ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет59/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78







ІII.ТРАНСПАРЕНТТІЛІК

- Саудаға қатысты ақпаратты жариялау


1138.Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстан 1994 жылғы ГАТТ-тың Х бабының қолданысын қамтамасыз ету мен ДСҰ келісімдеріндегі транспареттілік бойынша басқа ережелердің қамтамасы ету мақсатында қандай шараларды қабылдайтынын айтуды, сондай-ақ, бұл шаралар ДСҰ-ға кіргеннен кейін де қолданылатынын растауды өтінді. Қазақстан Республикасының заңдары, жарлықтары, бұйрықтары, хаттары және т.б. жалпыға бірдей қолданылатын басқа да шаралары ГАТС пен ТРИПС бойынша ДСҰ келісімін қоса алғанда, 1994 жылғы ГАТТ-тың Х бабының талаптары мен ДСҰ-ның басқа келісімдеріндегі ашықтық бойынша ережелерді сақтау үшін жариялануға иқатысты жағдайда, түсінік беру өте-мөте қажет. ЕАЭО тараптары мен құзырлы органдары саудаға байланысты халықаралық шарттарды, шешімдер мен басқа да шараларды қабылдайтын болғандықтан, мүшелер, сондай-ақ ЕАЭО құзыретіне кіретін мәселелері бойынша ДСҰ келісімінің нормаларына сәйкес ашықтық бойынша ережелерді ЕАЭО мүше мемлекеттері мен ЕАЭОқұзыретті органдары сақтайтынын растауды өтінді.

1139.Кейбір мүшелер Кеден одағының құқықтық актілері мен шешімдеріне қол жеткізу сауда жасайтын тұлғаларға маңызды болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты мүшелер 2010 жылдың 1 шілдесінен Кеден одағының жұмыс істеуі басталсымен, және де қазір 2015 жылдың 1 қаңтарынан ЕАЭО күшіне енген соң, тұтастай алғанда, ЕАЭО-пен және ЕАЭО мүшесі ретіндегі Қазақстан Республикасымен сауданы қозғайтын келісімдер, шешімдер және басқа шаралар мүшелер мен суданы жүзеге асыратын тұлғалар үшін де елеулі болатынын айтты. Бұл мүшелер осы келісімдер, шешімдері мен тағы басқа шаралар қашан және қайда жарияланып, саудамен айналысатын тұлғалар мен мүшелерге қол жетімді болатыны туралы ақпаратты сұрады.


1140.Қазақстан өкілі 1995 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясының 4- бабына сәйкес, Қазақстан қол қойған барлық заңдар мен халықаралық шарттар жаряланады деп жауап қатты.
1141. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілері туралы» № 213-І Заңы нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауы мен кейінгі ресми жарияланымын қарастырады. Азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттеіне қатысты нормативтік құқықтық актілер (мемлекеттік құпия туралы деректері мен заңмен қорғалатын құпия ақпараты бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда) ресми мерзімді басылымдарда жарияланады. Атап айтқанда, заңдар ҚР Парламенті жаршысында, Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары ҚР актілері жинақтарында, орталық орындаушы және басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері орталық орындаушы және ҚР басқа да орталық мемлекеттік органдарының Актілер жинақтарында жарияланады. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» мерзімдік басылымдарында да жүзеге асады. Мәслихаттар пен Әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады. Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің кейінгі ресми жариялауы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің онда жарияланатын мәтіндеріне сәйкестендіру үшін сараптама өту шартымен баспа басылымдары жүзеге асады. Тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі: www.minjust.kz. сайтында жарияланады.
1142.«Нормативтік құқықтық актілері туралы»1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңға сәйкес, жаңа нормативтік құқықтық актілерінің өңдеуі кезінде оның жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі. Жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберер алдында интернетті қоса алғанда, БАҚ-та міндетті жариялауға (таратылуға) жатады. Жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер бойынша, сондай-ақ аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің келісуі талап етіледі. Әзірлеуші орган сараптама кеңестері арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобасын аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктеріне жібереді, олар жобаны қарап, сараптама қорытындысын 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде береді. Егер қорытынды беру үшін қосымша уақыт керек болған жағдайда, бірлестіктің жазбаша өтініші бойынша 10 жұмыс күндік мерзімге ұзарту мүмкіндігі бар. Мемлекеттік . әзірлеуші орган сараптамалық нәтижені алғаннан кейін осы сараптама нәтижесіне сәйкес нормативтік құқықтық акті жобасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. Келіспеген жағдайда – мемлекеттік орган бірлестікке сараптама нәтижесімен келіспеушілік себебін негіздеп, дәлелді жауап жібереді. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі қажет болса, сараптама кеңесін өткізуді сұратуға құқылы. Әрі қарай нормативтік құқықтық акті жобасы сараптама нәтижесімен немесе көрсетілген нәтижемен келіспеу себебін дәлелдеумен мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі. Мемлекеттік әзірлеуші орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған соң өз ресми сайтында сараптама кеңесі мүшелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптары мен сараптама кеңесінің отырысында шығарған қолданыстағы әр нормативтік құқықтық акті бойынша хаттамалар мен сараптама нәтижелерін сақтайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізу мерзімі олардың қызметті жүзеге асыруына дайындығына қажет мерзімін негізге ала отырып белгіленуге тиіс. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу әртібі мен мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектісіне нұқсан келтірмеуі керек. Сонымен қатар, білікті талаптар, қызмет түрлерін лицензиялау ережелері мен импорты және экспорты лицензиялауға жататын жеке тауарлар тізбелері бекітілетін нормативтік құқықтық актілер бұл актілер ресми жарияланғаннан кейін 21 күндік мерзім өтпей қолданысқа енгізілмейді.
1143. Қазақстан өкілі ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық келісімдер, ЕАЭО-ның үшінші мемлекеттермен халықаралық келісімдері және ЕАЭО органдарының шешімдері (www.eurasiancomission.org) веб-сайтында жарияланады. Шешімдер көрсетілген веб-сайтта оларды қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жарияланады. Өкіл, сондай-ақ, Комиссияның арнайы веб-сайты барын және бұл веб-сайттағы шаралар жариялау күні шараның күшіне ену күнін белгілеу үшін ресми күн болып табылатынын атап көрсетті. Жалпы ереже ретінде, міндетті сипаттағы Комиссияның шешімі Комиссияның веб-сайтында жарияланған күнінен кемі 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді. Дереу реакция талап ететін ерекше жағдайларда қабылданатын Комиссия шешімінің күшіне ену мерзімі басқаша болуы мүмкін, бірақ ресми жарияланудан кейін 10 күнтізбелік күннен ерте емес. Жеке және заңды тұлғалардың жағдайын жақсартатын Комиссия шешімдері кері күшке ие болуы мүмкін және күшіне ену мерзімі басқаша болуы мүмкін, алайда ресми жариялаудан кейін 10 күнтізбелік күннен ерте емес. Өкіл сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Комиссияның веб-сайтында жариялау күнінің негізінде оның шешімінің күшіне ену күнінен бастап арнайы ұлттық ресми басылымдарда Комиссияның барлық шешімдерін жариялауға міндетті екенін айтты.
1144. Жекелеген мүшелер ЕАЭО шарттары мен шешімдері қатысушылардың ЕАЭО құзыретті органдарымен консультациялар өткізуіне немесе ДСҰ ережелерін қоса алғанда,саудаға қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер алуға мүмкіндік бермейтініне алаңдаушылық білдірді. Ал бұл мәселелер бойынша мүшелер шаралар жобасын беру, мүшелерден түсіндірмелер қабылдау, ескертпелер бойынша кеңесу және мұндай түсініктер мен ескертпелерді қаперге алу алуға тиіс болмақ. Бұл мүшелер Қазақстан Республикасына заң жобасы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, сонымен қатар егер қабылданса, қабылдауға дейін оларды түсіндіре алатын ЕАЭО мүшелерін қоса алғанда, мүдделі тұлғаларға қол жетімді нормативтік құқықтық актілері мәртебесін алатын ЕАЭО мүшелеріне ұсынылатын бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы сұрау салды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО құзыретті органдары өздерінің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты ДСҰ келісімінің ашықтық талаптарына бағынуға тиіс
1145.Қазақстан өкілі «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес шаралар туралы хаттама» атты ЕАЭО шартының №7 қосымшасындағы ІІ бөліміне сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұйымдары немесе жеке кәсіпкерліктері тарифтік емес шараларды енгізу, жүзеге асыру және жою туралы, үшінші елдермен тауар саудасы туралы шешімдер жобасын әзірлеу бойынша ресімдер үшін қарастырылған өз ескертулерін бере алады, деді. ЕАЭО туралы шарттың №7 қосымшасының 6-тармағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің әрекеттерін жүзеге асыратын шетел қатысушылары тарифтік емес шараларды енгізу, жүзеге асыру және жою туралы, үшінші елдермен тауар саудасы туралы шешімдер жобасын әзірлеу бойынша ресімдер үшін қарастырылған енгізу, жүзеге асыру және жою туралы, үшінші елдермен тауар саудасы туралы жоба шешімдерін әзірлеу бойынша рәсімдер шеңберінде қарастырылғанындай өз ескертпелерін бере алатынын белгілейді. Шараларды енгізу немесе жою бойынша ұсыныстар енгізу тәртібін Комиссия белгілеген. Сонамен қатар, ЕАЭО-ға мүше мемлекет консультация үшін ұсынылған үшінші елмен халықаралық шарт жасасқан жағдайда, бұл елдің үкіметі, ұйымдары мен кәсіпкерлері тиісті шарттың талаптарына сай шараға қатысты өз пікірлерін бере алады.
1146. Қазақстанның өкілі, ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Қазақстан Республикасында немесе ЕАЭО құзетті органдары қабылдаған немесе шығарған тауарға, қызмет көрсетулер саудасына, зияткерлік меншік құқықтарына қатысты барлық заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарлықтар, және жалпы сипаттағы әкімшілік нұсқаулар ДСҰ келісімнің, соның ішінде 1994 жылғы Тарифтер мен сауда бойынша ДСҰ Бас келісімнің Х бабының, Қызмет көрсетулер саудасы бойынша ДСҰ Бас келісімнің және және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша ДСҰ келісімінің талаптарына сәйкес келетін түрде, дереу дереу жариялануға жататынын растады.Қазақстан өкілі ДСҰ-ға енген күннен бастап Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО құзырлы органдары жүйелі негізде шаралар туралы ақпараты бар веб-сайттарды қоса алғанда, қоғамдық қолжетімді дереккөздерді жаңартуды және оларды ДСҰ мүшелеріне, жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді етуді жүзеге асыратынын растады. Мұндай ережелер олардың қолданысы мерзімі ішінде немесе ол мерзімдер аяқталған соң да ақылға қонымды мерзім ішінде қол жетімді болады.Өкіл, Қазақстан Республикасы мұндай басылымдардың мазмұнын Қазақстан Республикасы Парламентінің хабаршысына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкімет актілерінің жинағына, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік орталық органдарының актілер жиынтығы сияқты басылымдарға орналастыруға ниетті деп қосты. Нормативті-құқықтық актілерінің ресми жариялануы, сондай-ақ, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» сияқты мерзімдік басылымдарда, сонымен қатар веб-сайттарда жүзеге асырылып, әрдайым жаңартылып отырады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.
1147. Қазақстан өкілі, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздікке қатысты төтенше жағдайларды, ақша-кредиттік саясатты реттейтін нақты шаралар, құқық қорғау органдарына кедергі жасайтын немесе басқаша жолмен қоғамдық мүдделерге қайшы келетін немесе жекелеген, мемлекеттік немсе жеке кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне зиян келтіретін шаралардың жариялауын қоспағанда, Қазақстан тауарлар, қызметтер және зияткерлік меншік құқықтарына қатысты немесе тиісті барлық заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды, шешімдер мен жалпы сипаттағы әкімішілік өкімдерді олар күшіне енуіне дейін жариялайды және аталған ереже толықтай әзірленіп және ЕАЭО-ның құзыретті органдарына жіберілгенге дейін мүшелер мен мүдделі тұлғалар жауапты органдарға өзінің түсіндірмелерін жіберуі үшін ақылға қонымды уақыт аралығын, әдетте 30 күннен кем емес, уақыт беретінін растады. ЕАЭО-ның органы ЕАЭО-ның құқықтық актілерін, соның ішінде осы тармақтың жоғарғы сөйлемінде көрсетілгендерге сәйкес шешімдер және ЕАЭО-ның басқа ережелерін ұсынуға және қабылдауға жауапты болған жағдайда, ЕАЭО-ның құзыретті органы оларың күшіне енуіне дейін жариялайды және мүшелер және мүдделі тұлғаларға ЕАЭО-ның құзыретті органына өздерінің ескертпелерін беру үшін қажетті уақыт береді.Қазақстанға немесе ЕАЭО құзыретті органдарына жіберілген, түсініктемелерге берілген мерзім ішінде түскен кез келген ескертпелер назарға алынады. Жұмыс тобы осы міндеттемені де ескерді.
1148.Қазақстанның өкілі, ДСҰ-ға кірген күнінен бастап Қазақстан Республикасында немесе ЕАЭО құзыретті органдары қабылдаған немесе шығарған тауар және қызмет көрсетулер саудасына, зияткерлік меншік құқықтарына қатысты ешбір заң, қаулы, бұйрық,шешім немесе жалпы сипаттағы әкімшілік қаулылар ДСҰ келісімнің, соның ішінде 1994 жылғы Тарифтер мен сауда бойынша ДСҰ Бас келісімнің, Қызмет көрсетулер саудасы бойынша ДСҰ Бас келісімнің және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша ДСҰ келісімінің тиісті ережелерінде көзделгендей, жарияланғанға дейін күшіне енбейтінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет