қарауға толық мүдделі.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері ДСҰ кіргеннен кейін ДСҰ Келісімі қазақстандық ұлттық заң шығару мәселелеріне басымдық жасамай ма, және алдағы уақытта ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелер мен ережелер заңдық негізде қалай бекітілетіні туралы сұрады. Жауап ретінде Қазақстан өкілі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан жағынан бекітілген халықаралық келісімдер ұлттық заң шығару мәселелеріне шығару мәселелеріне басымдық көрсететіні рас, және қазіргі ереже де Қазақстан республикасының ДСҰ кіру туралы хаттамасының шарттарында да қолданылады. Бекітілген халықаралық келісімдер халықаралық келісім күшіне енгенге дейін заң қабылдануы тиіс жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданысқа ие. ДСҰ келісімі күшіне енуі үшін Қазақстанға заң қабылдау қажет екені туралы өтінішке жауап ретінде Қазақстан өкілі мына жағдайда ғана заң қабылдауды қажет ететіндігін айтып өтті. Ол қолданыстағы (i) заңнамасы ДСҰ келісіміне сәйкес келмеген жағдайда және ДСҰ келісіміне сай өзгертілуі тиіс болғанда немесе ДСҰ келісімінің мазмұнындағы (ii) мәселесі қолданылып жүрген заңмен реттелмесе. Қазақстан өзінің заңдық үйлесімділігін Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру туралы хаттамасының міндеттеріне сай қамтамасыз етеді. Үкіметаралық келісімдер рәсімінің талабына сай Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін бекіту туралы заң жобасы Әділет министрлігінде ұсынылып, сонан соң үкіметтік келісім үшін Премьер-Министр кабинетіне жөнелтіліп, соңында екі палатаның қарауына Парламентке жіберіледі. Ағымдағы жоспарға сәйкес заң жобасы
    2015 жылдың бірінші жартысында қабылдануы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық келісімдері мен Қазақстан Республикасының хаттамасында көрсетілген міндеттемелер негізінде ДСҰ-ға мүшелікке өту аясында ешқандай қайшылықтар туындауы мүмкін емес деп атап көрсетілді.




  1. Сондай-ақ, Қазақстан өкілі ДСҰ келісімінің ережелері барлық өңірлерді қоса алғанда, салықты, тарифті реттеудің аса маңызды тәртіптері бекітілген, шекаралық сауда жүйесімен қамтылған, ерекше және қосалқы экономикалық аймақтар аумағында бірдей қолданылатынын түсіндірді.
    ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес, кез келген жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына немесе ЕАЭО құзыретті органдарына, Қазақстан Республикасында ДСҰ келісімді ережелерінің бірізді қолданылуы немесе қолданылмауы туралы мәліметтерді дереу хабарлау құқығына ие екенін де шегелеп айтты. Мұндай келеңсіздіктер туралы мағлұмат тез арада тиісті мемлекеттік органдардың құлағына жетіп, құқықтары мен мүдделеріне залал келтірілген тараптың сотқа жүгіну қажеттілігінсіз хабарланатын болады. Егер де әркелкі қолдану немесе қолданбау фактісі анықталатын болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары немесе ЕАЭО өкілетті органдары Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне және заңдарына сәйкес мәселені оңтайлы шешу шараларын қабылдайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына немесе ЕАЭО құзыретті органдарына хабар берген жеке немесе заңды тұлғаға қолданылған шаралар және шешімдер туралы жазбаша түрде хабарланатын болады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді де ескерусіз қалдырған жоқ.




  1. Қазақстан өкілі, ДСҰ-ның келісімімен реттелетін мәселелерге орай, Қазақстан Республикасы ДСҰ-ның 1994 жылғы сауда және тариф жөніндегі Бас келісімінің Х:3(b) бабы мен ДСҰ-ның зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша келісімі ережесінің талабына сай және ДСҰ-ның сауда қызметі жөніндегі Бас келісімімен шектеліп қалмастан ДСҰ-ның міндеттемелеріне сәйкес тиісті ережелерді қайта қарауға құқылы міндетін қосты деді. Жұмыс тобы бұл міндеттемелерді де қаперіне алатын болды.

–  Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасы арасындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық негіздері


(а)  Еуразиялық экономикалық одағын құрудың құқықтық негіздері


  1. Қазақстан өкілі 2014 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы (Қазақстан), Ресей Федерациясы (Ресей) және Белорусь Республикасы (Белорусь) Еуразиялық экономикалық Одақ туралы шартты (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) жасасқаны туралы хабардар етті. ЕАЭО туралы Келісім шартты ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық келісімдер және келісімде көзделгеніндей  жеке тұлғалар мен экономиканың келісілген немесе үйлестірілген саяси секторындағы капиталының, қызмет түрлерінің, тауардың еркін айналымын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық Одақты (бұдан әрі - ЕАЭО) құрды. ЕАЭО халықаралық құқық субъектілігі бар өңірлік экономикалық ықпалдастырудың халықаралық ұйымы ретінде құрылған болатын.  ЕАЭО туралы шарт «Еуразиялық экономикалық одақ туралы» шарттың күшіне енуіне байланысты Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық келісім шарттардың әрекет етуін тоқтату туралы хаттаманың» № 33 қосымшасында көзделген халықаралық келісімдерді өзімен алмастыруға жол ашып,  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО туралы шарт күшіне енген сәттен бастап бұл келісімдер пәрменін жоғалтатын болады.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың 7-бабына сәйкес, ЕАЭО мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ЕАЭО халықаралық қызметттерді жүзеге асыруға құқылы екендігін ұғындырды. ЕАЭО мұндай қызмет шеңберінде мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және халықаралық ықпалдастыру бірлестіктермен халықаралық ынтымақтастықты дербес жүзеге асыруға немесе мүше мемлекеттермен бірлесіп өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша олармен халықаралық шарттар жасасуға құқығы бар. ЕАЭО халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленеді. ЕАЭО үшінші тараппен халықаралық шарттар жасасу мәселелері ЕАЭО шеңберінде халықаралық шарт негізінде айқындалады.


(b) Еуразиялық экономикалық одақтың құрылымы және сауда саласындағы құзыреті


  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО шеңберінде халықаралық келісімдерді және ЕАЭО туралы шартты жүзеге асыруға мынадай органдар жауапты екендігін түсіндірді:

  • Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңес;

  • Еуразиялық үкіметаралық кеңес;

  • Еуразиялық экономикалық комиссия (Кеңес пен Алқалардан тұрады); және

  • Еуразиялық экономикалық одақ соты (бұдан әрі – ЕАЭО Соты)


(c) Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңес


  1. Қазақстан өкілі Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңес (бұдан әрі – Жоғары кеңес) ЕАЭО жоғары органы болып табылатынын ұғындырып, ол ЕАЭО туралы шартқа сәйкес мынадай міндеттерді жүзеге асырады:




  • ЕАЭО-ның келешегін қалыптастыру және дамыту, мақсатқа жету бағытын айқындап, ЕАЭО көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты шешім қабылдайды; 

  • Еуразиялық Экономикалық Комиссия (бұдан әрі – ЕЭК немесе Комиссия) құрамын бекітіп, Комиссия Алқасы мүшелері арасында міндеттерді реттеп және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдерді қабылдайды;

  • Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасын тағайындайды және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

  • Комиссияның рәсімдерін бекітеді;

  • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірінің ұсынысы бойынша Үкіметаралық кеңестің немесе Комиссияның шешімдерін қайта қарайды;

  • Мүше мемлекеттердің ұсынуы бойынша ЕАЭО Сотының судьяларын тағайындайды;

  • ЕАЭО Сотына сауалдармен жүгінеді;

  • ЕАЭО бюджетін, -ЕАЭО бюджеті туралы ережені және -ЕАЭО бюджетінің атқарылуы туралы есепті жүргізеді;

  • Үкіметаралық Еуразиялық Кеңестің немесе Комиссияның ұсынысы бойынша шешім қабылдау кезінде пәтуаға қол жеткізілмеген мәселелерді қарайды;

  • ЕАЭО жаңа мүшелерді қабылдау тәртібін қабылдайды;

  • бақылаушы немесе ЕАЭО-ға кіру мәртебесін беру немесе жою туралы шешім қабылдайды;

  • ЕАЭО халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

  • ЕАЭО атынан үшінші тараппен келіссөздер, оның ішінде олармен ЕАЭО халықаралық шарттарын жасасу және келіссөз жүргізу құқығын беру туралы, сондай-ақ ЕАЭО өзі үшін үшінші тараппен халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім білдіруі, халықаралық шартты тоқтата тұруы немесе одан шығуы туралы шешім шығарады;

  • ЕАЭО келісіміндегі және халықаралық шарттарда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пәтуалық нұсқаулар мен шешімдер қабылдайды.




  1. Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңестің отырысы мемлекет басшыларының деңгейінде өткізіледі. Мемлекет басшыларының кездесулері жылына кемінде 1 рет болады.


(d) Еуразиялық Үкіметаралық кеңес


  1. Еуразиялық Үкіметаралық Кеңес (бұдан әрі – Үкіметаралық кеңес) ЕАЭО мүше мемлекеттер Үкіметтерінің басшыларынан тұратын ЕАЭО органы болып табылады. Үкіметаралық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, кемінде жылына екі  рет өткізіледі.




  1. Үкіметаралық кеңес мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:



  • ЕАЭО туралы келісім шарттың орындалуын бақылауға және жүзеге асуын қадағалап, ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Жоғары кеңес шешімдерінің өміршеңдігін қамтамасыз етеді;

  • Комиссия Кеңесінің ұсынысы бойынша мәселелерді реттеп, Комиссия кеңесінде шешімін қабылдау кезінде пәтуаға қол жеткізілмеген мәселелерді қарайды;

  • Комиссияға тапсырмалар береді;

  • Жоғары Кеңеске Кеңес және Комиссия Алқасы мүшелерінің кандидатураларын ұсынады;

  • ЕАЭО бюджетінің жобасын мақұлдап, ЕАЭО бюджеті туралы ережені және ЕАЭО бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарастырады;

  • ЕАЭО-ның кез келген мүше мемлекетінің ұсынысы бойынша Комиссия қабылдаған шешімдердің күшін жоюға немесе  өзгерту енгізуге қатысты мәселелерді қарап, тиісті шешімге қол жеткізілмеген жағдайда Жоғары Кеңестің қарауына ұсына алады;

  • Кеңестің немесе Комиссия Алқасы шешімдерінің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;

  • ЕАЭО-ның Шартында және ЕАЭО-ның шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге өкілеттіктерді де жүзеге асырады. 

Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің шешімдері және өкімдері пәтуаға келумен  қабылданады.
(e) Еуразиялық экономикалық комиссия


  1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК немесе Комиссия) ЕАЭО тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады. Комиссия 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісім шартқа сәйкес құрылған және өз өкілеттіктерін ЕАЭО туралы шарт негізінде жүзеге асырады.




  1. Комиссия өзінің қызметін ЕАЭО туралы шартта көзделген, Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңестің шешімдерімен және ЕАЭО шарттық– құқықтық  базасын құрайтын халықаралық келісім шарттарында бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.




  1. Комиссия Кеңестен және Алқадан тұрады. Кеңеске Премьер-Министрдің орынбасары деңгейінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің әрқайсысынан бір өкілден кіреді. Кеңес шешімдері пәтуаға келу арқылы қабылданады және Алқаның кез келген шешімдерін өзгертуге немесе жоққа шығаруға құқылы. Алқа өкілдері тепе-теңдік қағидасы негізінде ЕАЭО мүше мемлекеттің бір өкілінен құралады. Алқа шешімді (Алқа мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің дауысымен) көпшіліктің басым дауысымен немесе пәтуаласу арқылы қабылдайды. Алқаның барлық мәселелері мен  шешімдері дауыс беру арқылы жүзеге асады.

  2. Кеңес пен Алқаның өкілеттіктері «ЕАЭО комиссиясы туралы» ережеде  және оған қоса берілген № 1 қосымшада айқындалған.


(f) Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі


  1. Еуразиялық Экономикалық комиссияның Кеңесі (бұдан әрі – Комиссия Кеңесі немесе ЕЭК Кеңесі) ЕАЭО біріктіру процестеріне жалпылама жетекшілік жасап, Комиссияның қызметіне сай мынадай өкілеттіктер мен міндеттерді жүзеге асырады: 




  • ЕАЭО нормативті-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

  • ЕАЭО ықпалдастыру шеңберінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды Жоғары Кеңестің бекітуіне ұсынады;

  • Комиссия Алқасы қабылдаған Комиссияның шешімдерін қайта қарау немесе өзгерістер енгізу  туралы мәселелерді қарайды;

  • ЕАЭО шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың орындалуын қадағалау және мониторинг туралы мәселелерін қарайды;

  • Комиссияның жұмысын ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асырады;

  • Комисия Алқасына тапсырмалар береді;

  • Негізгі және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



(g) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы


  1. Еуразиялық Экономикалық Комиссияның Алқасы (бұдан әрі – Комиссия Алқасы немесе ЕЭК Алқасы) Комиссияның атқарушы органы болып табылады. Комиссияның Алқасы мынадай міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:




  • Ықпалдастырудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және өңдеуді қосқанда, ЕАЭО алдағы даму жүйесіне сай ЕАЭО мүше мемлекеттерден түскен ұсыныстарды жинап әрі өндіруді іске асырады;

  • шешімдері және өкімдер, ұсынымдар қабылдайды;

  • Комиссия Кеңесі қабылдаған шешімдерді және Үкіметаралық Кеңес пен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қабылдаған шешімдер мен өкімдерді орындайды;

  • ЕАЭО шартық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың орындалуына  қадағалап және мониторинг жасауды жүзеге асырып, Комиссияның шешімдерін орындап және оларды имплементациялау қажеттілігі туралы мүше мемлекеттерге хабарлайды;

  • өзінің жұмысы туралы Комиссияның кеңесінде есеп береді;

  • ЕАЭО қалыптасуына және жұмыс жасауына, дамуына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

  • Мүше мемлекеттердің Комиссияға келіп түскен ұсыныстарына қатысты сараптамалық қорытындыларды дайындайды;

  • ЕАЭО сотын қосқанда, сооттық инстанцияларда Комиссияның мүддесін білдіруді қамтамасыз етеді;

  • өзінің өкілеттігі шегінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынас жасауды жүзеге асырады;

  • Комиссияға келіп түскен сұрау салуларды қарайды;

  • Комиссия Кеңесімен қабылданған Комиссияның шешімдерін және халықаралық келісім шарттардың жобаларын, сондай-ақ Комиссияның өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды әзірлейді;

  • Комиссия Кеңесінің, Үкіметаралық кеңестің Жоғары Кеңестің және көмекші органдардың отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді;

  • Комиссия Алқасының жанынан консультациялық органдар құрады; және

  • Комиссияның жұмысын ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асырады.




  1. Жұмыс тобының бір мүшесі «халықаралық келісімдерді қорытындылау жөніндегі келіссөздерді жүргізуге Еуразиялық Экономикалық Комиссияның өкілеттігі бар ма және бар болса, оған кім қол қоюға өкілетті» - деп Қазақстан өкіліне сауал қойды. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ЕАЭО үшін үшінші тараппен халықаралық келісімдердің міндеттілігіне байланысты халықаралық келісімдер жүргізу өкілеттілігін бөліп беру және ойын нақты білдіру туралы шешім қабылдап, осы тұрғыдағы келісімдерден шығу не тоқтату мәселесін де қарастыра алады. Мұндай өкілеттіліктен қалыс қалмау жайы әр келісім негізінде жеке-жеке қабылданады.




  1. ЕЭК Алқасына есепті ретінде құрылған сауда жүйесіндегі әкімшілік өкілетті органдар, комитеттер және комиссиялар ветеринариялық, санитариялық, фитосанитариялық шараларда, саудадағы техникалық кедергілер мен басқа да жүйелерде Қазақстанның уәкілетті органдарымен өзара қарым-қатынас жасауы қандай әдістермен жүзеге асырылатынын түсіндіруді сұрады. Бұл сауалға Қазақстандық өкіл, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары фитосанитариялық және санитарлық, ветеринарлық, техникалық реттеу жүйелеріндегі шараларға байланысты сол кездегі Кеден Одағының келісімі, одан әрі ЕАЭО келісімі туралы ЕАЭО келісіміне орай бекітілген арнайы тетіктер мен тиісті ережелерге сай жобаны әзірлеуге белсене қатысты деп түсініктеме берді. Атап айтқанда, ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, техникалық кедергілер жөніндегі Консультативтік комитеті, ЕАЭО қатысушы-мемлекеттердің өкілдіктері арасында кеңес беруді жүргізу үшін алаңдарды ұсынатын арнайы Консультативтік орган болып табылады. Консультативтік комитет шеңберінде Қазақстанның  тиісті мемлекеттік органдары ЕАЭО заңдылық актілеріне сараптама жүргізіп, техникалық регламентті қоса алғанда, фитосанитариялық және санитарлық, техникалық реттеу саласына қатысты жобалар тәртібі ұсыныстарын жүзеге асыруға қатысады. 



  1. Атап айтқанда, қарастырылған тәртіпке сәйкес, ЕАЭО техникалық регламенті ЕАЭО мүше мемлекеттерінің шешімімен әзірленеді. Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге жауапты мүше мемлекет техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды анықтайды. Мемлекеттік орган ЕАЭО мүше мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, техникалық регламенттің жобасын дайындайды. 




  1. Жалпы ТБТ мен СФС шараларына қатысты ЕАЭО-ның нормативтік-құқықтық актілерінің барлығы Комиссия қабылдағанға дейін тиісті ұлттық органдарда қаралып, мақұлдануы тиіс.




  1. Өзге салаларға қатысты, ЕАЭО туралы шарттың «Еуразиялық Экономикалық Комиссия туралы ережесінің» № 1 қосымшасының
    44-тармағына сәйкес Алқа консультативтік органдарды құруға құқылы. Қазіргі таңда мынадай консультативтік комитеттер құрылған:




  • Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитет;

  • Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитет;

  • Сауда жөніндегі консультативтік комитет;

  • Техникалық реттеу, ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі консультативтік комитет;

  • Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі консультативтік комитет;

  • Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет;

  • Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитет;

  • Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитет;

  • Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет;

  • Ауыл шаруашылығы секторы жөніндегі консультативтік комитет;

  • Статистика жөніндегі консультативтік комитет;

  • Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет;

  • Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитет;

  • Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитет;

  • Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет.

Консультативтік комитеттер Алқа үшін ұсыныстар дайындайды, келісімдер мен қағидалардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлейді. Консультативтік комитеттер ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің мемлекеттік органдарының өкілдерінен және тәуелсіз сарапшылардан тұрады. Әрбір комитеттің төрағасы мен хатшысы ЕЭК өкілдері болып табылады. Осылайша, мүше мемлекеттер өздерінің өкілдері арқылы ЕЭК-тің шешімдер қабылдау процесіне қатысады.




  1. ЕАЭО шеңберінде «мемлекеттік сатып алуды» жүзеге асырудың бірыңғай режимі ЕЭК шеңберінде қолданыла ма деген сұраққа Қазақстан өкілі «БЭК-тің Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімі шеңберінде басқа да мүше мемлекеттер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап өзара түсіністік негізінде мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысқан кезде ұлттық режимді ұсынуға кепілдік берілген. Осы режим ЕАЭО туралы шарттың «Мемлекеттік сатып алу» деген XXII бөліміне және «Сатып алуды реттеудің тәртібі туралы хаттама» деген № 25 қосымшасына сәйкес өз қолданысын сақтайды деп жауап берді.




  1. ЕЭК-тің «қызмет көрсетулермен өзара сауда және инвестициялар» саласындағы құзыретіне қатысты, Қазақстан өкілі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қызмет көрсетулермен сауда және инвестициялар ЕАЭО туралы шарттың «Қызмет көрсетулермен сауда, құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру» деген XV бөлімімен және «Қызмет көрсетулермен сауда, құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттама» деген № 16 қосымшасымен реттеледі. Осы ережелердің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қызмет көрсетулермен сауданы ырықтандыруға жағдай жасау, ЕАЭО шеңберінде қызмет көрсетулермен өзара сауданың ортақ қағидаттары мен қағидаларын құру және қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру болып табылады. Бұл ережелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы қызмет көрсетулермен сауданы және инвестицияларды реттемейді және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында немесе үшінші елдермен қызмет көрсетулерді және инвестицияларды реттеу жөніндегі құзыретті ЕЭК-ке бермейді деп жауап берді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан өкілінен шекаралық бақылаудан басқа, зияткерлік меншік саласында ЕЭК-тің қандай құзыреті бар екенін түсіндіріп беруді сұрады. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шартқа сәйкес
    ЕЭК-тің ЕАЭО туралы шарт ережелерінің орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар. ЕАЭО туралы шарт авторлық құқықтарды, тауар таңбаларын және патенттерді реттеудің жалпы қағидаттарын ЕАЭО шеңберінде айқындайды. Бүгінгі таңда ЕЭК-ке шекаралық бақылауды қоспағанда, зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі қандай да бір өкілеттіктер берілмеген деп жауап берді.




  1. ЕЭК-тің еңбек көші-қоны саласындағы, сондай-ақ қаржылық нарықтар саласындағы (банк саласы, сақтандыру саласы, валюталық нарық, құнды қағаздар нарығы) құзыретін түсіндіру туралы сауалға жауап ретінде Қазақстан өкілі тиісті ережелерді ЕАЭО туралы шарттың «Еңбек көші қоны» деген XXVI бөлімінен табуға болады. ЕАЭО туралы шарт ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын еңбеккерлердің еңбек қызметіне және оларды әлеуметтік қорғауға (медициналық қызмет көрсету және әлеуметік сақтандыру) қатысты рәсімдерді реттейді. ЕЭК ЕАЭО туралы шарттың ережелерін имплементациялауды жалпы бақылауға жауапты болып табылады. Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитет ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмыспен қамту бөлігінде унификацияланған құқықтық режимді құру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және бірыңғай көші-қон саясатын жүзеге асыру үшін құқықтық базаны қалыптастыру мақсатында құрылды деп жауап берді.




  1. ЕЭК-тің «қаржылық нарықтарды (банк саласы, сақтандыру саласы, валюталық нарық, құнды қағаздар нарығы)» реттеу бөлігіндегі құзыретіне қатысты Қазақстан өкілі тиісті ережелерді ЕАЭО туралы шарттың «Валюталық саясат» деген XIV бөлімінен және «Келісілген валюталық саясатты жүргізуге бағытталған шаралар туралы» деген № 15 қосымшасынан табуға болады. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Комиссияға ЕАЭО-ның фискалдық және валюталық саясаты саласында шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктер берілмеген. Осы саладағы саясатқа қатысты шешімдерді ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ұлттық деңгейде қабылдайды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер айырбастау бағамына қатысты үйлестірілген саясатты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері басшыларынан тұратын жеке органды құру арқылы жүзеге асыратын боламыз деп уағдаласты. ЕАЭО туралы шарттың 103-бабында мұндай органның 2025 жылы құрылатындығы көзделген деп жауап берді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет